14
март
2025
Көрісу күні - Амал мерекесі - Наурыздың жаршысы

Амал мерекесі – «Көрісу күні» – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі мерекелерінің бірі. Бұл күн – адамдар бұрынғы өкпе-реніштерін кешіріп, таза көңілмен бір-біріне жылы лебіздерін білдіре отырып, жаңа жылды ақ жарқын көңілмен қарсы алатын ерекше сәт.
Осындай ұлы күнді дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында, мектебімізде ата-аналармен бірлесе отырып, «Көрісу – ынтымақ, берекенің бастауы» атты іс-шара ұйымдастырылды. Ата-әжелеріміздің ақ батасымен басталған іс-шарада ұстаздар да, оқушылар да бір-бірімен жаппай көрісіп, ұлттық құндылықтар дәріптелді. Мереке соңында оқушыларымызға ұстаздардың атынан тәттілер үлестірілді.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында баршаңызға молшылық, бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз!