Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Төрлет, Ұлыстың күні – әз-Наурыз!
21
март
2025
Төрлет, Ұлыстың күні – әз-Наурыз!
Төрлет, Ұлыстың күні – әз-Наурыз! Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Жаңа жылда ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын! ВИДЕО
20 Наурыз - Ұлттық ойындар күні
20
март
2025
20 Наурыз - Ұлттық ойындар күні
20 Наурыз - Ұлттық ойындар күні🎯 Наурызнама декадасы бойынша мектебімізде ұлттық ойындар ойналып дәріптелді ВИДЕО
“Архитектура, дизайн және инженерия колледжінің” ұйымдастыруымен өткізілген ашық есік күні
19
март
2025
“Архитектура, дизайн және инженерия колледжінің” ұйымдастыруымен
19.03.2025 ж “201 мектеп - гимназия” КММ 9сынып оқушылары ҚМҚК “Архитектура, дизайн және инженерия колледжінің” ұйымдастыруымен өткізілген ашық есік күніне қатысты. Мақсаты: оқушылардың мамандық таңдауына өз үлестерін қосып оқушыларға мамандықтар туралы толығырақ таныстырды. ВИДЕО
19 наурыз - Жаңару күні
19
март
2025
19 наурыз - Жаңару күні
Наурызнама 19 наурыз - Жаңару күні Наурызнаманың алтыншы күні - жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Жаңару күні табиғатпен үндестікте өтеді. Дәл осы күні жаппай ағаш отырғызу дәстүрі қалыптасқан. Бұл - табиғаттың түлеп, еліміздің жаңаруын және гүлденуін бейнелейтін ерекше символ. ВИДЕО
«ProEco» экологиялық жобалар байқауының аудандық кезеңі
19
март
2025
«ProEco» экологиялық жобалар байқауының аудандық кезеңі
Алматы қаласы, Алатау ауданы бойынша өткен «ProEco» экологиялық жобалар байқауының аудандық кезеңінде “Туған өлке табиғаты” бағыты бойынша 6 “Ә” сынып оқушысы Ғаниқызы Жібек жүлделі ІІ орынға ие болды! 🎉👏 🌱 Жоба тақырыбы: “Арша өсімдігінің пайдасы, мектеп ауласын көгалдандыру және оны қорғау”. 💻 Жібек виртуалды экскурсия жасайтын сайт әзірлеп, өз жобасын жоғары деңгейде қорғап шықты! 🔹 Жоба жетекшісі: Қырғызбай Назерке
Асханадағы бір күн
18
март
2025
Асханадағы бір күн
Мектеп-гимназиямызда 4-сынып оқушылары мектеп асханасында өз-өздеріне қызмет көрсетіп, жауапкершілік пен ұқыптылық дағдыларын көрсетті. Тамақ алу, ретпен жүру, тазалық сақтау – әрқайсысы үшін маңызды тәжірибе болды. Бұл дағды – тек мектепте ғана емес, өмірде де аса маңызды. Балалар өздігінен әрекет ету арқылы жауапкершілік пен тәртіпті үйренеді. Өз күшіне сенетін, еңбекқор, тәртіпті оқушыларымызды мақтан тұтамыз! ВИДЕО
18 наурыз - Ұлттық киім күні
18
март
2025
18 наурыз - Ұлттық киім күні
⚜️18 наурыз - Ұлттық киім күні Бүгін - ата-бабамыздан мирас болған ұлттық киімдерімізді дәріптейтін күн. Әрбір тігісі, оюы мен өрнегі терең мағынаға ие, ал матасы мен пішіні халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрінен сыр шертеді.; Сәні мен мәні жарасқан ұлттық киімімізді насихаттайық, киіп жүрейік, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайық! ВИДЕО
17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
17
март
2025
17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні⚜️ ВИДЕО
«Білім берудегі жаңа толқын: Жас маман және инновациялық даму» онкүндігінің жабылуы
17
март
2025
«Білім берудегі жаңа толқын: Жас маман және инновациялық даму»
«Білім берудегі жаңа толқын: Жас маман және инновациялық даму» онкүндігінің жабылуы ✨📚 Бүгін білім мен жаңашылдыққа толы онкүндіктің соңғы күні! 🔥 Жас мамандардың креативті идеялары мен инновациялық бастамалары білім беру саласының дамуына тың серпін берді. 🔹 Жаңа әдістер 🔹 Қызықты шеберлік сабақтары 🔹 Тәжірибе алмасу 🔹 Креативті жобалар Сайыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды! 🏆🎉 Жас мамандар – білім болашағының басты қозғаушы күші! ВИДЕО
“Мәшһүр Жүсіп оқуларының” аудандық кезеңінен жетістіктер
15
март
2025
“Мәшһүр Жүсіп оқуларының” аудандық кезеңінен жетістіктер
Республикалық “Мәшһүр Жүсіп оқуларының” аудандық кезеңінде І бағыт: «Алдыма өлең жаз деп кағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» - акындар мүшайрасында 10б сынып оқушысы Байтөре Азпмат I орынды иеленіп,қалалвқ кезеңіне жолдама алды. IV бағыт :Мәшһүр Жүсіптің фольклорлық мұрасы бағытында 8 б сынып оқушысы Бағдаи Амина III орынды иелінді. Жетекшілері: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бактыбаева Д.А