Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздары
15
декабрь
2025
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығы 2025 жылдың 13-14 желтоқсан күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңін өткізді. №201 мектеп-гимназиясынан қалалық кезеңде плагиаттан және сараптамадан өткен 18 жұмыс сәтті қорғалып, төмендегідей нәтиже көрсетті: 1. Төрехан Әлішер (10 Ә сынып), Төрехан Іңкәр (10 А сынып) – 1 орын (өлкетану секциясы, топтық жұмыс); Жетекшісі: М.Бүрлібаева 2. ⁠ Сейсебек Ерсін (10 «Б» сынып) – 2 орын
2–7 сыныптар арасындағы аудандық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
12
декабрь
2025
2–7 сыныптар арасындағы аудандық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының
Жас ғалымдар жетістігі! Мектебімізде 2–7 сыныптар арасындағы аудандық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 🔬 Оқушылар өз зерттеулері арқылы ғылымға деген қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. 🏅 Жеңімпаздар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталып, мақтанышқа айналды. 📚 Ғылымға деген алғашқы қадам — үлкен болашақтың бастауы! https://www.instagram.com/reel/DSKHPQeiE9T/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Білім әлеміндегі жаңа есімдер” атты жас мамандар апталығына орай ағылшын тілі пәні мұғалімдері оқушылармен көңілді үзіліс ұйымдастырды
12
декабрь
2025
“Білім әлеміндегі жаңа есімдер” атты жас мамандар апталығына орай
​https://www.instagram.com/reel/DSKCp0yCCoL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​2025 жылдың 12 желтоқсан күні “Білім әлеміндегі жаңа есімдер” атты жас мамандар апталығына орай ағылшын тілі пәні мұғалімдері оқушылармен көңілді үзіліс ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың белсенділігін арттыру, сергіту, жағымды эмоция қалыптастыру және оқу үдерісіне ынтасын күшейту болды. Үзіліс барысында оқушылар белсенді ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл күйде демалды.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай оқушылар арнайы сурет көрмесіне қатысып, өздерінің еліне, жеріне деген жүрекжарды сүйіспеншілігін бейнелеу арқылы жеткізді.
12
декабрь
2025
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай оқушылар арнайы сурет
№201 мектеп-гимназиясы 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай оқушылар арнайы сурет көрмесіне қатысып, өздерінің еліне, жеріне деген жүрекжарды сүйіспеншілігін бейнелеу арқылы жеткізді. 🖼️ Әр оқушының жұмысы – Отанға деген мақтаныштың, еркіндіктің, бірліктің символы. ✨ Бояулар арқылы туған елінің тарихын, болашағына деген сенімін суреттеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. 🇰🇿 Бұл көрме – жас ұрпақтың патриоттық рухын нығайтып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейтін маңызды шара болды.
«Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиыны өтті.
10
декабрь
2025
«Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына
Тәуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 34 жылдығына орай мектебімізде «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиыны өтті. 🎉 Іс-шара аясында: 🔹 «Жас Ұлан» қатарына 5-сыныптың 48 үздік оқушысы, 🔹 «Жас Қыран» құрамына 3-сыныптың 58 үздік оқушысы қабылданды. 🫡 Оқушылардың атынан салтанатты ант қабылдау құқығы 5 “Ә” сыныбының озат, қоғамдық белсенді оқушысы — Жапарқұл Ақеркеге берілді. 🌟 Болашағымыз жарқын, еліміз тұғырлы
Республикалық референдум: түсіндіру жұмыстары
08
декабрь
2025
Республикалық референдум: түсіндіру жұмыстары
Республикалық референдум: түсіндіру жұмыстары Бүгін мектептің Өзін-өзі басқару ұйымының белсенді оқушылары сынып сағаттарына кіріп, республикалық референдумның маңызы мен мақсатын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 🔹 Оқушыларға референдумның еліміздің дамуындағы рөлі, азаматтық жауапкершілік және болашаққа ықпалы жөнінде ақпарат берілді. 🔹 Тыңдаушылар өз сауалдарын қойып, пікір білдіріп, ашық диалог форматында әңгіме жүргізілді. Бұл жұмыс – жас ұрпақтың саналы азамат, ел болашағына бейжай
6 сынып оқушыларымен “Достық және мен” тақырыбында тренинг
03
декабрь
2025
6 сынып оқушыларымен “Достық және мен” тақырыбында тренинг
“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” науқаны аясында 6 сынып оқушыларымен “Достық және мен” тақырыбында тренинг жүргізілді. 💛Тренинг мақсаты: Оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту,бір-біріне сыйластық танытуға үйрету. #dosbollike #досболайықакциясы ​https://www.instagram.com/reel/DRy_7b2jFh4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
«Жас жұлдыз» халықаралық балалар байқауында БАС ЖҮЛДЕ
01
декабрь
2025
«Жас жұлдыз» халықаралық балалар байқауында БАС ЖҮЛДЕ
Дубай қаласында өткен «Жас жұлдыз» халықаралық балалар байқауында 2 “Ә” сынып оқушысы – Мақсатұлы Әмір БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болып, Стамбул қаласына жолдама жеңіп алды! ✨🏆
«Абай оқулары» байқауынан жеңімпаз
01
декабрь
2025
«Абай оқулары» байқауынан жеңімпаз
Ауданда өткен «Абай оқулары» байқауында мектебіміздің 5 «Ә» сынып оқушысы Жапарқұл Ақерке Ш орын иеленді. Мақсаты: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен танысып, оқып, дәріптеп, оның терең мағынасын түсіну. Кітапхана меңгерушісі: Исабекова Тұрсын Разаққызы.
“Шекарасыз білім: шетел ЖОО-ға түсуге жол” тақырыбында шет елге оқуға түсу менторы Жорабеков Диас мырза шақырылды.
27
ноябрь
2025
“Шекарасыз білім: шетел ЖОО-ға түсуге жол” тақырыбында шет елге оқуға
2025 жылдың 27 қарашасында №201 мектеп-гимназиясында оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында мекетеп директоры А.Шамованың басшылығымен маңызды ақпараттық-танымдық семинар өткізілді. “Шекарасыз білім: шетел ЖОО-ға түсуге жол” тақырыбында өткен бұл кездесуге арнайы қонақ ретінде “Болашақ” халықаралық бағдарламасының екі мәрте иегері, шет елге оқуға түсу менторы Жорабеков Диас мырза шақырылды. Семинарға 8, 9, 10, 11-сынып оқушылары қатысып, шетелдік жоғары оқу орындарына түсу жолдары, қажетті