Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
7 сынып оқушыларымен “Менің эмоцияларым” атты арт-терапиялық жаттығу жүргізілді.
10
октябрь
2025
7 сынып оқушыларымен “Менің эмоцияларым” атты арт-терапиялық жаттығу
7 сынып оқушыларымен “Менің эмоцияларым” атты арт-терапиялық жаттығу жүргізілді. Мақсаты: 🖇️Оқушылардың эмоционалдық күйін анықтау және оны бейнелеу арқылы шығару; 🖇️Эмоцияны тану, түсіну және қабылдау қабілетін дамыту; 🖇️ Ішкі сезімдерді шығармашылық жолмен білдіруге жағдай жасау; 🖇️Жағымсыз эмоцияларды қауіпсіз түрде сыртқа шығарып, эмоционалды жеңілдік беру Арт-терапиялық жаттығу барысында оқушылар өздерінің эмоцияларын қалай елестететіндерін қағаз бетіне бейнелеп,өз ойларымен бөлісті
Жобалық жұмыстар сайысы
07
октябрь
2025
Жобалық жұмыстар сайысы
Ағылшын тілі онкүндігі аясында оқушыларымыз design thinking (дизайн ойлау) әдісін қолдана отырып, денсаулық тақырыбында ерекше жобалық жұмыстар орындады. Әр команда өз идеяларын зерттеп, нақты өмірге пайдалы инновациялық шешімдер мен прототиптер ұсынды. 🔹 Оқушылар сыни және креативті ойлап, топта жұмыс істеу, идеяны қорғау, ағылшынша сөйлеу дағдыларын көрсетті. 🔹 Барлық командалар керемет жұмыс атқарды, бірақ жеңімпаздар төмендегідей: 🏆 Grand Prix – 9 “A” сыныбы, команда H₂O 🥇 1st place – 10
Оқушылардың денсаулық сауаттылығын арттыру мақсатында дәрігер-мамандармен кездесу өтті
30
сентябрь
2025
Оқушылардың денсаулық сауаттылығын арттыру мақсатында
Менингит — алдын алуға болатын ауру! ⠀ Мектебімізде оқушылардың денсаулық сауаттылығын арттыру мақсатында дәрігер-мамандармен кездесу өтті. ⠀ Кездесу барысында менингит ауруының белгілері, алдын алу жолдары, жеке гигиенаның маңызы және дер кезінде дәрігерге қаралудың қажеттілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді. ⠀ Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы мағлұмат алды. ⠀ 📌 Денсаулық — басты байлық!
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық байқауының нәтижесі
24
сентябрь
2025
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық байқауының нәтижесі
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық байқауының қалалық кезеңінен І орын иеленген 2 оқушымыз Республикалық кезеңге жолдама алды. Сафар Шынар 10-сынып – І орын, жетекшісі: Серик Альмира Имангалиев Таир 9-сынып – І орын, жетекшісі: Қуанышбаев Марат 3 оқушымыз жүлделі орындармен марапаттылды: Нарынбек Жүніс 8-сынып – ІІ орын, жетекшісі: Әзіл Заманбек Алиакбар Нұрбану 11-сынып - ІІІ орын, жетекшісі: Көкен Ерасыл Қадыр Қуаныш 9-сынып – ІІ орын, жетекшісі: Жұртбай Бекжан Құтты болсын!