Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жол ережесін білу – қауіпсіздіктің кепілі!
03
апрель
2025
Жол ережесін білу – қауіпсіздіктің кепілі!
🚸 Жол ережесін білу – қауіпсіздіктің кепілі! 🚦 Бүгін мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына арналған ерекше практикалық сабақ өтті. Іс-шараға мектеп инспекторы Нұрбек Айза қатысып, балаларға жолда жүру ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Балалар жаяу жүргіншілер жолағын қалай дұрыс пайдалану керек екенін, бағдаршамның түстерін, жол белгілерінің мағынасын үйреніп қана қоймай, өздері іс жүзінде тәжірибе жасап көрді. 🛑🚶‍♀️🟢 Мақсат – оқушылардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру және
10-11 сыныптардың қатысуымен еліміздің мықты профоиентологі Омарбек Көшкімбайұлымен «Оян Талапкер!» ұранымен кездесу өтті
02
апрель
2025
10-11 сыныптардың қатысуымен еліміздің мықты профоиентологі Омарбек
Мектебіміздің профориентологі Сағынтаева Нұршат Жұмабекқызының ұйымдастыруымен 10-11 сыныптардың қатысуымен еліміздің мықты профоиентологі Омарбек Көшкімбайұлымен «Оян Талапкер!» ұранымен кездесу өтті. Мақсаты: 10-11 сынып оқушыларына мамандық түрлерімен, грант түрлерімен таныстыру және жоғарғы оқу орнын дұрыс таңдау жасау үшін жол көрсету болатын. Оқушылар өздеріне қажетті ақпараттар алып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып пікір алмасты ВИДЕО
Мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттау
02
апрель
2025
Мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттау
ВИДЕО ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының 3 тарау 58 тармағы бойынша және №4 кезектен тыс педагогикалық кеңестің шешімі негізінде 11 «А» сынып оқушысы Орынбаев Кәрім Бірлікұлы Австрия мемлекетіне оқуға түсуіне байланысты мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттаудан өтеді. 2025 жылдың 02.04. күні” Қазақстан тарихы” пәнінен /ауызша/ емтихан тапсырды. Түлегімізге сәттілік тілейміз!
“Архитектура, дизайн және инженерия колледжінің” ұйымдастыруымен өткізілген ашық есік күні
19
март
2025
“Архитектура, дизайн және инженерия колледжінің” ұйымдастыруымен
19.03.2025 ж “201 мектеп - гимназия” КММ 9сынып оқушылары ҚМҚК “Архитектура, дизайн және инженерия колледжінің” ұйымдастыруымен өткізілген ашық есік күніне қатысты. Мақсаты: оқушылардың мамандық таңдауына өз үлестерін қосып оқушыларға мамандықтар туралы толығырақ таныстырды. ВИДЕО
«ProEco» экологиялық жобалар байқауының аудандық кезеңі
19
март
2025
«ProEco» экологиялық жобалар байқауының аудандық кезеңі
Алматы қаласы, Алатау ауданы бойынша өткен «ProEco» экологиялық жобалар байқауының аудандық кезеңінде “Туған өлке табиғаты” бағыты бойынша 6 “Ә” сынып оқушысы Ғаниқызы Жібек жүлделі ІІ орынға ие болды! 🎉👏 🌱 Жоба тақырыбы: “Арша өсімдігінің пайдасы, мектеп ауласын көгалдандыру және оны қорғау”. 💻 Жібек виртуалды экскурсия жасайтын сайт әзірлеп, өз жобасын жоғары деңгейде қорғап шықты! 🔹 Жоба жетекшісі: Қырғызбай Назерке
Асханадағы бір күн
18
март
2025
Асханадағы бір күн
Мектеп-гимназиямызда 4-сынып оқушылары мектеп асханасында өз-өздеріне қызмет көрсетіп, жауапкершілік пен ұқыптылық дағдыларын көрсетті. Тамақ алу, ретпен жүру, тазалық сақтау – әрқайсысы үшін маңызды тәжірибе болды. Бұл дағды – тек мектепте ғана емес, өмірде де аса маңызды. Балалар өздігінен әрекет ету арқылы жауапкершілік пен тәртіпті үйренеді. Өз күшіне сенетін, еңбекқор, тәртіпті оқушыларымызды мақтан тұтамыз! ВИДЕО
“Мәшһүр Жүсіп оқуларының” аудандық кезеңінен жетістіктер
15
март
2025
“Мәшһүр Жүсіп оқуларының” аудандық кезеңінен жетістіктер
Республикалық “Мәшһүр Жүсіп оқуларының” аудандық кезеңінде І бағыт: «Алдыма өлең жаз деп кағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» - акындар мүшайрасында 10б сынып оқушысы Байтөре Азпмат I орынды иеленіп,қалалвқ кезеңіне жолдама алды. IV бағыт :Мәшһүр Жүсіптің фольклорлық мұрасы бағытында 8 б сынып оқушысы Бағдаи Амина III орынды иелінді. Жетекшілері: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бактыбаева Д.А
Stand Up
11
март
2025
Stand Up
2025 жылдың наурыз айының 11 күні жас мамандар апталығының аясында 9-10 сынып оқушылары арасында еркін тақырыпта “Stand Up” өткізілді. Аталмыш іс-шараға 9 “Ә”,10 “А” және 10 “Б” сыныптарының оқушылары қатысты.Қатысушы оқушылар өз әзілдерімен көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады. Іс-шараға жауапты мұғалімдер: Әбілда А,Мұратқан Г,Султанова М,Сыңырбаева А,Қапанов Н. ВИДЕО
Болашақ батырлардың көзқарасы
11
март
2025
Болашақ батырлардың көзқарасы
✨ Болашақ батырлардың көзқарасы! ✨ 1-4 сынып оқушылары арасында Азаматтық қорғаныс күніне орай ұйымдастырылған сурет көрмесі өтті 🖌️🎨 Балалар өз қиялдарын еркін көрсетіп, өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың және азаматтық қорғаныс батырларының бейнесін қағаз бетіне түсірді. 🚒🛟🔥 Әр сурет – кішкентай жүректердегі үлкен ерліктің көрінісі! 💪 Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! Жеңімпаздар мен барлық жас суретшілерімізді құттықтаймыз!
Волейбол үйірмесіне қатысуға шақырамыз!
06
март
2025
Волейбол үйірмесіне қатысуға шақырамыз!
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!✨ Волейбол үйірмесіне қатысуға шақырамыз! 💪⚽️ Балаларға қызықты әрі пайдалы жаттығулар, волейбол техникасын үйрену және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береміз. 🙌 Үйірмеге қатысу үшін: • Жас шектеуі: 6 жастан бастап • Жаттығу кестесі: аптасына 2 рет (кез келген уақытқа бейімделеді) • Өтетін орны: үлкен спорт залы • Қатысу үшін тіркелу: 87082290359 Жаттықтырушы: Құдайберген Жеңіс Келіңіздер, волейбол әлеміне қадам басып, жаңа достар табайық! 🌟🎉