Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
201 мектеп-гимназиясының парламенті жаңа құраммен!
10
ноябрь
2025
201 мектеп-гимназиясының парламенті жаңа құраммен!
201 мектеп-гимназиясының парламенті жаңа құраммен! ⠀ Белсенді, жауапты, жаңашыл оқушылар — енді ресми түрде парламент мүшелері. ⠀ Алда үлкен істер, жарқын жобалар! Жаңа құрамға сәттілік! ​https://www.instagram.com/p/DQ6lBCPiIZs/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжіне экскурсия
07
ноябрь
2025
Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжіне экскурсия
2025 жылдың 7 қараша күні кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында №201 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары Алматы қаласында орналасқан Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжіне экскурсияға барды. ​https://www.instagram.com/reel/DQ3vLm7iADj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
7-сынып оқушылары “Самал Су” кәсіпорнына экскурсияға барып қайтты
04
ноябрь
2025
7-сынып оқушылары “Самал Су” кәсіпорнына экскурсияға барып қайтты
2025 жылдың 4 қарашасында “Өндіріске саяхат” жобасы аясында мектебіміздің профориентаторы Сағынтаева Нұршат Жұмабекқызының жетекшілігімен 7-сынып оқушылары “Самал Су” кәсіпорнына экскурсияға барып қайтты. Экскурсия барысында оқушылар: - Су өндірісінің технологиялық процесімен танысты; - Өндіріс орындарының жұмыс барысын, қауіпсіздік талаптарын көріп, тәжірибелік мәлімет алды; - Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, өндіріс саласындағы мамандықтар мен кәсіби талаптар жайлы сұрақтарына жауап алды.
«Балапан» зияткерлік олимпиадасы – жас білімпаздардың жарқын жеңісі!
25
октябрь
2025
«Балапан» зияткерлік олимпиадасы – жас білімпаздардың жарқын жеңісі!
«Балапан» зияткерлік олимпиадасы – жас білімпаздардың жарқын жеңісі! 🏆 Бүгін мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Балапан» зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. 🎉 Білімге деген ынтасы мен талпынысы жоғары кішкентай жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! 💫 Жаңа табыстар мен биік белестерге бірге ұмтылайық!
2 жыл бойы мектеп парламентінде белсенді қызмет атқарған оқушыларға алғыс
24
октябрь
2025
2 жыл бойы мектеп парламентінде белсенді қызмет атқарған оқушыларға
Алтын құрамға алғысымыз шексіз! Бүгін мектебіміздің жүрегіне айналған, 2 жыл бойы мектеп парламентінде белсенді қызмет атқарған оқушылармен қоштастық... Олар – жай ғана оқушы емес, үлкен өзгерістердің бастаушысы, идеяның иесі, мектеп рухының тірегі болды. 🔸 Бүгін ресми түрде жаңа құрамға жол беріп, көшбасшылық эстафетасын табыстады. 🔸 Мектеп директорының атынан алғыс хатпен марапатталып, жүректен шыққан қошеметке ие болды. 💙 Қимастықпен шығарып салып, әрқайсына жаңа белестер мен жарқын жол
2025–2026 оқу жылының Мектеп президенті сайланды!
22
октябрь
2025
2025–2026 оқу жылының Мектеп президенті сайланды!
2025–2026 оқу жылының Мектеп президенті сайланды! Мектебімізде демократиялық негізде өткен мектеп президентін сайлау науқаны өз мәресіне жетті. 💬 Кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, оқушылар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бағдарлама қорғау рәсіміне мектеп директоры Шамова Арайлым Матжанқызы қатысып, үміткерлердің көзқарасымен танысты. 🗳 Дауыс беру нәтижесінде 106 дауыспен 10«Ә» сынып оқушысы Сафар Шынар жаңа мектеп президенті болып сайланды! 🔹 Қалған үміткерлер
11-сынып оқушылары “Бейжіңде оқу” атты халықаралық көрмеге барды
21
октябрь
2025
11-сынып оқушылары “Бейжіңде оқу” атты халықаралық көрмеге барды
2025 жылдың 21 қазан күні “Мамандықтар әлеміне саяхат” аясында мектеп профориентаторы Сағынтаева Нұршаттың ұйымдастыруымен 11-сынып оқушылары “Бейжіңде оқу” атты халықаралық көрмеге барды. Көрме барысында оқушылар Қытай Халық Республикасындағы жоғары оқу орындары, білім беру жүйесі мен гранттық мүмкіндіктер туралы мол мағлұмат алды. Шараның мақсаты – шетелде білім алуға қызығушылық танытқан оқушыларға кәсіби бағдар беру және халықаралық білім кеңістігімен таныстыру.
«Жасанды интеллект арқылы көне тарихқа жаңа көзқарас» тақырыбында IB бағыты бойынша көрме конкурсы
20
октябрь
2025
«Жасанды интеллект арқылы көне тарихқа жаңа көзқарас» тақырыбында IB
Тарих апталығының аясында 20 қазан күні 5–8 сынып оқушылары арасында «Жасанды интеллект арқылы көне тарихқа жаңа көзқарас»тақырыбында IB бағыты бойынша көрме конкурсы өтті! 🎨 ✨ Мақсаты: Жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, көне тарихқа заманауи көзқарас қалыптастыру, оқушылардың алған ақпарат көздерінен дәйексөздерді дұрыс қолдана білу, ресурстарды этикалық тұрғыда пайдалану , сондай-ақ ATL дағдыларының (зерттеу, ойлау, коммуникация және өзін-өзі басқару) дамуын қамтамасыз ету. 🔜 Алда
«ДосболLike» акциясы — достықтың жаңа форматы!
16
октябрь
2025
«ДосболLike» акциясы — достықтың жаңа форматы!
«ДосболLike» акциясы — достықтың жаңа форматы! Қазіргі заманда адамдарға жылы сөз, шынайы қарым-қатынас пен қарапайым назар жетіспей жатады. Осыған орай мектебімізде мектеп психологтарының ұйымдастыруымен ерекше, әрі мәнді «ДосболLike» атты достық акциясы жүргізілуде! 🎯 Акцияның мақсаты — оқушылар арасындағы достық байланысты нығайту, мейірім мен сыйластықты арттыру, позитивті эмоциялармен бөлісу. Бұл акция арқылы әр бала өз достарына: ✨ Жылы тілек айтып 💬 Оң пікір білдіріп 🤗 Жарқын көңіл-күй