27
ноябрь
2025
“Шекарасыз білім: шетел ЖОО-ға түсуге жол” тақырыбында шет елге оқуға түсу менторы Жорабеков Диас мырза шақырылды.
2025 жылдың 27 қарашасында №201 мектеп-гимназиясында оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында мекетеп директоры А.Шамованың басшылығымен маңызды ақпараттық-танымдық семинар өткізілді.
“Шекарасыз білім: шетел ЖОО-ға түсуге жол” тақырыбында өткен бұл кездесуге арнайы қонақ ретінде “Болашақ” халықаралық бағдарламасының екі мәрте иегері, шет елге оқуға түсу менторы Жорабеков Диас мырза шақырылды.
Семинарға 8, 9, 10, 11-сынып оқушылары қатысып, шетелдік жоғары оқу орындарына түсу жолдары, қажетті құжаттар, гранттар мен стипендиялар туралы құнды ақпарат алды. Сонымен қатар, Диас мырза өз тәжірибесімен бөлісіп, оқушыларға білім алудағы мотивация, тіл үйренудің маңыздылығы және халықаралық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану жөнінде кеңестер берді.
Кездесу оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға, шет елде оқуға деген қызығушылығын оятуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.
https://www.instagram.com/reel/DRj4VzniC_W/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==