Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Уақыттың қадірі” тақырыбында ашық сабақ
12
декабрь
2024
“Уақыттың қадірі” тақырыбында ашық сабақ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер онкүндігі аясында 5 “Б” сыныбымен “Уақыттың қадірі” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты:Оқушыларға уақыттың құндылығы мен оны тиімді пайдалану қажеттілігін ұғындыру,өмірлік дағдыларды қалыптастыру Пән мұғалімі: Кұнанбаева Арайлы Әсетқызы ВИДЕО
Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомостаралық сараптамалық топтың" дербес құрамы асханада оқушылардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізді.
12
декабрь
2024
Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомостаралық сараптамалық
Алматы қаласы мәслихаты шешімі бойынша "Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомостаралық сараптамалық топтың" дербес құрамы асханада оқушылардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізді. Жұмыс барысында бірқатар мәселелер көтеріп оқушылардың ас мәзіріне өзгерістер енгізу туралы талқыланды. Тамақтану сапасын қадағалау мектепішілік бракераж комиссиясының және жеке өзімнің үнемі бақылауымда. ВИДЕО
“Тарихи тұлғалар өмірі ” тақырыбында ашық сабақ өткізілді
12
декабрь
2024
“Тарихи тұлғалар өмірі ” тақырыбында ашық сабақ өткізілді
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында қазақ тілі сабағынан 6Б сынып оқушыларымен “Тарихи тұлғалар өмірі ” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: Тарихи тұлғалардың өмірбаяны мен олардың қоғамға қосқан үлестері туралы негізгі мәліметтерді тану. Пән мұғалімі: Айша Ғалымжанқызы ВИДЕО
«Мен –көшбасшымын!» атты білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының 3-қалалық слеті өтілді
11
декабрь
2024
«Мен –көшбасшымын!» атты білім беру ұйымдарының мектеп және
11 желтоқсан 2024 жылы Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Мен –көшбасшымын!» атты білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының 3-қалалық слеті өтілді . Жалпы қалалық слетке мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының президенті Есқали Айнара Дастанқызы ашық диалог алаңында баяндама қорғап, үздік нәтиже көрсеткені үшін марапатталды.
«Ғылымға құштар оқушы – ел болашағы» тақырыбында семинар
11
декабрь
2024
«Ғылымға құштар оқушы – ел болашағы» тақырыбында семинар
2024 жылы 11 желтоқсанда «Ұлт тілін ұлықтау – алаш аманатына адалдық, болашаққа бағыт» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі аясында «Ғылымға құштар оқушы – ел болашағы» тақырыбында семинар өтті. Мақсаты: Білім алушыларды жас кезеңдеріне қарай ғылыми-зерттеу жұмыстарына жүйелі тартудың, ғылымда жаңалық ашуға деген қызығушылығын оятудың тиімді жолдарын тәжірибемен ұштастыра көрсету. Семинардың спикері жазушы, драматург, сыншы, педагог-зерттеуші Рақыш Айзат Серікқызы оқушыларды
“Тарихи тұлғалар тағылымы” атты 6 “г” сыныбымен ашық сабақ өткізілді
11
декабрь
2024
“Тарихи тұлғалар тағылымы” атты 6 “г” сыныбымен ашық сабақ өткізілді
Қазақ тілі мен әдебиет пәндері онкүндігі аясында “Тарихи тұлғалар тағылымы” атты 6 “г” сыныбымен ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушылардың тарихи тұлғаларға деген ойын кеңейту. Оқушыларға шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру. Пән мұғалімі: Қасымхан М.Қ ВИДЕО
“Бояулар құпиясы-Ғарыш әлемі” тақырыбында өткен байқаудан 1 орын алғаны үшін 1”Ә”сынып оқушысы Жомарт Раяна марапатталды
11
декабрь
2024
“Бояулар құпиясы-Ғарыш әлемі” тақырыбында өткен байқаудан 1 орын
«Білім Айнасы» республикалық ғылыми-танымдық басылымының редакциясы ұйымдастырған жас суретшілерге арналған “Бояулар құпиясы-Ғарыш әлемі” тақырыбында өткен байқаудан 1 орын алғаны үшін 1”Ә”сынып оқушысы Жомарт Раяна марапатталды.
“ҰБТ-ға сеніммен барайық” тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді
10
декабрь
2024
“ҰБТ-ға сеніммен барайық” тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді
11 сынып оқушыларымен “ҰБТ-ға сеніммен барайық” тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді. Мақсаты: Оқушылардың ҰБТ-ға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру және қобалжу сезімін төмендету.
«Академиялық жазылымның негіздері» семинары өткізілді
10
декабрь
2024
«Академиялық жазылымның негіздері» семинары өткізілді
Мектебімізде «Ұл тілін ұлықтау-алаш аманатына адалдық,болашаққа бағыт» қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында «Академиялық жазылымның негіздері» семинары өткізілді. Семинардың мақсаты: Академиялық жазылымның тиімді жолдарын практикада көрсету арқылы, оқушылардың оқу және жазу сауаттылықтарын арттыруға ықпал ету. Семинардың спикері Абай атындағы ҚазҰПУ -нің оқытушысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Еділбай Төлеубайұлы 9- 11 сынып оқушыларына эссе,зерттеу жобасы негіздемелерін практикалық
8 «А» сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік – ел мерейі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізілді
09
декабрь
2024
8 «А» сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік – ел мерейі» тақырыбында ашық
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай іс-тәжірибеден өтуші Жұрмахан Нұрсұлтан Қамбарұлы 8 «А» сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік – ел мерейі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру, тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру, елжандылыққа, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.