11
декабрь
2024
«Мен –көшбасшымын!» атты білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының 3-қалалық слеті өтілді
11 желтоқсан 2024 жылы Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Мен –көшбасшымын!» атты білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының 3-қалалық слеті өтілді . Жалпы қалалық слетке мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының президенті Есқали Айнара Дастанқызы ашық диалог алаңында баяндама қорғап, үздік нәтиже көрсеткені үшін марапатталды.