Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көктем аруы - 2025
06
март
2025
Көктем аруы - 2025
🌷Көктем аруы - 2025🌷 Мектебімізде дәстүрлі түрде өтетін көктемнің көркімен үндескен «Көктем аруы» байқауы жоғары деңгейде өтті. Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, әдептілікке, сахна мәдениетін, эстетикалық талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу. ВИДЕО
“Қазыналар аралы” атты логикалық квесті өтті.
06
март
2025
“Қазыналар аралы” атты логикалық квесті өтті.
Жас мамандар апталығының аясында, оқушылар арасында “Қазыналар аралы” атты логикалық квесті өтті. Сыныптан тыс іс-шараға 8 “А” және 8 “В” сыныптары қатысып өзара бақ сынады. Оқушылар информатика, физика, ағылшын тілі, музыка және дене шынықтыру пәндері бойынша сұрақтар мен қызықты тапсырмаларды орындап жарысты. Оқушыларға ойнай жүріп ойлауды үйрету мақсатында өткізілген квест ойыны жоғары деңгейде өтті. Жауапты пән мұғалімдері: Өнерхан К, Бақытжанқызы Ж, Қалмет А, Иса Д, Құдайберген Ж. ВИДЕО
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
05
март
2025
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ: Республикалық «Мағжан оқулары» байқауының аудандық кезеңінде «Ақын да бір бала ғой Айға ұмтылған» номинациясы бойынша 10 «Б» сынып оқушысы Байтөре Азамат ІІІ орынға ие болса,, «Қадыр оқулары» байқауының «Өлең жаздым, тоғыз тарау, жеті өрім» жазба ақындар мүшәйрасында ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Д.А.Бактыбаева Республикалық «Мағжан оқулары» байқауының аудандық кезеңінде «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша 9 «Ә» сынып оқушысы Айдынқызы Инабат ІІІ
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары!🏆
04
март
2025
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары!🏆
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары!🏆 Атырау қаласында 25.02-01.03.2025 аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсында мектебіміздің оқушылары II дәрежелі диплом иегері атанды! 👏 9 «А» сынып оқушылары: - Бердіқұл Айша - Толтаева Диана 🎓 Тақырыбы: «Кинотуризм географиясы: кинолокациялар (географиялық орындар) туризмнің дамуына әсері» 📚 Секция: Өлкетану 👩‍🏫 Жетекшісі: Бүрлібаева Мөлдір Айдарбекқызы
«Білім берудегі жаңа толқын: Жас маман және инновациялық даму!»
03
март
2025
«Білім берудегі жаңа толқын: Жас маман және инновациялық даму!»
«Білім берудегі жаңа толқын: Жас маман және инновациялық даму!» 📅 *03-13 наурыз 2025 ж.* аралығында мектебімізде *жас мамандар онкүндігі* өтеді! 💡 Жастардың жаңа идеялары мен инновациялық бастамаларының арқауында өтетін бұл іс-шара білім саласындағы өзгерістер мен жаңа бағыттарды ұсынады. Жас мамандардың кәсіби дамуына, шығармашылығына қолдау көрсететін ауқымды шаралар мен шеберлік сыныптары өткізіледі. 🔹 *Мақсат:* Жас мамандардың кәсіби өсуіне, оқушылармен жұмыс істеу тәсілдерін жаңартып,
ҰБТ нәтижесін талдау мақсатында педконсилиум өткізілді
03
март
2025
ҰБТ нәтижесін талдау мақсатында педконсилиум өткізілді
03.03.2025ж. мектебіміздің 11 сынып оқушыларының 2025 жылдың қаңтар айында тапсырған ҰБТ нәтижесін талдау мақсатында педконсилиум өткізілді. Педконсилиумға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және пән мұғалімдері қатысты. Енді түлек тестілеуді аяқтағаннан кейін жинаған ұпайларының нәтижесін ғана емес, сонымен қатар қандай тақырыптарды білетіні және қайсысына көңіл бөлу қажет екені туралы пән мұғалімдерімен қосымша талдау жасайды.
9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың жеңімпаздары ресми түрде марапатталды
03
март
2025
9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың
Мектебіміздің мақтаныштары, жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың жеңімпаздары ресми түрде марапатталды. Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз! 1. Химия пәнінен Толтаева Диана 2 орын, жетекшісі: Д. Жорабаева 2. ⁠Биология пәнінен Жағыпар Айғаным 3 орын, жетекшісі О.Серикбаев 3. ⁠Орыс тілінен Болат Адина 3 орын, жетекшісі Л.Абдикаримова 4. ⁠Қазақ тілі пәнінен Бегалиева Толғанай 3 орын, жетекшісі М. Дусимбаева
ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗБЕН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
03
март
2025
ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗБЕН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
ВИДЕО ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗБЕН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ⚠️ Газдың иісін сезсеңіз, дереу терезелерді ашып, газды жабыңыз, электр құрылғыларын қоспаңыз! ✅ Қауіпсіздік ережелері: • Газ құрылғыларын дұрыс пайдаланыңыз. • Желдетуді қамтамасыз етіңіз. • Газ жабдықтарын уақытылы тексертіңіз. • Плитаны қараусыз қалдырмаңыз. 🚨 Газдан улану белгілері: бас айналу, жүрек айну, әлсіздік. Мұндай жағдайда тез арада таза ауаға шығып, 103 пен 112-ге хабарласыңыз!
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
01
март
2025
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!💐💐💐 Бүгін – ерекше күн! Бүгін – бейбітшілік пен келісімнің, татулық пен ризашылықтың мерекесі. Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген Алғыс айту күнінде мектебіміздің 1”А” сынып оқушылары өз қолдарымен ата-аналарына құттықтау хаттарын жасап, бейнебаян арқылы ыстық ықыластарын жеткізді. Алғыс айту күні әр шаңыраққа қуаныш, жүректерге жылулық, айналаға мейірім сыйласын! Сынып жетекшісі: Турысбаева Айнур Жолановна ВИДЕО