Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«ҰБТ-ге психологиялық дайындық» тақырыбында тәрбие сағаты
18
май
2026
«ҰБТ-ге психологиялық дайындық» тақырыбында тәрбие сағаты
18.05.2026 ж. 11-сынып оқушыларымен «ҰБТ-ге психологиялық дайындық» тақырыбында тәрбие сағатынан жиналыс өткізілді. Кездесу барысында білім алушыларға ҰБТ кезеңіндегі эмоционалдық тұрақтылықты сақтау, қобалжуды басқару, өз-өзіне сенімділікті арттыру және уақытты тиімді пайдалану бойынша психологиялық қолдау көрсетілді. Іс-шара директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Иманалиева Жұлдыз Мусаевна және мектеп психологтарының ұйымдастыруымен өтті. Оқушыларға алдағы маңызды сынақта сәттілік, жоғары
Ата-аналармен маңызды профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
14
май
2026
Ата-аналармен маңызды профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Ата-аналармен маңызды профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, исламтанушы магистр Ерімбет Рамзан Еділбекұлы сөз сөйлеп, деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік идеялардың таралу жолдары және ұлттық құндылықтардың қоғамдағы рөлі туралы түсіндірме берді. Кездесу барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, отбасындағы және қоғамдағы толеранттылықты нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жалпықалалық сейсмикалық жаттығу
14
май
2026
Жалпықалалық сейсмикалық жаттығу
2026 жылғы 14 мамыр күні мектебімізде жалпықалалық сейсмикалық жаттығу аясында қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылды. Жаттығу барысында оқушылар мен мұғалімдерге төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет тәртібі түсіндіріліп, эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Мұндай оқу-жаттығулар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған. ​https://www.instagram.com/reel/DYTygSKofdK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл
13
май
2026
Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл
2026 жылғы 13 мамыр күні мектебімізде қазақтың көрнекті ақыны, драматургі Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған танымдық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.
IB MYP жеке жоба көрмесі
08
май
2026
IB MYP жеке жоба көрмесі
08.05 күні мектебімізде MYP оқушыларының жеке және қоғамдық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Бұл — IB MYP бағдарламасы аясындағы маңызды тәжірибе мен оқушылардың бір жылдық еңбегінің нәтижесін көрсететін ерекше кезең. Оқушылар ғылым мен экологиядан бастап, мәдениет пен технологияға дейінгі түрлі тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын таныстырды. Зерттеу, қоғамға үлес қосу, көшбасшылық және шығармашылық — осының бәрі оқушылардың жобасында көрініс тапты. Оқушыларға осындай маңызды кезеңде
Павлодар қаласында өткен республикалық интенсив — көшбасшылықтың жаңа белесі!
04
май
2026
Павлодар қаласында өткен республикалық интенсив — көшбасшылықтың жаңа
Павлодар қаласында өткен республикалық интенсив — көшбасшылықтың жаңа белесі! Көшбасшылықты дамыту стратегиялары мен заманауи құралдарға арналған ауқымды интенсивке мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының президенті Сафар Шынар қатысып, Алматы қаласының намысын абыроймен қорғады. Өз білімін және көшбасшылық қабілетін жоғары деңгейде көрсете білді. Бұл тәжірибе — жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Жетістігіңмен құттықтаймыз! 
1 мамыр – Бірлік күніне арналған керемет мерекелік шара өтті
30
апрель
2026
1 мамыр – Бірлік күніне арналған керемет мерекелік шара өтті
Мектебімізде 1 мамыр – Бірлік күніне арналған керемет мерекелік шара өтті 🕊️✨ Оқушылар әр ұлттың тағамы мен өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, нағыз мәдени әралуандылықты паш етті. Ұлттық киімдер, сахналық қойылымдар, би мен ән, сондай-ақ түрлі ұлттардың тағамдары мерекенің сәнін келтірді 🌍✨ Шара достықтың, татулықтың және бірліктің қаншалықты маңызды екенін айқын сезіндірді. Бірлік бар жерде – күш те, береке де бар!
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
30
апрель
2026
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ Мектебіміздің жұмыс жоспарына сәйкес 4-тоқсанның БЖБ жұмысы және оқу жылының аяқталуы бойынша «Ашық есік күні» өтті. Кездесу барысында ата-аналар баласының әр пән бойынша оқу үлгерімі мен тәртібі туралы мұғалімдермен жеке сөйлесіп, бірлесе жұмыс жасады. Мектеп директоры Шамова Арайлым Мәтжанқызы ата-аналар тарапынан түскен ұсыныстарды қабылдап, сұрақтарына жауап берді. 🤝 Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы – сапалы білім мен саналы тәрбиенің негізі.
7 “Г” сынып оқушылары аудандық “Жас жол инспекторлары” байқауында жүлделі 🥈 2-орынға ие болды
30
апрель
2026
7 “Г” сынып оқушылары аудандық “Жас жол инспекторлары” байқауында
Мектебіміздің 7 “Г” сынып оқушылары аудандық “Жас жол инспекторлары” байқауында жүлделі 🥈 2-орынға ие болды. Жетекшісі: Ұзақова А.Н. Жас жеткіншектерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп болсын, әрдайым алға ұмтылыңыздар!
1-ауысым оқушыларының ата-аналарына арналған Ашық есік күні өткізілді
29
апрель
2026
1-ауысым оқушыларының ата-аналарына арналған Ашық есік күні өткізілді
Адал азамат тәрбиелеу – ортақ міндет Мектебімізде 1-ауысым оқушыларының ата-аналарына арналған Ашық есік күні өткізілді. Шара барысында ата-аналар балаларының оқу үлгерімі мен тәртібі жайлы пән мұғалімдерімен ашық сұқбат құрып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Іс-шараға Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы Қ.М. Акмурзаева қатысып, ата-аналармен еркін форматта кездесу өткізді. Сонымен қатар, жеке сұрақтар бойынша мектеп директоры А. Шамова нақты жауаптар берді. 🤝 Мектеп пен ата-ана