Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1-сыныпқа қабылданған оқушылардың ата-аналарына арналған ашық есік күні
21
август
2025
1-сыныпқа қабылданған оқушылардың ата-аналарына арналған ашық есік
Ашық есік күні Бүгін мектебімізде 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың ата-аналарына арналған ашық есік күні өтті. Мектеп басшысы Шамова Арайлым Мәтжанқызы және мектеп әкімшілігі жаңа оқу жылына дайындық барысын баяндап, оқу-тәрбие үдерісі жөнінде маңызды мәліметтермен бөлісіп, ата-аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Сынып жетекшілер ата-аналармен танысып, балалардың мектепке бейімделуі жайлы кеңестер беріп, оқушылардың алғашқы оқулығын табыстады. 🤝 Бұл кездесу мектеп пен ата-ана
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
19
август
2025
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
Back to school «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жоспар аясында өз жұмысын бастады. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасынан шыққан 50 оқушыға оқу құралдары салынған сөмке, 4 оқушыға мектеп формасы табысталды. Оқушылардың мектепке дайындығына көмек көрсеткен ата-аналарымызға, сынып жетекшілерге мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс білдіреміз! «Мектепке жол» акциясы 1 тамыз бен қыркүйек айының 30 жұлдызына дейін жалғасады. Жақсылық жасап жарысайық!
Біздің мектеп формамыз
18
август
2025
Біздің мектеп формамыз
Жаңа оқу жылына жаңа серпінмен! 📚✏️ Біздің мектеп формамыз — ыңғайлы, сәнді және талапқа сай
Балалардың терезеден құлауын алдын алу жөніндегі ата-аналарға жадынама
18
август
2025
Балалардың терезеден құлауын алдын алу жөніндегі ата-аналарға жадынама
Балалардың терезеден құлауын алдын алу жөніндегі ата-аналарға жадынама Құрметті ата-аналар! Жыл сайын көктем-жаз айларында балалардың терезеден құлап кету оқиғалары тіркелуде. Мұндай жағдайлардың басты себебі – балалардың қараусыз қалуы және қауіпсіздік шараларының сақталмауы. ✅ Қауіптің негізгі себептері: • Баланың терезеге өздігінен көтерілуі; • Жиһаздың дұрыс орналаспауынан баланың терезеге шыға алуы; • Москит торына сүйенуі (бала оны берік деп ойлайды); • Терезе құлыптарының болмауы; •
“Developing the MYP” воркшоп өткізілді
15
август
2025
“Developing the MYP” воркшоп өткізілді
IB MYP халықаралық бағдарламасы аясында сабақ беретін пән мұғалімдеріне арналған “Developing the MYP” воркшоп өткізілді. 📖 MYP – оқушыны білімді ғана емес, зерттеуші, ойшыл, ашық көзқарасты және жауапты тұлға етіп қалыптастыруға бағытталған бағдарлама. 👩‍🏫 Ал ұстаз үшін – халықаралық деңгейде мойындалған оқыту әдістерін меңгеру мүмкіндігі. ✨ Воркшоп барысында мұғалімдер MYP құрылымы, бағалау критерийлері, жаһандық контекстер, Ib оқушы келбеті және бағдарлама философиясын терең түсінді.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
09
август
2025
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
Алатау ауданы N201 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында “Таза бейсенбілік” ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтау. Сенбілік барысында мектеп аумағы қоқыстан тазартылып, гүлзарлар ретке келтірілді.Мектебіміздің ұстаздары табиғатты қорғауға үлес қосып, қоршаған ортаға жанашырлық танытты ВИДЕО
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ
07
август
2025
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ Жаңа 2025-2026 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында 2025 жылғы 1 тамыз бен 30 тамыз аралығында республикада «Мектепке жол» акциясы жарияланды. Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға балаларды мектепке дайындау және киім-кешек, аяқ киім, кеңсе тауарлары және т.б. жетіспеуіне байланысты балалардың мектепке бармауына жол бермеу үшін қолдау көрсету. Қайырымдылық, көмек белгілі
Аттестат табыстау – жарқын болашаққа жолдама!
19
июнь
2025
Аттестат табыстау – жарқын болашаққа жолдама!
Аттестат табыстау – жарқын болашаққа жолдама! Бүгін мектебімізде негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды табыстау салтанатты жиыны өтті. Бұл – түлектеріміздің өміріндегі маңызды белестердің бірі. Жастықтың жалауын желбіретіп, арманына қанат қаққан шәкірттерімізге сәттілік тілейміз! Алған білімдерің — өмірлік серік, жарқын болашақтарыңның іргетасы болсын! Мұғалімдер мен ата-аналардың ақ батасы – жолдарыңа жарық нұр болсын! ВИДЕО
«Келешек мектептері» жобасы
19
июнь
2025
«Келешек мектептері» жобасы
«Келешек мектептері» жобасы аясында 2025–2026 оқу жылында 200 мыңнан астам оқушы орны пайдалануға беріледі ✍️ Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында барлығы 460 мың оқушы орны ашылады. 📑 2024 жылдың қорытындысы бойынша жаңа форматтағы 105 мектеп салынды. Ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 112 мектеп пайдалануға беріледі. Осылайша, жаңа оқу жылында қосымша 206 мың оқушы орны беріледі. ✔️ Аталған жоба аясында салынған мектептер
Жаңа үлгідегі мектептер
17
июнь
2025
Жаңа үлгідегі мектептер
Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда бұрын-соңды болмаған, теңдессіз жаңа үлгідегі мектептер салынуда. ⚜️ Ұлттық жоба – білім беру жүйесінде тың әрі ауқымды инфрақұрылымдық бастаманы іске асырудың нәтижесі. ВИДЕО