IB халықаралық бағдарламасынан авторизациясынан өтудеміз
Алматыдағы мемлекеттік мектепте IB халықаралық бағдарламасы авторизациясынан өтуде. Болашаққа нық қадам! 🌍Алматы қаласының 2030 жылға дейінгі перспективалық даму жол картасы аясында №201 мектеп-гимназия тарихи кезеңге аяқ басты. Біз — IB (Халықаралық бакалавриат) әлемдік мектебі статусын алуға алғашқы қадам жасаған мемлекеттік мектеппіз! Орта буын бағдарламасы (IB MYP) бойынша халықаралық аккредитациядан өту — бұл отандық мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтерудің айқын дәлелі.