“Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік
“Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік Бүгін мектебіміздің ұстаздары “Таза Қазақстан” республикалық акциясын қолдап, сенбілік ұйымдастырды. Табиғатты аялау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екенін тағы бір мәрте дәлелдедік. Ұстаздарымыз мектеп аумағын тазалап, қоршаған ортаның көркеюіне өз үлесін қосты. Бірлік пен жауапкершілік ұштасқан бұл игі іс баршамызға үлгі болары сөзсіз. 🌱 Тазалық – мәдениеттің айнасы! 🌱 Табиғатты қорғайық, болашақты бірге сақтайық!