1-ауысым оқушыларының ата-аналарына арналған Ашық есік күні өткізілді
Адал азамат тәрбиелеу – ортақ міндет Мектебімізде 1-ауысым оқушыларының ата-аналарына арналған Ашық есік күні өткізілді. Шара барысында ата-аналар балаларының оқу үлгерімі мен тәртібі жайлы пән мұғалімдерімен ашық сұқбат құрып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Іс-шараға Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы Қ.М. Акмурзаева қатысып, ата-аналармен еркін форматта кездесу өткізді. Сонымен қатар, жеке сұрақтар бойынша мектеп директоры А. Шамова нақты жауаптар берді. 🤝 Мектеп пен ата-ана