Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
🎬 AI + Motion | ЖИ арқылы жасалған қысқаметражды фильмдер байқауы
20
ноябрь
2025
🎬 AI + Motion | ЖИ арқылы жасалған қысқаметражды фильмдер байқауы
🎬 AI + Motion | ЖИ арқылы жасалған қысқаметражды фильмдер байқауы Бүгін біз жас таланттардың ең үздік жұмыстарын тамашалап, шығармашылыққа, технологияға және болашаққа бағытталған керемет жобаларды марапаттадық. Оқушылар жасанды интеллектті тиімді қолдана отырып, өз қиялын фильмге айналдырды. Жалпы бізге 62 жұмыс келіп түсті, соның ішінен іріктеп 20 жұмысты финалға өткіздік. Түрлі тақырыпта видеолар жасалынды. Қатысуға өтініш білдірген әр оқушыға алғыс білдіреміз! Төмендегі оқушылардың жұмысы
«Білім және мансап» көрмесіне 8–11 сынып оқушылары барып қайтты
19
ноябрь
2025
«Білім және мансап» көрмесіне 8–11 сынып оқушылары барып қайтты
«Білім және мансап – 2025» көрмесінде ⠀ 📅 19–21 қараша аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында өтіп жатқан XXIV Қазақстан халықаралық «Білім және мансап» көрмесіне 201 мектеп-гимназиясының 8–11 сынып оқушылары барып қайтты. ⠀ 🔎 Көрмеде оқушылар жоғары оқу орындары, колледждер және халықаралық білім беру бағдарламалары туралы пайдалы мәліметтер алды. ⠀ 🌱 Болашақ мамандығын саналы таңдауға бағытталған бұл шара – оқушылар үшін үлкен мүмкіндік.
«Дұрыс таңдау жаса» тақырыбында кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында сынып сағаты
17
ноябрь
2025
«Дұрыс таңдау жаса» тақырыбында кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында
2025 жылдың 17 қараша күні мектепбіміздің педагог-профориентаторы Н.Ж. Сагынтаева 10-сынып оқушыларына арналған «Дұрыс таңдау жаса» тақырыбында кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында сынып сағатын өткізіді. Сынып сағаты барысында оқушыларға бейіндік пәндер комбинациясын дұрыс таңдау жолдары түсіндіріліп, болашақ мамандықты саналы әрі жауапкершілікпен таңдаудың маңызы атап өтілді. Сонымен қатар, мамандық таңдауда жиі кездесетін қателіктер мен олардың салдарына талдау жасалды. Сабақ аясында оқушылар
Мәнерлеп оқу конкурсына қатысып,жүлделі 1-орын
17
ноябрь
2025
Мәнерлеп оқу конкурсына қатысып,жүлделі 1-орын
Ұлы ақын Абай атамыздың 180 жылдығына орай Түркияның Стамбул қаласында,ақын Абай атамыздың атындағы мектепте ұйымдастырылған мәнерлеп оқу конкурсына қатысып,жүлделі 1-орын алған Алматы қаласы,Алатау ауданы,201 мектеп-гимназиясының оқушылары:Серікқазы Диана,Булат Дарина,Серік Асылназ,Баянбай Мерей,Серік Айзере -мектебіміздің мақтаныштары.Биік белестерді бағындыратын осындай шәкірттеріміз көп болсын.
Ұлттық валюта күні — «Теңге күніне» орай Алматы қаласындағы Ұлттық банктің музейіне танымдық экскурсия
12
ноябрь
2025
Ұлттық валюта күні — «Теңге күніне» орай Алматы қаласындағы Ұлттық
2025 жылдың 12 қараша күні №201 мектеп-гимназиясының кәсіби бағдар беруші маманы Сағынтаева Нұршат және 10 “Ә” сынып жетекшісі Орынбасарова Дильназдың жетекшілігімен оқушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні — «Теңге күніне» орай Алматы қаласындағы Ұлттық банктің музейіне танымдық экскурсия жасап қайтты.
201 мектеп-гимназиясының парламенті жаңа құраммен!
10
ноябрь
2025
201 мектеп-гимназиясының парламенті жаңа құраммен!
201 мектеп-гимназиясының парламенті жаңа құраммен! ⠀ Белсенді, жауапты, жаңашыл оқушылар — енді ресми түрде парламент мүшелері. ⠀ Алда үлкен істер, жарқын жобалар! Жаңа құрамға сәттілік! ​https://www.instagram.com/p/DQ6lBCPiIZs/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжіне экскурсия
07
ноябрь
2025
Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжіне экскурсия
2025 жылдың 7 қараша күні кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында №201 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары Алматы қаласында орналасқан Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжіне экскурсияға барды. ​https://www.instagram.com/reel/DQ3vLm7iADj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
7-сынып оқушылары “Самал Су” кәсіпорнына экскурсияға барып қайтты
04
ноябрь
2025
7-сынып оқушылары “Самал Су” кәсіпорнына экскурсияға барып қайтты
2025 жылдың 4 қарашасында “Өндіріске саяхат” жобасы аясында мектебіміздің профориентаторы Сағынтаева Нұршат Жұмабекқызының жетекшілігімен 7-сынып оқушылары “Самал Су” кәсіпорнына экскурсияға барып қайтты. Экскурсия барысында оқушылар: - Су өндірісінің технологиялық процесімен танысты; - Өндіріс орындарының жұмыс барысын, қауіпсіздік талаптарын көріп, тәжірибелік мәлімет алды; - Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, өндіріс саласындағы мамандықтар мен кәсіби талаптар жайлы сұрақтарына жауап алды.
«Балапан» зияткерлік олимпиадасы – жас білімпаздардың жарқын жеңісі!
25
октябрь
2025
«Балапан» зияткерлік олимпиадасы – жас білімпаздардың жарқын жеңісі!
«Балапан» зияткерлік олимпиадасы – жас білімпаздардың жарқын жеңісі! 🏆 Бүгін мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Балапан» зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. 🎉 Білімге деген ынтасы мен талпынысы жоғары кішкентай жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! 💫 Жаңа табыстар мен биік белестерге бірге ұмтылайық!
2 жыл бойы мектеп парламентінде белсенді қызмет атқарған оқушыларға алғыс
24
октябрь
2025
2 жыл бойы мектеп парламентінде белсенді қызмет атқарған оқушыларға
Алтын құрамға алғысымыз шексіз! Бүгін мектебіміздің жүрегіне айналған, 2 жыл бойы мектеп парламентінде белсенді қызмет атқарған оқушылармен қоштастық... Олар – жай ғана оқушы емес, үлкен өзгерістердің бастаушысы, идеяның иесі, мектеп рухының тірегі болды. 🔸 Бүгін ресми түрде жаңа құрамға жол беріп, көшбасшылық эстафетасын табыстады. 🔸 Мектеп директорының атынан алғыс хатпен марапатталып, жүректен шыққан қошеметке ие болды. 💙 Қимастықпен шығарып салып, әрқайсына жаңа белестер мен жарқын жол