Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жаңадан қабылданған жас мамандарға әдістемелік және кәсіби қолдау
10
сентябрь
2025
Жаңадан қабылданған жас мамандарға әдістемелік және кәсіби қолдау
2025 жылдың 10 қыркүйек күні мектебімізге жаңадан қабылданған жас мамандарға әдістемелік және кәсіби қолдау көрсету мақсатында жиналыс өтті. Жиналыс барысында, мектеп басшысы жас мамандарды педагогикалық этиканы сақтау, әр оқушының жеке ерекшелігін ескеріп жұмыс жасау, сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, ЖИ-нің озық технологиясын пайдаланып, жан-жақты, шығармашыл болуға шақырды. Сондай-ақ, тәжірибе алмасу, кәсіби даму курстары мен семинар-тренингтерге қатысу мүмкіндіктері айтылды.
Cынып жетекшілер штабының отырысы
09
сентябрь
2025
Cынып жетекшілер штабының отырысы
Бүгін мектебімізде 2025–2026 оқу жылына арналған сынып жетекшілер штабының отырысы өтті. 📝 Отырыста келесі мәселелер қаралды: 1️⃣ Жаңа оқу жылына арналған мектептің жылдық тәрбие жоспары таныстырылды. 2️⃣ Сынып жетекшілерінің тәрбие бағытындағы жылдық жоспарлары талқыланды. 3️⃣ Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, жолда жүру ережесі мен өрт қауіпсіздігіне қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 4️⃣ Әртүрлі маңызды мәселелер қарастырылды. 🔹Шараға мектеп инспекторы Нұрбек Айза да
IB MYP бағдарламасы бойынша консультант визиты
05
май
2025
IB MYP бағдарламасы бойынша консультант визиты
Мектебімізге IB MYP бағдарламасы бойынша Швейцарияның Женева қаласынан консультант Keith Browne келіп кетті. Консультанттың келудегі басты мақсаты — мектептің IB талаптарына сәйкестігін бағалау және одан әрі сапалы дамыту жолдарын ұсыну. Мектептің негізгі стейкхолдерлері — мұғалімдер, оқушылар және ата-аналармен жеке кездесу ұйымдастырып, олардың бағдарлама туралы көзқарастары мен тәжірибесін тыңдады.Бұл – халықаралық деңгейде мойындалған білім беру жүйесінің бір бөлігі болуға тағы бір қадам!
“Біздің қажеттіліктер мен мүмкіндіктеріміз” тақырыбында ашық сабақ
28
апрель
2025
“Біздің қажеттіліктер мен мүмкіндіктеріміз” тақырыбында ашық сабақ
“Білімге жол- жарқын болашаққа қадам” атты бастауыш пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында 1”А” сыныбында дүниетану пәнінен “Біздің қажеттіліктер мен мүмкіндіктеріміз” тақырыбында ашық сабақ өтті. “Ақылды үкінің сұрақтары” арқылы үй тапсырмасы сұралып, жаңа сабақ барысында “Аялдама, Тілектер гүлі, Қажеттіні тап” әдістері арқылы қажеттіліктер туралы ойларын жеткізіп, мамандықтар туралы топтық жұмыс жасалды. Сабақ барысында оқушылар өз қаражаттарын жұмсауды үйреніп, тұтыну заттарына деген өз
«Жердегі тіршілікке ғарыштың әсері» тақырыбында кіріктірілген сабақ
23
апрель
2025
«Жердегі тіршілікке ғарыштың әсері» тақырыбында кіріктірілген сабақ
4 Ә сынып оқушыларымен жаратылыстану пәнінен «Жердегі тіршілікке ғарыштың әсері» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізілді. Пән мұғалімдері: Бастаубаева Ж.С., Мұратқан Г ВИДЕО
«Қымбат, арзан» тақырыбында ашық сабақ
22
апрель
2025
«Қымбат, арзан» тақырыбында ашық сабақ
“Білімге жол – жарқын болашаққа қадам” атты бастауыш пәндер кафедрасының апталығы 22 сәуір 2025 жылы бастауыш пәндер кафедрасының апталығы аясында 1 “В” сыныбында математика пәнінен «Қымбат, арзан» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: • «Қымбат», «арзан» ұғымдарын меңгерту; • Өрнек құрастыру және мәнін табуға үйрету; • Теңдік пен теңсіздік құрастыру дағдысын дамыту. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылар тек бағаны ажырату ғана емес, сонымен қатар заттың сапасы, құндылығы мен
Кіші ғарыш денелері әлеміне саяхат!
21
апрель
2025
Кіші ғарыш денелері әлеміне саяхат!
Бүгін 4-сынып оқушыларымен жаратылыстану пәнінен «Кіші ғарыш денелері» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар: • Астероидтар, метеорлар мен кометалардың ерекшеліктерін анықтады; • Ғарыш кеңістігін зерттеудің маңызын түсінді; • Ғылыми деректерді көрнекі құралдармен, бейнематериалдармен байланыстырып, талдау жасады; • Өз ойларын постер, сурет және шағын жобалар арқылы шығармашылықпен жеткізді. Бұл кіріктірілген сабақ оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,
“Ғаламшар құпиялары. Дара және күрделі сан есім” тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ өткізді.
18
апрель
2025
“Ғаламшар құпиялары. Дара және күрделі сан есім” тақырыбында
Бастауыш пәні мұғалімі Бастаубаева Ж.С Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қасымхан М.Қ 4 “А” сыныбында “Ғаламшар құпиялары. Дара және күрделі сан есім” тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнын анықтау. Дара және күрделі сан есімдерді ажырату. Оқушыларды еңбекқорлыққа, өз ойын жүйелі жеткізуге дәріптеу. ВИДЕО
«Авторлық бағдарламаларды енгізу: тәжірибе және жаңа әдістер» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік онлайн семинар өткізілді
18
апрель
2025
«Авторлық бағдарламаларды енгізу: тәжірибе және жаңа әдістер»
Алматы қаласы Алатау ауданы №201 мектеп-гимназиямының ұйымдастыруымен «Авторлық бағдарламаларды енгізу: тәжірибе және жаңа әдістер» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік онлайн семинар өткізілді. Мақсаты: Педагогикалық шеберлікті шыңдап, тәжірибе алмасу. Семинар барысында оқушылардың сөйлеу, математикалық, технологиялық және цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған он бес авторлық бағдарлама таныстырылды. Бағдарламалар қазіргі заман талаптарына сай құрастырылған және мектептен тыс
“Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары” тақырыбында IB бағдарламасы бойынша ашық сабақ
11
апрель
2025
“Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары” тақырыбында IB
Математика пәні мұғалім Ұзақова Алуа Нұрлыбекқызы 6 “Г” сыныбына “Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары” тақырыбында IB бағдарламасы бойынша ашық сабақ өтті. Сабақ мақсаты: 📈 статистикалық талдаулар жасау; 📉 статистиканың қоғамдағы рөлін анықтау; 📊 талдаулар нәтижесін “Excel” программасында тексеру; Статистикалық мәліметтерді жариялау әділдікті, реттілікті, шынайылықты талап етеді!