28
апрель
2025
“Біздің қажеттіліктер мен мүмкіндіктеріміз” тақырыбында ашық сабақ
“Білімге жол- жарқын болашаққа қадам” атты бастауыш пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында 1”А” сыныбында дүниетану пәнінен “Біздің қажеттіліктер мен мүмкіндіктеріміз” тақырыбында ашық сабақ өтті. “Ақылды үкінің сұрақтары” арқылы үй тапсырмасы сұралып, жаңа сабақ барысында “Аялдама, Тілектер гүлі, Қажеттіні тап” әдістері арқылы қажеттіліктер туралы ойларын жеткізіп, мамандықтар туралы топтық жұмыс жасалды. Сабақ барысында оқушылар өз қаражаттарын жұмсауды үйреніп, тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтауды меңгерді.
Пән мұғалімі: Турысбаева Айнур Жолановна.
Пән мұғалімі: Турысбаева Айнур Жолановна.