Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әдістемелік нұсқау хатты пән бойынша талдау
18
август
2022
Әдістемелік нұсқау хатты пән бойынша талдау
Мектеп әдістемелік бірлестіктерінің “2022-2023 оқу жылында Қазақстан орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы” әдістемелік нұсқау хатқа енген өзгерістерді өз пәндері бойынша талдау жүргізіп, өзгерістер бойынша жаңа оқу жылына арналған жоспарларын толықтырды. 
“Үздік ғылыми жоба авторы”
17
январь
2022
“Үздік ғылыми жоба авторы”
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай “Үздік ғылыми жоба авторы” атты республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысып, “Зерде” номинациясы бойынша  жеңімпаз атанған 3 Б сынып оқушысы Мұқатай Рамазан Ерланұлы дарындылығы мен оқу барысында білім, ғылымға ізденімпаздылығы үшін “ Үздік ғылыми жоба авторы” атты төсбелгімен және I дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Каканова Бағлан Ахметкановна Құттықтаймыз
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді  дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама.
17
декабрь
2021
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді  дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. «Елбасы медалі» жастардың тек білімінің және табысының символы ғана болып қалмайды. Болашақ мектеп түлектері үшін де елдегі ЖОО-да білімдерін жалғастыруға бағытталған тың қадам.  Бағдарлама аясында 201 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы  Дәулеткелді Әлия Ермекқызы «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегері атанды. Құттықтаймыз!🎊 Бұл марапат алдағы жеңістердің бастамасы деп сенеміз!
“Достық пен бауырластыққа 30 жыл” тақырыбындағы қалалық эссе байқауының аудандық іріктеу кезеңінің жүлдегері;
09
ноябрь
2021
“Достық пен бауырластыққа 30 жыл” тақырыбындағы қалалық эссе
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне және Алматы-Ренн (Франция)  қалалар бауырластығының 30 жылдығына орай “Достық пен бауырластыққа 30 жыл” тақырыбындағы қалалық эссе байқауының аудандық іріктеу кезеңінің жүлдегері; Шығармашыл оқушылар арасындағы “Ақберен” республикалық өнер байқауының аудандық кезеңінде “Шешендік, білгірлік сайысы” номинациясы  бойынша 1 орын алғаны үшін 10 “Ә” сыныбының оқушысы Нүкен Аяулым марапатталды Жетекші ұстазы: Бактыбаева Данагуль Аркабаевна
Педагогикалық кеңес
08
ноябрь
2021
Педагогикалық кеңес
5.11.2021 ж. 201 мектеп-гимназиясында “Білім алушылардың  біліміндегі олқылықтарын толықтыру мақсатында жұмыс алгоритмін құру”тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде: 1. Білім алушылардың олқылықтарын жою жұмыстарын ұйымдастыру  2. I тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың білім деңгейлерінің көрсеткіш мониторингісі 3. I тоқсандық кіріс әкімшілік бақылау қорытындысы 4. Педагог қызметкерлердің аттестаттау ережесімен таныстыру 5. “Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың
МЕЙБУКАН  ДЗЮ-РЮ каратэ ДОДАН 1 орын жүлдегері  Марат Марлен
06
ноябрь
2021
МЕЙБУКАН ДЗЮ-РЮ каратэ ДОДАН 1 орын жүлдегері Марат Марлен
Қызылорда  қаласында өткен  МЕЙБУКАН  ДЗЮ-РЮ каратэ ДОДАН 1орын жүлдегері  Марат Марлен
"Ардақты асыл жандар,ардагерлер қартаймаңдар
22
октябрь
2021
"Ардақты асыл жандар,ардагерлер қартаймаңдар
Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімі "Қарттар айлығы " аясында "Ардақты асыл жандар,ардагерлер қартаймаңдар" атты 6-7 сыныптар арасында өткізілген аудандық бейнеролик байқауына қатысып ІІ орын иегері атанғаны үшін 7 "В" сынып оқушысы Төлеубек Архат марапатталады.
«Тұлға болам 2» республикалық кітап оқу сайысы
19
октябрь
2021
«Тұлға болам 2» республикалық кітап оқу сайысы
«Тұлға болам 2» республикалық кітап оқу сайысының 5-7 сыныптар арасында өткен 1-кезеңінің қорытындысы бойынша  4513 оқушының ішінен  5 «А» сынып оқушылары Әбдіәмит Абзал мен Даулет Аянат  жоғары ұпай жинап , алғашқы ондықтан көрінді.  Айта кетейік,  Абзал 1-орын, Аянат 9-орынға ие болып,  1-кезеңнің 30 ең үздік қатысушысына   берілетін 5000 теңге сыйақыны алады.  Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтай отырып, алдағы кезеңдерінде сәттілік, жеңіс тілейміз! Жетекшісі: М.У.Дусимбаева
Қазақстан Республикасы  Білім және Ғылым министрлігі  ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
11
октябрь
2021
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі  ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі қол жеткізген табыстары үшін Данагуль Аркабаевна Бактыбаева марапатталады. Данагуль Арқабаевна марапатыңыз құтты болсын!Білім сапасын арттыруда педагогикалық ізденіс, жаңа серпін шығармашылық табыс тілейміз. Мерейіңіз  үстем, мәртебеңіз биік болсын!