Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Жас мамандарға психологиялық көмек” тақырыбында мектебіміздің жас мамандарына мектеп психологтарының ұйымдастыруымен тренинг жүргізілді.
11
февраль
2025
“Жас мамандарға психологиялық көмек” тақырыбында мектебіміздің жас
11.02.2024ж “Жас мамандарға психологиялық көмек” тақырыбында мектебіміздің жас мамандарына мектеп психологтарының ұйымдастыруымен тренинг жүргізілді. Мақсаты: жас мамандарға психологиялық көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастырып, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіру, оқушымен қарым - қатынастарын нығайту. ВИДЕО
“Білім беру үдерісінде Google құралдарын тиімді пайдалану” тақырыбында семинар
07
февраль
2025
“Білім беру үдерісінде Google құралдарын тиімді пайдалану”
Бүгін мектебімізде мұғалімдерге арналған “Білім беру үдерісінде Google құралдарын тиімді пайдалану” тақырыбында семинар өтілді. Спикер – информатика пәнінің мұғалімі Альмира Сериковна Алматы қаласы Білім басқармасы тарапынан ұстаздарға берілген корпоративтік аккаунт арқылы ұстаздарға Google сервистерінің мүмкіндіктерін таныстырып, оларды сабақ барысында қолдану жолдарын көрсетті. 🔹 Семинар барысында мұғалімдер: ✅ Google Docs, Forms, Classroom сияқты құралдарды тиімді пайдалануды; ✅ Онлайн
«Математикалық мазмұндағы пікірлер. Ақиқат және жалған» тақырыбында кіріктірілген сабақ
30
январь
2025
«Математикалық мазмұндағы пікірлер. Ақиқат және жалған» тақырыбында
4 «Г» және 4 «Д» сыныптарында бастауыш сынып мұғалімдері К.Ж. Қурмангалиева, А.И. Кисамиева және математика пәнінің мұғалімі М.А. Утешова бірлесіп, «Математикалық мазмұндағы пікірлер. Ақиқат және жалған» тақырыбында  кіріктірілген сабақ өткізді. Сабақтың басты мақсаты – бастауыш пен негізгі мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ете отырып, есептер шығару арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 🔹 Сабақ барысында: ✔ «Мектептен үйге дейінгі жолдың ұзақтығы мен жылдамдығын
“Бір бағыттағы қуып жету және қалып қою қозғалыстарына берілген есептерді салыстыру” тақырыбында кіріктірілген сабақ
29
январь
2025
“Бір бағыттағы қуып жету және қалып қою қозғалыстарына берілген
4 “Ә” сыныбында бастауыш сынып мұғалімі Бастаубаева Ж.С. мен математика пәнінің мұғалімі Ұзақова А.Н. бірлесіп, математика пәнінен “Бір бағыттағы қуып жету және қалып қою қозғалыстарына берілген есептерді салыстыру” тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізді. 🔰Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларды 5-сыныптағы математика пәніне бейімдеу. Осыған орай, бастауыш және негізгі мектеп деңгейіндегі тапсырмалар кіріктіріліп, оқушыларға логикалық ойлау мен талдау дағдыларын дамытуға бағытталған есептер
Педагогикалық консилиум
15
январь
2025
Педагогикалық консилиум
🖇️Мектеп-гимназиямызда 4-сынып оқушыларының орта буынға, яғни 5-сыныпқа көшуге дайындығын зерделеу мақсатында 5-сынып пән мұғалімдерінің қатысуымен педагогикалық консилиум өтті. Педагогикалық консилиумде негізгі назар келесі мәселеге аударылды: • Оқушылардың орта буынға тез және жеңіл бейімделуін қамтамасыз ету; • Туындауы мүмкін қиындықтарды зерттеп, саралау; • Бейімделу кезеңін жеңілдету үшін тиімді шешімдер ұсыну. Кеңес қорытындысы бойынша 4-сынып және 5-сынып мұғалімдері бірлесіп сабақ
IB MYP Implementation
14
январь
2025
IB MYP Implementation
IB MYP Implementation IB MYP бағдарламасы бойынша сабақ беретін пән мұғалімдері арасында кезекті тәжірибе алмасу сессиясы өтті. 🔹 3-тоқсанға арналған жоспарлар таныстырылып, нақты тапсырмалар берілді. 🔹 Тәжірибе алмасуға барған мектептердің тиімді тұстары мен үздік тәжірибелері талқыланды.
“Заманауи платформалар және жасанды интеллект мүмкіндіктері” тақырыбында семинар
06
январь
2025
“Заманауи платформалар және жасанды интеллект мүмкіндіктері”
06.01.2025 күні мектебімізде “Заманауи платформалар және жасанды интеллект мүмкіндіктері” тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Каканова Бағлан Ахметқанқызы семинар өткізді. Заманауи платформалар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақ үдерісіне енгізу бойынша бағыт бағдар беріп, іс- тәжірибесімен бөлісті. ВИДЕО
30.12.2024 күні №3 педагогикалық кеңес өтті
30
декабрь
2024
30.12.2024 күні №3 педагогикалық кеңес өтті
30.12.2024 күні №3 педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде мектептің өзекті мәселелері қарастырылып, екінші тоқсанды және 2024 жыл жетістіктерін қорытындыладық. Мектептің даму жоспары бойынша үшінші тоқсанға жұмыс мақсаты айқындалды. ВИДЕО
IB MYP Implementation  📚MYP, бұл тек теория ғана емес, оқушыларды шынайы өмірдегі қажетті дағдыларға дайындайтын бағдарлама. Мектебіміздің химия пәні мұғалімі Жорабаева Динара Жумадиллаевна IB MYP бағдарласымен сабақ беретін пән мұғалімдеріне жобаға
06
декабрь
2024
IB MYP Implementation 📚MYP, бұл тек теория ғана емес, оқушыларды
IB MYP Implementation 📚MYP, бұл тек теория ғана емес, оқушыларды шынайы өмірдегі қажетті дағдыларға дайындайтын бағдарлама. Мектебіміздің химия пәні мұғалімі Жорабаева Динара Жумадиллаевна IB MYP бағдарласымен сабақ беретін пән мұғалімдеріне жобаға негіздеп оқытуды және оның IB бағдарламасындағы рөлі бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Ұстаздарымыз IB форматындағы мектебіміздің қалыптасуына өз үлесін қосуда. ВИДЕО