Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
7 “Ә” сынып оқушыларымен жапырақтың құрылысы мен қызметін зерттедік
20
ноябрь
2025
7 “Ә” сынып оқушыларымен жапырақтың құрылысы мен қызметін зерттедік
Биология + Химия🧪 Бүгін 7 “Ә” сынып оқушыларымен жапырақтың құрылысы мен қызметін зерттедік: ✅ Жапырақтың ішкі құрылысы: эпидерма, ұлпалар, хлоропластар – фотосинтездің негізгі орындары. ✅ Лептестік қызметі: күн сәулесін ұстап, фотосинтезге қолайлы жағдай жасау. ✅ Су булануы мен газ алмасуы: тәжірибе арқылы газ алмасу мен транспирация процесін бақыладық. 📌 Практика (IB MYP Integration): Крахмалға йод реакциясы арқылы фотосинтездің болуын дәлелдедік, теорияны тәжірибемен байланыстыра отырып
CHEMQUEST – Химиялық құпия әлеміне саяхат!
20
ноябрь
2025
CHEMQUEST – Химиялық құпия әлеміне саяхат!
CHEMQUEST – Химиялық құпия әлеміне саяхат! Бүгін 9-сынып оқушылары және Өзін-өзі басқару ұйымымен бірге Динара Жумадилаевна химияның тылсым құбылыстарын тәжірибе арқылы ашқан нағыз ғылыми шытырман ұйымдастырды. Әр станция — бір құпия, әр тапсырма — бір жаңалық. Оқушылар жұмбақтарды шешіп, реакциялардың сырын зерттеп, химияның шынайы сиқырына куә болды. 🔍 Қызығушылық ⚗️ Тәжірибе 🔥 Команда 🌟 Ғылыми атмосфера Химияны қызықты, түсінікті, өмірмен байланысты етіп жеткізу — біздің басты мақсат!
“Білім арқылы әлемді танимыз” атты интеллектуалды сайыс
19
ноябрь
2025
“Білім арқылы әлемді танимыз” атты интеллектуалды сайыс
9 қараша, 9-сыныптар арасында “Білім арқылы әлемді танимыз” атты интеллектуалды сайыс өтті! Бұл сайыста- оқушылар географиялық сауаттылығын арттырып, логикалық ойлау қабілетін дамытып, топтық жұмыс арқылы өзара түсіністікті үйренді, сондай-аш әлемді тануға деген қызығушылығын оятты. Ұйымдастырушылар: География мұғалімдері және өзін-өзі басқару ұйымы ​https://www.instagram.com/reel/DRPzyr3jF0S/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
«Білім және мансап» көрмесіне 8–11 сынып оқушылары барып қайтты
19
ноябрь
2025
«Білім және мансап» көрмесіне 8–11 сынып оқушылары барып қайтты
«Білім және мансап – 2025» көрмесінде ⠀ 📅 19–21 қараша аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында өтіп жатқан XXIV Қазақстан халықаралық «Білім және мансап» көрмесіне 201 мектеп-гимназиясының 8–11 сынып оқушылары барып қайтты. ⠀ 🔎 Көрмеде оқушылар жоғары оқу орындары, колледждер және халықаралық білім беру бағдарламалары туралы пайдалы мәліметтер алды. ⠀ 🌱 Болашақ мамандығын саналы таңдауға бағытталған бұл шара – оқушылар үшін үлкен мүмкіндік.
“Экология және біз” сабағы: Теплицада көкөніс отырғызу
19
ноябрь
2025
“Экология және біз” сабағы: Теплицада көкөніс отырғызу
“Экология және біз” сабағы: Теплицада көкөніс отырғызу 🌱 Бүгінгі сабақта оқушылармен бірге жылыжайға түрлі жасыл дақылдар отырғыздық. Табиғатты қорғау, өз қолымен өнім өсіру және экологиялық жауапкершілік – біздің негізгі мақсатымыз болды. Жылыжайға отырғызылған өсімдіктер: • 🥬 Салат жапырағы • 🌿 Петрушка • 🌿 Базилик • 🌿 Аскөк • 🥒 Қияр • 🍅 Помидор • 🌱 Шпинат Бұл тәжірибе оқушыларға өсімдіктердің өсу жағдайын бақылауға, еңбектің нәтижесін көруге және экологияның күнделікті өмірдегі маңызын
Hydroponics Field Trip
18
ноябрь
2025
Hydroponics Field Trip
Green Future: 💧Hydroponics Field Trip🌿 Мақсаты: оқушыларды топырақсыз өсіру технологиясымен таныстыру, экологиялық ойлау мен зерттеушілік дағдыларын дамыту. Іс-шара барысында оқушылар: • Hydroponics жүйесінің жұмысын бақылады • Қоректік ерітіндінің рөлін зерттеді • Өсімдіктің тамыр жүйесін бақылап, тәжірибе жасады • Жасыл технологиялардың болашақтағы орны туралы пікірлесті Бұл танымдық іс-шараны биология пәні мұғалімдері ұйымдастырды.Ғылымға қызығушылықты арттыратын нәтижелі әрі мазмұнды күн
«Жердің даму тарихы – уақыт қойнауындағы сыр» тақырыбында сыныптан тыс танымдық ғылыми-зерттеу жұмысы
18
ноябрь
2025
«Жердің даму тарихы – уақыт қойнауындағы сыр» тақырыбында сыныптан
«Ғылым мен табиғат үндестігі – тұрақты болашақ кепілі» атты апталық аясында 5 “Д” сыныбы «Жердің даму тарихы – уақыт қойнауындағы сыр» тақырыбында сыныптан тыс танымдық ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізді. Зерттеу циклі IB inquiry cycle моделі бойынша жүзеге асырылып, оқушылардың зерттеу жұмыстары көрме форматы түрінде рефлекция ретінде ұсынылды. Оқушылар топқа бөлініп тапсырмаларын қызығушылықпен орындап шықты. Пән мұғалімі: Райымкулова М.К
«Қоғамдағы мінез-құлық ережелерін құрметтеуде отбасының рөлі» тақырыбында жиналыс өткізілді
13
ноябрь
2025
«Қоғамдағы мінез-құлық ережелерін құрметтеуде отбасының рөлі»
Ата-аналар жиналысы өтті 5–8 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Қоғамдағы мінез-құлық ережелерін құрметтеуде отбасының рөлі» тақырыбында жиналыс өткізілді. 🗓 Күн тәртібінде: 1️⃣ Бала тәрбиесіндегі заманауи сын-қатерлер 2️⃣ Бүгінгі бала – ертеңгі тұлға. Мінез-құлыққа орта мен тәрбиенің әсері 3️⃣ Баланың ішкі әлемін түсіну – тәрбиенің бастауы 🔹 Жиналысқа мектепке жауапты учаскелік инспектор, полиция капитаны Нұрбек Айза қатысып, құқықтық сауаттылық пен отбасының бала тәрбиесіндегі маңызы жайлы
«Бала қауіпсіздігі: үйде, мектепте, көшеде және интернет желісінде» 1–4 сынып ата-аналарына арналған жиналыс өтті
12
ноябрь
2025
«Бала қауіпсіздігі: үйде, мектепте, көшеде және интернет желісінде»
«Бала қауіпсіздігі: үйде, мектепте, көшеде және интернет желісінде» 1–4 сынып ата-аналарына арналған жиналыс өтті. 🗂️ Күн тәртібінде көтерілген мәселелер: • Отбасы ішіндегі қарым-қатынас, сенімді орта құру. • Әлеуметтік желідегі сақтық • Баланың ішкі әлемін түсіну — тәрбиенің бастауы 👮 Жиынға мектепке жауапты учаскелік инспектор, полиция капитаны Нұрбек Айза қатысып, бала қауіпсіздігіне қатысты маңызды кеңестермен бөлісті. 👨‍👩‍👧‍👦 Ата-ана мен мектеп бірлессе — бала қауіпсіз, қоғам бейбіт!
“DosbolLike:достық қолын ұсын!”акциясы өткізілді.
12
ноябрь
2025
“DosbolLike:достық қолын ұсын!”акциясы өткізілді.
“Өркен” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының ұйымдастыруы бойынша 7-8 сынып оқушыларымен “DosbolLike:достық қолын ұсын!”акциясы✨❤️өткізілді. ✅Мақсаты: оқушылар арасында шығармашылыққа негізделген ұжымдық іс-әрекет арқылы достық пен бірлікке негізделген қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау ​https://www.instagram.com/reel/DQ_qqAeDI_g/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​