«Ғылымға құштар оқушы – ел болашағы» тақырыбында семинар
2024 жылы 11 желтоқсанда «Ұлт тілін ұлықтау – алаш аманатына адалдық, болашаққа бағыт» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі аясында «Ғылымға құштар оқушы – ел болашағы» тақырыбында семинар өтті. Мақсаты: Білім алушыларды жас кезеңдеріне қарай ғылыми-зерттеу жұмыстарына жүйелі тартудың, ғылымда жаңалық ашуға деген қызығушылығын оятудың тиімді жолдарын тәжірибемен ұштастыра көрсету. Семинардың спикері жазушы, драматург, сыншы, педагог-зерттеуші Рақыш Айзат Серікқызы оқушыларды