Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1-сыныпқа қабылданған оқушылардың ата-аналарына арналған ашық есік күні
21
август
2025
1-сыныпқа қабылданған оқушылардың ата-аналарына арналған ашық есік
Ашық есік күні Бүгін мектебімізде 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың ата-аналарына арналған ашық есік күні өтті. Мектеп басшысы Шамова Арайлым Мәтжанқызы және мектеп әкімшілігі жаңа оқу жылына дайындық барысын баяндап, оқу-тәрбие үдерісі жөнінде маңызды мәліметтермен бөлісіп, ата-аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Сынып жетекшілер ата-аналармен танысып, балалардың мектепке бейімделуі жайлы кеңестер беріп, оқушылардың алғашқы оқулығын табыстады. 🤝 Бұл кездесу мектеп пен ата-ана
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
09
август
2025
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
Алатау ауданы N201 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында “Таза бейсенбілік” ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтау. Сенбілік барысында мектеп аумағы қоқыстан тазартылып, гүлзарлар ретке келтірілді.Мектебіміздің ұстаздары табиғатты қорғауға үлес қосып, қоршаған ортаға жанашырлық танытты ВИДЕО
Аттестат табыстау – жарқын болашаққа жолдама!
19
июнь
2025
Аттестат табыстау – жарқын болашаққа жолдама!
Аттестат табыстау – жарқын болашаққа жолдама! Бүгін мектебімізде негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды табыстау салтанатты жиыны өтті. Бұл – түлектеріміздің өміріндегі маңызды белестердің бірі. Жастықтың жалауын желбіретіп, арманына қанат қаққан шәкірттерімізге сәттілік тілейміз! Алған білімдерің — өмірлік серік, жарқын болашақтарыңның іргетасы болсын! Мұғалімдер мен ата-аналардың ақ батасы – жолдарыңа жарық нұр болсын! ВИДЕО
DemaLike лагерінің жабылу кеші!
10
июнь
2025
DemaLike лагерінің жабылу кеші!
DemaLike лагерінің жабылу кеші! 🎉 Міне, 10күнде зу етіп өте шықты! Осы уақыт ішінде оқушылар жаңа достар тауып, жарқын сәттерге куә болды. 🔬 Химиялық тәжірибелер — ең қызықты сәттердің бірі болды! Балалар ғылымға қызығушылықпен қарап, тәжірибелерді өз қолдарымен жасап көрді. 🎲 Қызықты ойындар ойнатылып, белсенді оқушыларға тәтті сыйлықтар табысталды! 🍭 Ал ең үздік эссе жазған оқушылар марапаттарға ие болды! 🏅 Бұл лагерь — тек демалыс емес, шабыт, даму және шаттық алаңы болды! DemaLike лагері
“Жаз аруы – 2025” сұлулық пен өнердің мерекесі!
09
июнь
2025
“Жаз аруы – 2025” сұлулық пен өнердің мерекесі!
“Жаз аруы – 2025” сұлулық пен өнердің мерекесі! 🌸 DemaLike лагерінде өткен ең әсем кеш – “Жаз аруы” байқауы болды! Кеш бойы аруларымыз: ✨ Өзін ерекше таныстырып, 🎤 Өз өнерін паш етіп, 💃 Сахнада сән көрсетіп, нағыз модель бола білді! Бұл кеш – тек сұлулық емес, сенімділік, талант және нәзіктік кеші болды. Қыздарымыз өз болмыстарын жарқыратып, жүректерді баурап алды! ВИДЕО
Лагерь сұлтаны — нағыз жігіттер сайысы!
09
июнь
2025
Лагерь сұлтаны — нағыз жігіттер сайысы!
Лагерь сұлтаны — нағыз жігіттер сайысы! 👑 DemaLike лагерінде ерекше атмосфера орнады! Жігіттер сахнаға шығып, өздерін таныстырып, шынайы болмысын көрсетті. Сұрақтарға тапқыр жауап беріп, күш пен ептілікте де бір-бірінен қалыспады. Бұл тек сайыс емес — бұл ер мінезді, сенімді, харизмасы мықты жігіттердің мерекесі болды! 🌟 Қызықты сәттер мен естен кетпес эмоциялар әлі алда! ВИДЕО
DemaLike лагерінде керемет эстафеталық ойын өтті!
09
июнь
2025
DemaLike лагерінде керемет эстафеталық ойын өтті!
Эстафета – тек жарыс емес, бірлік пен батылдықтың көрінісі! DemaLike лагерінде керемет эстафеталық ойын өтті! 🏃‍♂️🏃‍♀️✨ 4 топтың оқушылары шапшаңдық пен ептіліктерін сынап, түрлі кезеңдерден өтті: 🔸 арнайы белгілерден жүгіріп өту 🔸 допты түсірмей алып өту 🔸 теннис добын дәлдікпен жеткізу Жеңімпаздар анықталды: 🥇 ҒАРЫШ тобы – нағыз жарыс шеберлері! 🥈 ЖҰЛДЫЗ тобы – бір қадам ғана артта 🥉 ӘЛЕМ тобы – жігерлі күрес көрсеткендер 🏅 АРЫСТАН тобы – жеңіліске мойымай, достықты биік қойғандар! ВИДЕО
ДемаLike лагерьінде “Қайтала” тренді🪄
06
июнь
2025
ДемаLike лагерьінде “Қайтала” тренді🪄
ДемаLike лагерьінде “Қайтала” тренді🪄 Балалар түрлі-түсті ермексаздан көрсеткен жануарлар мен заттарды жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. 👐🎬 Балалардың қиялына шек жоқ — әрбір жұмыс бірегей және ерекше шықты! Осындай қызықты әрі танымдық шаралар балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, қол өнеріне деген ынтасын арттырады. ВИДЕО
“ДемаLike” лагерінің ерекше саяхаты!
06
июнь
2025
“ДемаLike” лагерінің ерекше саяхаты!
“ДемаLike” лагерінің ерекше саяхаты! 2025 жылдың 3 маусымында мектебіміздің жанынан құрылған “ДемаLike” оқушылар лагері аясында демалушы балалар Алатау ауданындағы “Оқушылардың инновациялық шығармашылығы орталығына” қызықты саяхат жасап қайтты. 🔎 Сапар барысында: 🔹 Орталықтағы түрлі бағыттағы үйірмелермен танысты; 🔹 STEM, робототехника, 3D модельдеу, бағдарламалау, электроника бағыттарындағы жобаларды тамашалап, тәжірибелік жұмыстарға куә болды. 💡 Бұл саяхат оқушылардың ғылым мен техникаға
“Әншілерді танисың ба?” сайысы өз мәресіне жетті!
06
июнь
2025
“Әншілерді танисың ба?” сайысы өз мәресіне жетті!
“Әншілерді танисың ба?” сайысы өз мәресіне жетті! 🎶 Бүгінгі көңілді де тартысты музыкалық сайыста қатысушылар өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Әр команда әншілерді танып қана қоймай, олардың әндерін шеберлікпен орындап, көрермендерді тәнті етті! 🏆 Жеңіс Смарт тобының еншісінде! Тапқырлық, командалық жұмыс және музыкаға деген сүйіспеншілік – осының бәрі Смарт тобының жеңісіне жол ашты. Құттықтаймыз! 👏 Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз – сіздер лагерьіміздің нағыз жұлдыздарысыздар! 🌟