Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Педагог-профориентолог маманы 5 “Д” сынып оқушыларымен «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді
12
январь
2026
Педагог-профориентолог маманы 5 “Д” сынып оқушыларымен «Мен таңдаған
2026 жылдың 12 қаңтар күні мектептің педагог-профориентолог маманы 5 “Д” сынып оқушыларымен «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мамандық ұғымын кеңінен түсіндіру, еңбекке құрметпен қарауға баулу, сондай-ақ болашақ кәсібін саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру болды. Сынып сағаты барысында оқушылар өз армандарындағы мамандықтар жайында эссе жазып, таңдаған кәсібін сурет арқылы бейнелеп, шығармашылық белсенділіктерін көрсетті. Оқушылар
Жеңімпаздарды марапаттау
12
январь
2026
Жеңімпаздарды марапаттау
Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарын» орталығының ұйымдастыруымен 5-11 сынып оқушылары арлығында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген олимпиаданың аудандық кезеңіне 65 оқушы қатысты. Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың білім деңгейін арттыру, пәндерге деген қызығушылығын дамыту және дарынды оқушыларды анықтау. Қараша, желтоқсан айларында өткізілген олимпиада өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арналған марапптау рәсімі өтті. Мектеп директоры А.Шамова оқушыларды
«Үздік жас ұстаз-2025» байқауы
31
декабрь
2025
«Үздік жас ұстаз-2025» байқауы
«Білім әлеміндегі жаңа есімдер. New figures in Education» аты жас мамандар онкүндігі аясында «Үздік жас ұстаз-2025» байқауы өткізілді. 📚Байқаудың мақсаты: Сабақтың сапасын арттыру арқылы мұғалімдердің үздік педагогикалық тәжірибесін насихаттау; Креативті және ерекше түрде идея ұсынып, қорғау арқылы кәсіби шеберлігін көтеру; инновациялық тәжірибені зерделеу және тарату; 🎯Байқау үш кезеңнен тұрды: І кезеңі « Сапалы білім-сапалы сабақтан» ашық сабақтар шеруі ІІ кезеңі «Creativе teaching» -
8–11-сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық кеш
30
декабрь
2025
8–11-сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық кеш
Мектебімізде 8–11-сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық кеш ерекше көңілді өтті! ❄️🎄 Кешті мектеп парламентінің мүшелері ұйымдастырып, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй мен мерекелік атмосфера сыйлады. Әр сынып өз өнерін көрсетті – әсіресе, би қойылымдары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. 💃🕺 Кеш барысында қызықты ойындар, тосынсыйлар ұйымдастырылып, қатысушыларға тәтті сыйлықтар таратылды. 🎁✨ Жаңа жыл – жаңа бастамалар мен жарқын сәттердің бастауы. Баршаға шаттық пен табысқа толы 2026 жыл
Кезекті үшінші педагогикалық кеңес
30
декабрь
2025
Кезекті үшінші педагогикалық кеңес
30 желтоқсан күні мектебімізде “Тиімді коммуникация: ойлау, бірлескен әрекет және оқу сапасын арттыру” тақырыбында кезекті үшінші педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер: * «2025–2026 оқу жылындағы екінші педагогикалық кеңес қаулыларының орындалу барысы» /Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қ.С. Асылбек/ * ІІ тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың білім деңгейлерінің көрсеткіш мониторингісі /Оқу бөлімінің басшылары Қ.Д. Майланова, А.Е. Кенжебек/ * BRAND USTAZ. Цифрлы білімге-
«Экологиялық калейдоскоп» челленджі – біздің мектеп те қатысуда!
30
декабрь
2025
«Экологиялық калейдоскоп» челленджі – біздің мектеп те қатысуда!
«Экологиялық калейдоскоп» челленджі – біздің мектеп те қатысуда!🌍 Білім мен шығармашылықты біріктірген бұл жалпықалалық экологиялық эстафета – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған. 📌 Біздің оқушылар электронды ашықхаттар жасап, қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды сұрыптау, табиғи ресурстарды үнемдеу сынды маңызды тақырыптарды қозғап жатыр. ⠀ 🌿 Біз табиғатты қорғай отырып, болашақты жарқын етеміз!
«Зерде» ғылыми жобалар конкурсының нәтижесі
30
декабрь
2025
«Зерде» ғылыми жобалар конкурсының нәтижесі
2025 жылы «Зерде» ғылыми жобалар конкурсына Биылғы оқу жылында мектебімізден «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңіне 48 оқушы қатысты. Олардың ішінде 22 оқушы 1,2,3 орындармен марапатталып, 5 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды. Зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан, ізнеімпаз, білімге құштар, дарынды оқушыларымызды ынталандыру мақсатында мектебіміздің директоры А.М.Шамова оқушыларды І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттап, жаңа жылдық сыйлықтар тарту етті. Мектебіміздің
Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл!
24
декабрь
2025
Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл!
24 желтоқсан – Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, жазушы, полковник, әскери стратег Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл! «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 9 «А» сынып оқушылары арасында Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы бойынша кітап оқу сайысы өтті. 1-кезең: тест тапсырмалары 2-кезең: сұрақ-жауап, мазмұнды талқылау Оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы өз ойларын ортаға салып, терең түсінікпен жауап берді. Шараға Alatau Creative Hub кітапханашылары – Индира Мұратқызы мен
«Тәуелсіздік және отаншылдық» құндылығы бойынша дөңгелек үстел отырысына белсенді қатысып, мазмұнды баяндама жасап, үздік жұмыс көрсеткені үшін мектеп президенті Сафар Шынар марапатталды.
24
декабрь
2025
«Тәуелсіздік және отаншылдық» құндылығы бойынша дөңгелек үстел
«Мен – көшбасшымын!» қалалық слеті аясында өткен «Адал азамат» бағдарламасының «Тәуелсіздік және отаншылдық» құндылығы бойынша дөңгелек үстел отырысына белсенді қатысып, мазмұнды баяндама жасап, үздік жұмыс көрсеткені үшін мектеп президенті Сафар Шынар марапатталды. Қаламыздың жас көшбасшыларына үлгі болып, азаматтық ұстанымы мен белсенділігін танытқан Сафар Шынарға алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында мектеп Парламенті қауіпсіздік, тазалық, асхана қызметкерлеріне алғыс білдіріп, ашықхаттар мен тәтті сыйлықтар табыстады.
23
декабрь
2025
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында мектеп Парламенті қауіпсіздік,
«Қарапайым жұмысшыларды құрметтеу» челленджі – №201 мектеп-гимназиясы Парламентінен! ⠀ «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында мектеп Парламенті қауіпсіздік, тазалық, асхана қызметкерлеріне алғыс білдіріп, ашықхаттар мен тәтті сыйлықтар табыстады. ⠀ Мақсат – оқушыларды қарапайым еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу. ⠀ ✨ Қарапайым еңбек – үлкен құрметке лайық! ​https://www.instagram.com/reel/DSmhcTuDIF6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​