Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Болашағыңды бізден баста!» атты ашық есік күні
29
апрель
2025
«Болашағыңды бізден баста!» атты ашық есік күні
2025 жылдың 29 сәуір күні мектебіміздің профориентолог маманы 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен «Болашағыңды бізден баста!» атты ашық есік күніне қатысты. Сапар оқушылардың осы оқу орнына деген қызығушылығын арттырып, мамандық таңдауына сенімділік берді.
“ЖАС ЖОЛ ИНСПЕКТОРЛАРЫ” СЛЕТІНІҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНЕН 1 орынды иеленді
29
апрель
2025
“ЖАС ЖОЛ ИНСПЕКТОРЛАРЫ” СЛЕТІНІҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНЕН 1 орынды иеленді
“ЖАС ЖОЛ ИНСПЕКТОРЛАРЫ” СЛЕТІНІҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНЕН 6 “Г” сыныбы 1 орынды иеленді Жетекшісі: Ұзақова А.Н.
«Шерхан Мұртаза оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының аудандық кезеңінде 1-орын
29
апрель
2025
«Шерхан Мұртаза оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының аудандық
Қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу мақсатында өткізілген X республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының аудандық кезеңінде 10 “б” сынып оқушысы Байтөре Азамат 1-орынды иеленді. Жетекшісі Бактыбаева Данагүл Аркабаевна
"Shoqan Ecology" халықаралық ғылыми форумының нәтижесі
28
апрель
2025
"Shoqan Ecology" халықаралық ғылыми форумының нәтижесі
Бізді құтықтап қойыңыздар! 26-27 сәуір күндері Алматы қаласында өткен "Shoqan Ecology" халықаралық ғылыми форумында өз жобамызды сәтті қорғап, жүлделі орынға ие болдық! Форумға Қазақстанның және шетелдің ең үздік жас ғалымдары қатысып, экология саласындағы өзекті мәселелерді шешуге арналған тың зерттеулерін ұсынды. Асанғұл Айбар 150.000 тенге, Пердебай Дарын 50.000 тенге және барлық қатысушыларымыз атап айтқандаТолтаева Диана, Толтаева Аружан, Бегалиева Толғанай, Жүсіп Елдос, Серікбай Асқар,
“Біздің қажеттіліктер мен мүмкіндіктеріміз” тақырыбында ашық сабақ
28
апрель
2025
“Біздің қажеттіліктер мен мүмкіндіктеріміз” тақырыбында ашық сабақ
“Білімге жол- жарқын болашаққа қадам” атты бастауыш пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында 1”А” сыныбында дүниетану пәнінен “Біздің қажеттіліктер мен мүмкіндіктеріміз” тақырыбында ашық сабақ өтті. “Ақылды үкінің сұрақтары” арқылы үй тапсырмасы сұралып, жаңа сабақ барысында “Аялдама, Тілектер гүлі, Қажеттіні тап” әдістері арқылы қажеттіліктер туралы ойларын жеткізіп, мамандықтар туралы топтық жұмыс жасалды. Сабақ барысында оқушылар өз қаражаттарын жұмсауды үйреніп, тұтыну заттарына деген өз
«Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
28
апрель
2025
«Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында қауіпсіздік
«Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында оқушыларды жаппай қауіпсіздік шараларымен таныстыру мақсатында қауіпсіздік сабақтары өткізілді. Тәрбие сағаты кезінде түрлі әдіс- тәсілдер қолдана отырып, оқушылардың қауіпсіздік шараларын сақтау сауаттылықтарын артыру мақсаты жолға қойылды.
Қыздар арасында жеке бас гигиенасы жайлы жиналыс өтті
25
апрель
2025
Қыздар арасында жеке бас гигиенасы жайлы жиналыс өтті
Мектебімізде қыздар арасында жеке бас гигиенасы жайлы жиналыс өтті. Жиында тазалықтың маңызы, жасөспірім кезеңіндегі жеке күтім, киім мен сыртқы мәдениетті сақтау, денсаулыққа көңіл бөлу тақырыптары қамтылды. ⠀ 🌸 Қыз баланың тазалығы – оның әдебі мен тәрбиесінің айнасы. Жиналыс барысында пайдалы ақпараттар айтылып, ашық сұхбат форматында өткізілді.
5-11 сынып ата-аналарына арналған Ашық есік күні
25
апрель
2025
5-11 сынып ата-аналарына арналған Ашық есік күні
25.04.2025 ж. күні мектебімізде 5-11 сынып ата-аналарына арналған ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында ата-аналар IV токсанның 1-БЖБ (бөлім бойынша жиынтық бағалау) нәтижелеріне қатысты пән мұғалімдерінен жеке кеңес алып, балалардың оқу жетістіктері мен даму бағыттары жайлы толық ақпарат алды. Ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы осындай ашық диалог оқушылардың білім сапасын арттыруға және ата-аналармен тығыз байланыс орнатуға үлкен септігін тигізеді. Барлық ата-аналарға белсенді қатысқандары
“Ойнайық та ,ойлайық!” атты танымдық сайыс өткізілді
24
апрель
2025
“Ойнайық та ,ойлайық!” атты танымдық сайыс өткізілді
24.04.2025 жылы “Білімге жол - жарқын болашаққа қадам” атты бастауыш пәндер кафедрасының онкүндігі аясында 1-сыныптар арасында “Ойнайық та ,ойлайық!” атты танымдық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: ✅Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру ✅ Зейіндерін дамыту, тапқырлық пен жылдам әрекет етуге баулу. ✅Білімге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Сайыс барысында оқушылар әртүрлі қызықты тапсырмалар орындап, тапқырлықтарын, жылдамдықтарын
1–4 сыныптар ата-аналарына арналған Ашық есік күні
24
апрель
2025
1–4 сыныптар ата-аналарына арналған Ашық есік күні
24.04.2025 ж. күні мектебімізде бастауыш сынып (1–4 сыныптар) ата-аналарына арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында ата-аналар IV тоқсанның 1-БЖБ (Бөлім бойынша жиынтық бағалау) нәтижелеріне қатысты пән мұғалімдерінен жеке кеңес алып, балалардың оқу жетістіктері мен даму бағыттары жайлы толық ақпарат алды. Ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы осындай ашық диалог оқушылардың білім сапасын арттыруға және ата-аналармен тығыз байланыс орнатуға үлкен септігін тигізеді. Барлық ата-аналарға