Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
11-сынып оқушылары емтихан тапсыруда!
11
июнь
2025
11-сынып оқушылары емтихан тапсыруда!
11-сынып оқушылары емтихан тапсыруда! Мектебіміздің түлектері таңдау пәндері бойынша мемлекеттік емтихандарын тапсыруда. Бұл — олардың үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамдарының бірі. 📚 Білімге деген талпыныстары мен еңбектерінің жемісті болуына тілектеспіз! Сәттілік, жас түлек! ВИДЕО
Баланы қараусыз қалдырмаңыз!
11
июнь
2025
Баланы қараусыз қалдырмаңыз!
Алатау ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы жазғы демалыс кезеңінде балалардың өмір қауіпсіздігіне ерекше алаңдаушылық білдіреді. Осыған байланысты, құрметті ата-аналар балалардың су айдындарында, ашық алаңдарда және көпқабатты үйлердің терезелерінде ойнау кезіндегі қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз. Баланы қараусыз қалдырмаңыз! Қауіпсіздік – әр отбасының ортақ жауапкершілігі! Балалар қауіпсіздігі – басты міндетіміз!
Құрметті ата-аналар мен 9 және 11-сынып түлектері!
10
июнь
2025
Құрметті ата-аналар мен 9 және 11-сынып түлектері!
Құрметті ата-аналар мен 9 және 11-сынып түлектері! Алматы қаласы, Алатау ауданының білім мекемелері атынан баршаңызды мектеп бітіру кезеңімен құттықтаймыз! Аттестат тапсыру — оқушы өміріндегі аса маңызды әрі жауапты сәттердің бірі. Бұл күннің қауіпсіз әрі жағымды өтуі бәріміз үшін аса маңызды. Осыған орай, төмендегі қауіпсіздік ережелеріне назар аударуларыңызды сұраймыз: 🔴 Аттестат тапсыру рәсімі – бұл ресми шара. Оны тойлау, думанды кештер өткізуге қатаң тыйым салынады. 🔴 Қала ішінде көлікпен
DemaLike лагерінің жабылу кеші!
10
июнь
2025
DemaLike лагерінің жабылу кеші!
DemaLike лагерінің жабылу кеші! 🎉 Міне, 10күнде зу етіп өте шықты! Осы уақыт ішінде оқушылар жаңа достар тауып, жарқын сәттерге куә болды. 🔬 Химиялық тәжірибелер — ең қызықты сәттердің бірі болды! Балалар ғылымға қызығушылықпен қарап, тәжірибелерді өз қолдарымен жасап көрді. 🎲 Қызықты ойындар ойнатылып, белсенді оқушыларға тәтті сыйлықтар табысталды! 🍭 Ал ең үздік эссе жазған оқушылар марапаттарға ие болды! 🏅 Бұл лагерь — тек демалыс емес, шабыт, даму және шаттық алаңы болды! DemaLike лагері
3-сынып оқушылары арасында өткен ағылшын тілі үйірмесі ерекше форматта — квест түрінде өтті!
09
июнь
2025
3-сынып оқушылары арасында өткен ағылшын тілі үйірмесі ерекше
Do you know English? 🇬🇧 3-сынып оқушылары арасында өткен ағылшын тілі үйірмесі ерекше форматта — квест түрінде өтті! 🌟 Балалар әртүрлі тапсырмаларды орындап, жұмбақтарды шешіп, ағылшын тіліндегі білімдерін көрсетіп қана қоймай, командалық жұмыс пен жылдамдықты да ұштастыра білді. 💡🎯 🔍 Қызықты станцияларда: • сөздер құрастыру • түстерді табу • қысқа диалогтарды рөлмен ойнау • және тағы басқа көңілді тапсырмалар болды! 📚 Бұл квест балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, оқу
“Жаз аруы – 2025” сұлулық пен өнердің мерекесі!
09
июнь
2025
“Жаз аруы – 2025” сұлулық пен өнердің мерекесі!
“Жаз аруы – 2025” сұлулық пен өнердің мерекесі! 🌸 DemaLike лагерінде өткен ең әсем кеш – “Жаз аруы” байқауы болды! Кеш бойы аруларымыз: ✨ Өзін ерекше таныстырып, 🎤 Өз өнерін паш етіп, 💃 Сахнада сән көрсетіп, нағыз модель бола білді! Бұл кеш – тек сұлулық емес, сенімділік, талант және нәзіктік кеші болды. Қыздарымыз өз болмыстарын жарқыратып, жүректерді баурап алды! ВИДЕО
Лагерь сұлтаны — нағыз жігіттер сайысы!
09
июнь
2025
Лагерь сұлтаны — нағыз жігіттер сайысы!
Лагерь сұлтаны — нағыз жігіттер сайысы! 👑 DemaLike лагерінде ерекше атмосфера орнады! Жігіттер сахнаға шығып, өздерін таныстырып, шынайы болмысын көрсетті. Сұрақтарға тапқыр жауап беріп, күш пен ептілікте де бір-бірінен қалыспады. Бұл тек сайыс емес — бұл ер мінезді, сенімді, харизмасы мықты жігіттердің мерекесі болды! 🌟 Қызықты сәттер мен естен кетпес эмоциялар әлі алда! ВИДЕО
DemaLike лагерінде керемет эстафеталық ойын өтті!
09
июнь
2025
DemaLike лагерінде керемет эстафеталық ойын өтті!
Эстафета – тек жарыс емес, бірлік пен батылдықтың көрінісі! DemaLike лагерінде керемет эстафеталық ойын өтті! 🏃‍♂️🏃‍♀️✨ 4 топтың оқушылары шапшаңдық пен ептіліктерін сынап, түрлі кезеңдерден өтті: 🔸 арнайы белгілерден жүгіріп өту 🔸 допты түсірмей алып өту 🔸 теннис добын дәлдікпен жеткізу Жеңімпаздар анықталды: 🥇 ҒАРЫШ тобы – нағыз жарыс шеберлері! 🥈 ЖҰЛДЫЗ тобы – бір қадам ғана артта 🥉 ӘЛЕМ тобы – жігерлі күрес көрсеткендер 🏅 АРЫСТАН тобы – жеңіліске мойымай, достықты биік қойғандар! ВИДЕО
Жеңіс құтты болсын!
08
июнь
2025
Жеңіс құтты болсын!
Жеңіс құтты болсын! 08.06.2025 ж. Дубайда өткен Киокушинкай каратэ бойынша барлық клубтар арасындағы Бірінші Ашық Халықаралық Чемпионатта мектебіміздің мақтанышы Оңғарбай Нұрислам І орынды жеңіп алды! 🇰🇿🥇 Жетістігімен бізді қуантқан Нұрисламға зор алғыс айтып, алар асуларың көп болсын дейміз! Біліммен қатар спортта да биіктен көрінген жас спортшыға сәттілік тілейміз!
ДемаLike лагерьінде “Қайтала” тренді🪄
06
июнь
2025
ДемаLike лагерьінде “Қайтала” тренді🪄
ДемаLike лагерьінде “Қайтала” тренді🪄 Балалар түрлі-түсті ермексаздан көрсеткен жануарлар мен заттарды жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. 👐🎬 Балалардың қиялына шек жоқ — әрбір жұмыс бірегей және ерекше шықты! Осындай қызықты әрі танымдық шаралар балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, қол өнеріне деген ынтасын арттырады. ВИДЕО