Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сынып сағаты. «Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру»
08
сентябрь
2025
Сынып сағаты. «Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру»
8 қыркүйек – Сынып сағаты «Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру» Бүгін мектебімізде өткен сынып сағаты отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналды. Оқушылар өз отбасыларының ерекше дәстүрлерімен бөлісіп, ұлттық болмысты сақтаудың маңызын талқылады. ​https://www.instagram.com/reel/DOVGpS8CF4r/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚ!
06
сентябрь
2025
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚ!
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚ! Бүгін мектебімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. 🌍 Оқушылар, ата-аналар және ұстаздар табиғатты аялау жолында бірлесіп еңбек етті. Мектеп ауласын, айналаны тазалап, жасыл кеңістікті күтуге атсалысты. Осындай шаралар – ұрпаққа экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті сіңірудің ең тиімді жолы. Бәріңізге белсенділік пен қолдауыңыз үшін алғыс айтамыз!
«Тіл – кемел болашақ тұғыры» атты мерекелік іс-шара
05
сентябрь
2025
«Тіл – кемел болашақ тұғыры» атты мерекелік іс-шара
5 Қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніОсы атаулы күнге орай мектебімізде «Тіл – кемел болашақ тұғыры» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, тілге деген сүйіспеншілігін ояту, өз тілін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу. Сондай-ақ, оқушылардың тіл туралы білімдерін кеңейту, ұлттық тілдің мәртебесін көтеруге үлес қосу. Мереке аясында қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен тілдер жәрмеңкесі
Мектепке жауапты полиция капитанының оқушылармен профилактикалық кездесуі
03
сентябрь
2025
Мектепке жауапты полиция капитанының оқушылармен профилактикалық
Бүгін мектепке жауапты полиция капитаны Нұрбек Айза келіп, оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді. Кездесу барысында құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың қауіпсіздігі, құқықтық сауаттылық, жолда жүру ережелері мен қоғамдық тәртіп сақтау тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсат – оқушылардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру. ​https://www.instagram.com/reel/DOIwOaMCF8N/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Білім күні құтты болсын!
01
сентябрь
2025
Білім күні құтты болсын!
Білім күні құтты болсын! «Мектебім-мейірім мекені» Бүгін — жаңа белестерге, жаңа армандар мен мүмкіндіктерге бастар алғашқы қоңырау күні. Биылғы 2025-2026 оқу жылын 1605 оқушымен басталды. Бірінші сыныпқа 176 оқушы қабылданды. Мектеп-гимназия табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге сәттілік тілейміз! Барша ұстаздар мен оқушыларға шабытты, жемісті, табысты оқу жылы болсын! https://www.instagram.com/reel/DODIybViGrK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2025-2026 оқу жылының 1-педагогикалық кеңесі
29
август
2025
2025-2026 оқу жылының 1-педагогикалық кеңесі
​https://www.instagram.com/reel/DN8tReOiPzN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
26
август
2025
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің көмегімен Алматыда 1,5 мыңға жуық тәуекелді төлемді анықталды «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулі Алматы қаласындағы мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырған мыңнан астам тәуекелді төлемді анықтады. Бұл туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен құқық қорғау органдарының қатысуымен өткен кеңейтілген кеңесте айтылды. Аталған іс-шараны Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ұйымдастырды. Кеңейтілген кеңеске ҚР Сыбайлас
Жетістікке бір қадам!
25
август
2025
Жетістікке бір қадам!
Жетістікке бір қадам! Мектебіміздің 11-сынып оқушысы Ақерке Аманбекова жазғы демалысын пайдалы өткізіп, QADAZ MEDIA республикалық білім беру орталығы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірігіп ұйымдастырған журналистика бағытындағы өндірістік тәжірибеге қатысып келді. Ақерке Kazmedia орталығында, «АЛЖИР» музейінде, ENU университетінде тәжірибеден өтіп, мақала жазу, репортаж дайындау сияқты кәсіби дағдыларды меңгерді. Жоғары белсенділік пен жауапкершілік танытқаны үшін арнайы
“Баланы мектепке дайындайық” атты игі шара
22
август
2025
“Баланы мектепке дайындайық” атты игі шара
“Мектепке жол” республикалық акциясы аясында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен “Баланы мектепке дайындайық” атты игі шара барысында №201 мектеп-гимназиясының 4 оқушысына қолдау көрсетілді. Сіздердің көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен жанашырлықтарыңыз балалардың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен, шат-шадыман қуанышпен бастауына зор мүмкіндік сыйлады. Жүректен шыққан жақсылықтың жылуы оқушыларымыздың жүрегіне үміт ұялатты, ал болашаққа деген сенімін арттырды. Осындай ізгі істеріңіз үшін
“Білім сыйлаған болашақ”
21
август
2025
“Білім сыйлаған болашақ”
“Мектепке жол” республикалық акциясы аясында өткен “Білім сыйлаған болашақ” атты іс-шарада 201 мектеп-гимназиясының 2 оқушысына қолдау көрсетілді. 📌 Іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан “Respublica” партиясының төрайымы мен маслихат депутаттарына, 📌 Жомарт жүректі “Damu Business Group” кәсіпкерлеріне, 📌 Үлкен қолдау көрсеткен “Aktan” компаниясына шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің қамқорлықтарыңыз – балалардың жарқын болашағына жасалған баға жетпес үлес! 💙📚