Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кітапханаға модернизация жасалды
11
сентябрь
2025
Кітапханаға модернизация жасалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында биыл, №201 мектеп-гимназиясының жас оқырмандары үшін кітапханаға модернизация жасалып, жаңа көркем әдебиет кітаптарымен толықты. Оқушыларымыздың көңілінен шығып, мектеп қабырғасында ең жайлы орын болатынына сенеміз 📚 📚 Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана. © Әбіш Кекілбаев
«Әкем, анам және мен – спортшымыз шетінен!» спорттық эстафеталық ойындар
11
сентябрь
2025
«Әкем, анам және мен – спортшымыз шетінен!» спорттық эстафеталық
Отбасы күні мерекесіне орай мектебімізде 1-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының қатысуымен спорттық эстафеталық ойындар өтті. «Әкем, анам және мен – спортшымыз шетінен!» ұранымен өткен жарыс көңілді әрі тартысты болды. Оқушылар ата-аналарымен бірге түрлі спорттық кезеңдерден өтіп, жылдамдықтарын, ептіліктерін, бірліктерін көрсетті. Іс-шараның мақсаты – ата-аналар мен балалар арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру болды
Жаңадан қабылданған жас мамандарға әдістемелік және кәсіби қолдау
10
сентябрь
2025
Жаңадан қабылданған жас мамандарға әдістемелік және кәсіби қолдау
2025 жылдың 10 қыркүйек күні мектебімізге жаңадан қабылданған жас мамандарға әдістемелік және кәсіби қолдау көрсету мақсатында жиналыс өтті. Жиналыс барысында, мектеп басшысы жас мамандарды педагогикалық этиканы сақтау, әр оқушының жеке ерекшелігін ескеріп жұмыс жасау, сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, ЖИ-нің озық технологиясын пайдаланып, жан-жақты, шығармашыл болуға шақырды. Сондай-ақ, тәжірибе алмасу, кәсіби даму курстары мен семинар-тренингтерге қатысу мүмкіндіктері айтылды.
Белсенділік – денсаулық кепілі!
09
сентябрь
2025
Белсенділік – денсаулық кепілі!
​https://www.instagram.com/p/DOYuu5tCLHR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ Белсенділік – денсаулық кепілі! Бүгін мектебімізде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес, оқу күні 3 минуттық дене жаттығуларымен басталды! Әр сейсенбі сайын өтетін бұл дәстүрлі жаттығулар оқушылардың сергек, белсенді әрі көңілді болуына септігін тигізеді. ✅ Мақсат – балалардың денсаулығын нығайту, күн тәртібіне қозғалысты енгізу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Cынып жетекшілер штабының отырысы
09
сентябрь
2025
Cынып жетекшілер штабының отырысы
Бүгін мектебімізде 2025–2026 оқу жылына арналған сынып жетекшілер штабының отырысы өтті. 📝 Отырыста келесі мәселелер қаралды: 1️⃣ Жаңа оқу жылына арналған мектептің жылдық тәрбие жоспары таныстырылды. 2️⃣ Сынып жетекшілерінің тәрбие бағытындағы жылдық жоспарлары талқыланды. 3️⃣ Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, жолда жүру ережесі мен өрт қауіпсіздігіне қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 4️⃣ Әртүрлі маңызды мәселелер қарастырылды. 🔹Шараға мектеп инспекторы Нұрбек Айза да
2«Ә» сыныбында - жол қауіпсіздігі сабағы
09
сентябрь
2025
2«Ә» сыныбында - жол қауіпсіздігі сабағы
2«Ә» сыныбында - жол қауіпсіздігі сабағы🚦🛑🚸 Мектебіміздің инспекторы Нұрбек Айза 2«Ә» сынып оқушыларымен жолда жүру ережелері бойынша қызықты практикалық сабақ өткізді. Балалар бағдаршам, жол белгілері мен қауіпсіздік ережелерін үйреніп, өздерін нағыз жаяу жүргінші ретінде сезінді. Қауіпсіз жол - баланың жарқын болашағы! ​https://www.instagram.com/reel/DOXwCM1iF0c/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді
09
сентябрь
2025
Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді
Алатау аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Өмірзақ Сәния Майорқызы және мектеп инспекторы Нұрбек Аиза БП КПБ-нің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Серікжанов Елдос Серікжанұлы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндіріліп, оқушылардың сұрақтарына
2-11 сынып оқушыларынан «Нөлдік» білім кесіндісі алынады
09
сентябрь
2025
2-11 сынып оқушыларынан «Нөлдік» білім кесіндісі алынады
2025 жылдың 08-12 қыркүйек аралығында мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес 2-11 сынып оқушыларынан «Нөлдік» білім кесіндісін, білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды анықтау, оқу жетістіктерінің деңгейін білу мақсатында алынады. Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру басты міндетіміз. ​https://www.instagram.com/reel/DOXVyHDiL5u/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Мектеп инспекторы оқушылармен құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді
08
сентябрь
2025
Мектеп инспекторы оқушылармен құқықтық сауаттылықты арттыру
Бүгін мектеп инспекторы оқушылармен құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында тәртіп, қауіпсіздік және құқықтық жауапкершілік жайлы маңызды ақпараттар айтылды. ​https://www.instagram.com/reel/DOVneAeiLK9/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
«Біртұтас ел – Біртұтас жер» тақырыбында ерлік сабағы
08
сентябрь
2025
«Біртұтас ел – Біртұтас жер» тақырыбында ерлік сабағы
2025 жылдың 8 қыргүйегі күні сағат 8:00–8:45 аралығында 201 мектеп-гимназияда 8–11 сыныптың ұл балаларымен «Біртұтас ел – Біртұтас жер» тақырыбында ерлік сабағы өтті. Ерлік сабағына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің еңбек ардагері, запастағы подполковник Саркеев Бақыт Тоқайұлы және ГСВГ ардагері Рамазанов Такен Сейфулдаевич қатысты. Кездесу барысында оқушылар қонақтардан отансүйгіштік, ерлік, елге қызмет ету жөнінде тағылымды әңгімелер тыңдап, патриоттық тәрбиеге бағытталған құнды