1 мамыр – Бірлік күніне арналған керемет мерекелік шара өтті
Мектебімізде 1 мамыр – Бірлік күніне арналған керемет мерекелік шара өтті 🕊️✨ Оқушылар әр ұлттың тағамы мен өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, нағыз мәдени әралуандылықты паш етті. Ұлттық киімдер, сахналық қойылымдар, би мен ән, сондай-ақ түрлі ұлттардың тағамдары мерекенің сәнін келтірді 🌍✨ Шара достықтың, татулықтың және бірліктің қаншалықты маңызды екенін айқын сезіндірді. Бірлік бар жерде – күш те, береке де бар!