Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Асханадағы бір күн
18
март
2025
Асханадағы бір күн
Мектеп-гимназиямызда 4-сынып оқушылары мектеп асханасында өз-өздеріне қызмет көрсетіп, жауапкершілік пен ұқыптылық дағдыларын көрсетті. Тамақ алу, ретпен жүру, тазалық сақтау – әрқайсысы үшін маңызды тәжірибе болды. Бұл дағды – тек мектепте ғана емес, өмірде де аса маңызды. Балалар өздігінен әрекет ету арқылы жауапкершілік пен тәртіпті үйренеді. Өз күшіне сенетін, еңбекқор, тәртіпті оқушыларымызды мақтан тұтамыз! ВИДЕО
Волейбол үйірмесіне қатысуға шақырамыз!
06
март
2025
Волейбол үйірмесіне қатысуға шақырамыз!
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!✨ Волейбол үйірмесіне қатысуға шақырамыз! 💪⚽️ Балаларға қызықты әрі пайдалы жаттығулар, волейбол техникасын үйрену және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береміз. 🙌 Үйірмеге қатысу үшін: • Жас шектеуі: 6 жастан бастап • Жаттығу кестесі: аптасына 2 рет (кез келген уақытқа бейімделеді) • Өтетін орны: үлкен спорт залы • Қатысу үшін тіркелу: 87082290359 Жаттықтырушы: Құдайберген Жеңіс Келіңіздер, волейбол әлеміне қадам басып, жаңа достар табайық! 🌟🎉
«Өнерлі отбасы - елге үлгі» атты ерекше отбасылық ән кеші өтті
26
февраль
2025
«Өнерлі отбасы - елге үлгі» атты ерекше отбасылық ән кеші өтті
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған ата-аналар онкүндігі өз мәресіне жетті! «Өнерлі отбасы - елге үлгі» атты ерекше отбасылық ән кеші өтті. Бұл кеште ата-аналар мен оқушылар бірге өнер көрсетіп, отбасы мен мектеп арасындағы байланыс нығайып, бірліктің қадірі артты. 🎤👨‍👩‍👧‍👦 Мақсаты: Отбасының жағымды имиджін қалыптастырып, бала тәрбиелеудегі жауапкершілікті кеңінен насихаттау Отбасылық шығармашылық кешіміз әр отбасы мүшелерінің бірге өнер көрсетуіне, үйлесімді қарым-қатынас
“Баланың бойына құндылық құю” тақырыбында семинар
25
февраль
2025
“Баланың бойына құндылық құю” тақырыбында семинар
"Отбасы мен мектеп бірлігі, болашақ ұрпақ тірегі” атты ата-аналар онкүндігі аясында мектебімізде “Баланың бойына құндылық құю” тақырыбында семинар өтті. Семинарға сөз шебері, балаларды кәсіпке бағыттаушы,қиссашы Раушан Дәулетқызы қонақ ретінде шақырылып, өзінің құнды ой-пікірлерімен бөлісті. Ата-аналар сұрақтарын қойып, ұтымды жауап ала алды. Семинар өз деңгейінде жақсы өтті. ВИДЕО
«Баланың оқуға деген құштарлығын арттыру жолдары» атты ата-аналар жиналысы
21
февраль
2025
«Баланың оқуға деген құштарлығын арттыру жолдары» атты ата-аналар
«Баланың оқуға деген құштарлығын арттыру жолдары» атты ата-аналар жиналысы Біртұтас тәрбие, ата-аналар онкүндігі аясында мектепте өткен ата-аналар жиналысы ерекше мәнді болды! Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырудың жолдары туралы ата-аналар мен ұстаздар бірлесіп, көптеген пайдалы кеңестермен бөлісті. 💡 ✅ Баланың оқу мотивациясын көтерудің негізгі тәсілдері: - Оқу процесін қызықты әрі шығармашылықпен ұштастыру. - Баланың қызығушылығын ескеріп, жеке тәсілдерді қолдану. - Әрбір
МЕКТЕБІМІЗДЕ СПОРТТЫҚ ТИМБИЛДИНГ ӨТТІ!
20
февраль
2025
МЕКТЕБІМІЗДЕ СПОРТТЫҚ ТИМБИЛДИНГ ӨТТІ!
МЕКТЕБІМІЗДЕ СПОРТТЫҚ ТИМБИЛДИНГ ӨТТІ! 🏆🎉 📅 20.02.2025 ж. мектебімізде ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен спорттық тимбилдинг ұйымдастырылды! 🏃‍♂️🤾‍♀️ Шара барысында түрлі командалық ойындар мен жарыстар өткізіліп, қатысушылар керемет көңіл-күйге бөленді. Мұндай іс-шаралар бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді. 💪 Белсенділік танытып, ұйымшылдық көрсеткен барлық ата-аналар мен оқушыларға алғыс білдіреміз! 📸 Іс-шарадан ерекше сәттерді төменде тамашалаңыздар! ВИДЕО
“Баланың жетістігінде кім маңыздырақ: мұғалім бе, ата-ана ма?”тақырыбында пікірталас ойыны
19
февраль
2025
“Баланың жетістігінде кім маңыздырақ: мұғалім бе, ата-ана
17-26 ақпан аралығындағы “Отбасы мен мектеп бірлігі-болашақ ұрпақ тірегі” атты ата-аналар онкүндігі аясында 7-сынып ата-аналары арасында “Баланың жетістігінде кім маңыздырақ: мұғалім бе, ата-ана ма?” тақырыбында пікірталас ойыны өткізілді. Пікірталастың мақсаты: Үштік одақ: ата-ана, мұғалім, оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жақсарту, үйлесімді ету. Ата-ана және бала арасындағы сүйіспеншілікті сезіндіру. Ата-аналар берілген қарарларды ашық алаңда талдай отырып, өз ойларын айтып,
“Өзін-өзі рефлекциялау ата-аналардың психологиялық мәдениетін қалыптастыру “
18
февраль
2025
“Өзін-өзі рефлекциялау ата-аналардың психологиялық мәдениетін
“Отбасы мен мектеп бірлігі - болашақ мектеп тірегі “ атты ата-аналар апталығының аяысында “Өзін-өзі рефлекциялау ата-аналардың психологиялық мәдениетін қалыптастыру “ тақырыбында Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогика университетінің аға оқытушысы , педагог-психолог Майгүл Ілиясқызымен кездесу өтті. Мақсаты: отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты арттыру, тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу. ВИДЕО
«Отбасы мен мектеп бірлігі, болашақ ұрпақ тірегі» атты ата-аналар онкүндігінің ашылуы салтанаты
17
февраль
2025
«Отбасы мен мектеп бірлігі, болашақ ұрпақ тірегі» атты ата-аналар
2025 жылдың 17 ақпан күні «Отбасы мен мектеп бірлігі, болашақ ұрпақ тірегі» атты ата-аналар онкүндігінің ашылуы салтанатты түрде өтті. Іс-шараның ашылуында балалар мен ата-аналардың өнерін тамашалап, «Жарық жұлдыз» сұрақ-жауап айдары бойынша ата-аналардың ой-пікірі тыңдалды. Онкүндік барысында ата-аналарға арналған семинар-тренингтер, кездесу кештері, дебат, спорттық сайыс, тимбилдинг, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру жоспары таныстырылып, ата-аналарды мектеппен ынтымақтастықта жұмыс істеуге