Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шеберлік сабақ
02
октябрь
2024
Шеберлік сабақ
Бүгін, Эстетикалық пәндер бірлестігінің “A showcase of creativity” онкүндігі аясында Алматы қаласы тоғызқұмалақ федерациясының президенті, мәслихат депутаты Әкім Тұрсұн және тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушысы Қыдырбаев Әлімжан мырза №201 мектеп-гимназия оқушыларымен сұхбаттасып, шеберлік сабағын өткізді. Кездесу барысында тоғызқұмалақ ойынының қазіргі таңда әлемдік деңгейде қарқынды дамуы жайлы ақпарат берілді. Оқушыларымыз түрлі сұрақтар қойып қызықты тақырыптарды талдап бұл ойынымыз, ата
«Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепшілік кезеңі
01
октябрь
2024
«Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепшілік кезеңі
1 қазан күні 5 және 6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепшілік кезеңі өткізілді. Нәтижесінде 5 «А» сынып оқушысы Ақылбек Исмаил, 5 «В» сынып оқушысы Дәулет Әмір, 6 «Б» сынып оқушысы Көбейсін Каусар және 6 «Г» сынып оқушысы Біржан Марал «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңіне өтті. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
Қоқысты дұрыс сұрыптауды үйрету жұмыстары
01
октябрь
2024
Қоқысты дұрыс сұрыптауды үйрету жұмыстары
Мектебімізде экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында қоқысты дұрыс сұрыптауды үйрету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл бастама оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, қайта өңделетін материалдарды тиімді пайдалануға ынталандырады. Суретте көрсетілгендей, біздің мектепте қоқыс сұрыптауға арналған арнайы жәшіктер орнатылды. Әрбір қоқыс түрі өз жәшігіне салынуы тиіс: қағаз, пластик, әйнек және тағы басқа материалдар. Табиғатты бірге қорғайық! 🌍 ВИДЕО
“Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам”
30
сентябрь
2024
“Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам”
🥇І дәрежелі диплом Алматы қаласы Білім басқармасының “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талатты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2024 жылы республикалық маңызы бар “Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам” инновациялық идеялардың республикалық байқауыны қалалық кезеңінің Су көлік саласындағы техникалық құрастыру номинациясы бойынша жеңімпазы №201 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Пердебай Дарын Ерланұлы марапатталады! ВИДЕО
“Айтыс—халық өмірінің жарқын көрінісі” атты оқушылармен әңгіме отырысы
25
сентябрь
2024
“Айтыс—халық өмірінің жарқын көрінісі” атты оқушылармен әңгіме отырысы
Мектебімізде “Айтыс—халық өмірінің жарқын көрінісі” атты оқушылармен әңгіме отырысы өткізілді. Шара барысында Айтыстың шығу тарихы, айтыс өнерінің түрлері, айтыстың ерекшеліктері туралы сөз болды. Ақындармен таныстырылып, шеберліктері жайында бейнероликтер көрсетілді. 6-сынып оқушылары қатысып, өз ойларымен бөлісіп, қызығушылықтарын танытып, сахнада өзаара айтыс ұйымдастырды. Ұйымдастырушы сөз саптауларын саралап, айтысқа ынталы оқушыларға нағыз мықты ақын болудың да жолдарын көрсетті.
«Тілім менің - мерейім!» атты мәнерлеп оқу сайысы
24
сентябрь
2024
«Тілім менің - мерейім!» атты мәнерлеп оқу сайысы
«Жас Ұлан, Жас Қыран» ББЖ ұйымының оқушылары арасында өткен аудандық «Тілім менің - мерейім!» атты мәнерлеп оқу сайысында 6-сынып оқушысы Бахытберген Томирис жүлделі ІІ орын иеленді.
Біздің мектептің жылыжайынан жаңа өнімдер!
23
сентябрь
2024
Біздің мектептің жылыжайынан жаңа өнімдер!
🌱 Біздің мектептің жылыжайынан жаңа өнімдер! 🌱 Жылыжайдағы еңбектің арқасында оқушыларымыз экологиялық таза, табиғи өнімдер өсіріп, бағбандықтың қыр-сырын меңгеріп жатыр. 🌿 Бұл жұмыс барысында балалар табиғатқа жанашырлықты, өсімдіктерді дұрыс күтіп-баптауды және еңбектің нәтижесін көруді үйренуде. 🍅🥬 Еңбектің жемісін бірге көрейік! ВИДЕО
«Зерттеуді қауіпсіз жүргізудің 5 қадамы. Шешім шығару» тақырыбында сабақ
19
сентябрь
2024
«Зерттеуді қауіпсіз жүргізудің 5 қадамы. Шешім шығару» тақырыбында
6 «Г» - сынып оқушыларымен «Зерттеуді қауіпсіз жүргізудің 5 қадамы. Шешім шығару» тақырыбында сабақ жүргізілді. Оқушылар «Жаратылыстану» және «Жаһандық Құзіреттілік» пәндерінің кіріктіруі арқылы өткізілген сабағына белсене қатысты Пән мұғалімдері: Орынбасарова Д.Қ., Көпжасар Н.Д. ВИДЕО