01
октябрь
2024
Қоқысты дұрыс сұрыптауды үйрету жұмыстары
Мектебімізде экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында қоқысты дұрыс сұрыптауды үйрету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл бастама оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, қайта өңделетін материалдарды тиімді пайдалануға ынталандырады. Суретте көрсетілгендей, біздің мектепте қоқыс сұрыптауға арналған арнайы жәшіктер орнатылды. Әрбір қоқыс түрі өз жәшігіне салынуы тиіс: қағаз, пластик, әйнек және тағы басқа материалдар. Табиғатты бірге қорғайық! 🌍