27
сентябрь
2024
“Алматы қаласының жер елшілері”
Бүгін Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында туризм-өлкетану, экология және биология бағытындағы қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының жетекшілері бас қосқан Республикалық үйлестіру кеңесі өтті.
Осы кеңесте “Алматы қаласының жер елшілері” клубының жетекшісі Жорабаева Динара Жумадиллаевнамен бірге атқарып жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі есеп берілді. Қаланың экология саласындағы бастамаларын бірлесіп жүзеге асырудағы жетістіктер мен жаңа жобалар баяндалып, ерекше маңызға ие болды.
Кеңес барысында, Оқушылар сарайының экология-биология бөлімінің табиғат қорғаушылары, соның ішінде 4-гимназия, 104 орта мектеп, 105 гимназия, 134 мектеп-лицейі және 201 гимназия оқушылары жүргізіп жатқан экологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары кеңес мүшелеріне таныстырылды. Олардың әрқайсысының зерттеуі – табиғатқа деген махаббаттың жарқын көрінісі, қоршаған ортаны қорғауға арналған тың идеялар мен бастамалармен бөлісіп, болашақ ұрпақтың экологиялық санасының қалыптасуына маңызды үлес қосуда.
Бұл кеңес – жас зерттеушілердің, мектеп оқушылары мен педагогтардың экологиялық білім мен табиғатқа деген сүйіспеншілікті дамытудағы бірлескен жұмысын, олардың үлкен ғылыми қадамдарын жаңа деңгейге шығарған ерекше әрі шабыттандыратын кездесу болды.