Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Қазақта қара сөзге дес бермедім» атты сайыс
13
ноябрь
2024
«Қазақта қара сөзге дес бермедім» атты сайыс
Алматы қаласы Алатау ауданы мектеп оқушылары арасында Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Қазақта қара сөзге дес бермедім» атты сайыс болды. Сайыста мектебіміздің 6 «Б» сынып оқушысы Көбейсін Кәусар ақынның 7 қара сөзін жатқа айтып жүлделі 2-орынмен марапатталды. Мақсатымыз: Ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларын оқып, білу, бойларына рухани құндылықтарды сіңіру. Олардың шығармаларын кейінгі ұрпаққа насихаттау. Оқушылардың күнделікті кітап оқуын дамыту. Кітапхана меңгерушісі:
“Көк құс” қалалық сурет байқауы
11
ноябрь
2024
“Көк құс” қалалық сурет байқауы
2024 жылдың құсы - маубас жапалақ “Көк құс” қалалық сурет байқауында ІІІ орын алған 3 “В” сынып оқушысы Жұмабек Дана. Жетекшісі:Умбеталиева М.Б
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСУ
08
ноябрь
2024
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСУ
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСУ Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Алматы қаласындағы дарынды, көшбасшы оқушылармен кездесуіне мектеп президенті Есқали Айнара қатысып, көкейде жүрген көп сауалына жауап алды. Келелі кездесу барысында оқушылардың оқуға құштарлығын арттыру мен қанағаттандыра оқыту жүйесін түсіндіру басты мақсат болды.
Оқушылар сарайының экология-биологиялық бөліміндегі саяхат сабақ
31
октябрь
2024
Оқушылар сарайының экология-биологиялық бөліміндегі саяхат сабақ
Бүгінгі 6 <Ә>сынып оқушыларының демалысы қызықты және танымды өтті! Олар Алматы қаласы Оқушылар сарайының экология-биологиялық бөліміне барып, табиғатты қорғау, экологияны сақтау, және биоалуантүрлілік туралы көп мәлімет алды. Балалар табиғаттың сырын біліп, экология саласындағы білімдерін кеңейтті. 🌱🦋 Осындай танымдық экскурсиялар болашақ табиғатты сүйетін ұрпақты тәрбиелеуге көмектеседі🌍💚 ВИДЕО
"Тайжарыс-Талант" ІХ Халықаралық байқауы
28
октябрь
2024
"Тайжарыс-Талант" ІХ Халықаралық байқауы
"Тайжарыс-Талант" ІХ Халықаралық байқауында “Өнер алаңы” қолөнер номинациясы бойынша 4”Ә” сынып оқушысы Ақан Томирис Бас жүлдемен марапатталды. Жетекшісі Умбеталиева М.Б
Киокушинкай каратэден жүлделі орын иегері
20
октябрь
2024
Киокушинкай каратэден жүлделі орын иегері
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы Киокушинкай каратэден SULTAN клубының ашық турнирінде 44 кг салмақта 5-В сынып оқушысы Нұсқабек Нұр-Мұхаммедали Талғатұлы 1-орын иеленді! Жеңісің құтты болсын, тек биіктен көріне бер!
Шахматтан 2-11 сынып ұлдар-қыздар арасындағы қалалық олимпиада
19
октябрь
2024
Шахматтан 2-11 сынып ұлдар-қыздар арасындағы қалалық олимпиада
Шахматтан 2-11 сынып ұлдар-қыздар арасындағы қалалық олимпиададан Зиядин Малика жүлделі 1-орынға ие болып, республикаға жолдама алды. Жетекшісі: Кеңес Санат
«Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі
11
октябрь
2024
«Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі
8-11-сынып оқушылары арасында республикалық «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға қатысқан мектебіміздің талантты оқушылары бірнеше жүлделі орындарға ие болды. «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша 9 «Ә» сынып оқушысы Айдынқызы Инабат ІІ орын, «Эссе жазу» номинациясы бойынша 9 «Б» сынып оқушысы Сабитова Айсауле ІІІ орын, «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша 8 «А» сынып оқушысы Төрехан Кәусар ІІІ орынмен марапатталды. Жетекшісі: М.У.Дусимбаева «Ақындар мүшәйрасы»
Тоғызқұмалақтан жеңімпаз
08
октябрь
2024
Тоғызқұмалақтан жеңімпаз
Алматы қаласы тоғызқұмалақтан 5-8 сынып оқушылар Олимпиадасында 5 Ә сынып оқушысы Көпсекбай Бигелді қала бойынша ІІІ орын иегері атанды. Құттықтаймыз👏
7-11 сынып оқушыларының назарына
03
октябрь
2024
7-11 сынып оқушыларының назарына
7-11 сынып оқушыларының назарына БІЗДІҢ КОМАНДАҒА ҚОСЫЛ!!!