Жаңадан қабылданған жас мамандарға әдістемелік және кәсіби қолдау
2025 жылдың 10 қыркүйек күні мектебімізге жаңадан қабылданған жас мамандарға әдістемелік және кәсіби қолдау көрсету мақсатында жиналыс өтті. Жиналыс барысында, мектеп басшысы жас мамандарды педагогикалық этиканы сақтау, әр оқушының жеке ерекшелігін ескеріп жұмыс жасау, сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, ЖИ-нің озық технологиясын пайдаланып, жан-жақты, шығармашыл болуға шақырды. Сондай-ақ, тәжірибе алмасу, кәсіби даму курстары мен семинар-тренингтерге қатысу мүмкіндіктері айтылды.