Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Мен әлемді танимын” атты ғылыми-жоба байқауы
09
февраль
2023
“Мен әлемді танимын” атты ғылыми-жоба байқауы
Бастауыш сыныптар онкүндігі аясында “Мен әлемді танимын” атты ғылыми-жоба байқауы өтті. Жобаның мақсаты: жас ұрпақтың бойында зерттеушілік, ғылыми ойлау дағдыларын дамыту. Өз беттерінше ізденіп, қоршаған ортаның алуан түрлі ғажаптарына бақылау жасау. Байқауға 3-4-сынып оқушылары қатысып, зерттеу тақырыптарымен таныстырды. Оқушыларға болашақта аудан, қала деңгейінде жоба қорғауға шабыт тілейміз. Ұйымдастырушылар: Кенжебек А.Е. Бастаубаева Ж.С.
СДУ профориентологы Омарбек Көкімбайұлынан 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар
08
февраль
2023
СДУ профориентологы Омарбек Көкімбайұлынан 9-11 сынып оқушыларына
8.02. күні мектебімізде Сулеймен Демирел атындағы Университетінің оқытушысы профориентолог, мотиватор, коуч Омарбек Көшкімбайұлымен @omarbek56 кездесу іс-шарасы өтті. 9,10,11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беріп белгілі мамандықтың түрін меңгеруге адам өзін зерттеу керек екенін түсіндірді. Оқушыларымыз өздеріне өмірде қажет , маңызды мағлұматты толық алды.
Дебат - Ел ертеңі-жастар, ой-бөліс сайыс сағаты
08
февраль
2023
Дебат - Ел ертеңі-жастар, ой-бөліс сайыс сағаты
Дебат - Ел ертеңі-жастар, ой-бөліс сайыс сағаты✅ 2023 жылы 08 ақпан күні “Қашықтықтан білім алудың тиімді жақтары және оқушының білім алуына қандай әсері бар” тақырыбында мектебіміздің дебат клубы @201school_debate “Алаш фракциясы” 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен пікірсайыс ойынын өткізді. Мақсаты: Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық-та, жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу; - Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін
Ардак Назаровпен кездесу
07
февраль
2023
Ардак Назаровпен кездесу
№201 мектеп-гимназиясы 5-11 сынып оқушыларымен ережесіз жекпе-жектің хас шебері, әлемнің үш дүркін чемпионы, әлем кубогының иегері, Еуропа және Азия біріншіліктерінің жеңімпазы @ardaknazarov кездесу өтті. Кездесу барысында Ардақ Назаров ата-бабаларымыздың даналығы мен данышпандығы, батырлығы мен қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, имандылық пен инабаттылық, білім мен ғылым, өнер мен мәдениет, спорт пен салауатты өмір салты, адамзат құндылықтары және тағы басқа өзекті мәселелер төңірегінде
Мамандықтар туралы түсіндірме жұмыстар
06
февраль
2023
Мамандықтар туралы түсіндірме жұмыстар
Алатау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Ануарбеков Нұрбол Бауыржанұлы, Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау курсанты Жанұзақ Н.Б. 10-11 сынып оқушыларымен арнайы мамандықтар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
“Қызықты сабақ” тақырыбындағы аудандық семинар
06
февраль
2023
“Қызықты сабақ” тақырыбындағы аудандық семинар
”Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндердің мазмұны арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру” атты бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі аясында, мектебіміздің тәжірибелі ұстазы, бастауыш сынып мұғалімі Курмангалиева Кенжегүл Жұмабекқызы Алатау ауданы мұғалімдеріне “Қызықты сабақ” тақырыбында семинар өтті. Мақсаты: Оқушыны қызықтыра білу тәсілдерімен бөлісу.
Бастауыш сыныпта пайдаланатын әдіс-тәсілдер жиыны» атты шеберлік сабақ
03
февраль
2023
Бастауыш сыныпта пайдаланатын әдіс-тәсілдер жиыны» атты шеберлік сабақ
Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндердің мазмұны арқылы оқушылардың функциональдық сауаттылықтарын арттыру” атты бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі аясында, бастауыш сынып мұғалімі Солтанбаева Арайлым Манатовна "Бастауыш сыныпта пайдаланатын әдіс-тәсілдер жиыны" атты шеберлік сабақ өтті. Сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдер көрсетіліп, ол практикалық жұмысқа жалғасты.
“Пікірсайыс-өмір салты” челлендж
02
февраль
2023
“Пікірсайыс-өмір салты” челлендж
Алатау ауданы №201 мектеп-гимназиясының “АЛАШ” дебат клубы “ПІКІРСАЙЫС-ӨМІР САЛТЫ” тақырыбында эстафеталық бейне-ролик түсірді. Мақсаты: пікірсайыстың оқушылар үшін маңызын түсіндіре отырып, дебат қозғалысын жандандыру және дамыту. №201 мектеп-гимназиясы “Пікірсайыс-өмір салты” челленджін Алатау ауданы мектептеріне жолдады. 
7 сынып оқушылары арасындағы «Абай оқулары»
02
февраль
2023
7 сынып оқушылары арасындағы «Абай оқулары»
«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында кітапханамызда «Кітап оқимыз» дәстүрімен 7 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» болды. Жетекшісі Дусимбаева Меруерт Үсенқызы. Іс-шараға келген оқырмандар «Абай – дара, Абай – дана..» атты кітап көрмесімен танысты. Қарасөз оқуда 7 «Ә» сынып оқушылары Сафар Шынар, Шыңғыс Ұлағат, және 7 «Б» сынып оқушылары Асанұлы Әли мен Дәркенбай Кәусар белсенділік танытып, іс-шараға қатысқан оқырмандарға өз пікірлерін айтты. Іс-шара соңында 7 «Ә» сынып
“Талант шоу” өнер байқауы
01
февраль
2023
“Талант шоу” өнер байқауы
2023 жылы 31 қаңтар күні мектебіміздің “Өзін-өзі басқару” ұйымы 7-8-9 сыныптарының қатысуымен “Талант шоу” атты өнер байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты- оқушыларды сахна өнеріне баули отырып, ең белсенді, шығармашыл таланттарды анықтау. Үздік таланттарымен ерекшеленген оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.