Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ұлттың ұлылығы өнерде» тақырыбында эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндіктің ашылуы
17
апрель
2023
«Ұлттың ұлылығы өнерде» тақырыбында эстетикалық пәндер бірлестігінің
2023 жылдың 17.04-28.04 күндері аралығында, эстетикалық пәндер бірлестігінің «Ұлттың ұлылығы өнерде» тақырыбында онкүндіктің ашылуы өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақты өнерге, спортқа баулу, қызығушылығын арттыру.
“Әр отбасынан бір ағаш” акциясы
15
апрель
2023
“Әр отбасынан бір ағаш” акциясы
2023 жылы 15 сәуір күні, мектебіміз де “ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН” жобасы аясында, “Әр отбасынан бір ағаш” акциясы өткізілді. Мақсаты: қоршаған ортаның табиғатын қорғау, экологияны сақтау, келешек ұрпаққа табиғатты аялаудың мәнін ұғындыру, оларды еңбекке баулу және отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Бұл акцияға, әр отбасы келіп 60 ағаш отырғызды және отырғызылған ағаштарға есімдері ілінді. Мектеп басшысы @shamova_arailym және әріптестеріміз мектеп ауласына 100 роза гүлін отырғызды. Акцияға атсалысқан
«Құстар біздің досымыз..» атты іс-шара
14
апрель
2023
«Құстар біздің досымыз..» атты іс-шара
«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында, кітапханашылардың ұйымдастыруымен ашық алаң Open Space-те «Құстар біздің досымыз..» атты іс-шара өтті. Атаулы іс-шараға 4 «А» сынып оқушылары қатысты. Сынып жетекшісі Жұмаділова Ләйләгүл Ыбырайқызы. Іс-шара барысында «Аққу», «Қарлығаш», «Көгершін» топтарына бөлінген оқушылар өз кезектерінде құстар туралы жұмбақ жарыстырып, мақал-мәтелдер айтты, құстар туралы өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.Ал, Серғазы Мирас, Иемберген Нұрислам, Райза Рамазан,
Шахмат олимпиадасы
13
апрель
2023
Шахмат олимпиадасы
Шахмат - балалар мен ересектерге арналған зейінді, интеллектті, логикалық ойлауды дамытатын танымал ойын. Мектебіміз де, 2-11 сынып оқушылары арасында Шахмат олимпиадасы өткізілді. Оқушылардың зейінін, сыни тұрғызынан және логикалық ойлау, шешім қабылдау, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық талдау, қабылдау және бағалау сияқты ақыл-ой қабілеттерін дамытатын ойын.
Cейсмикалық жаттығу
13
апрель
2023
Cейсмикалық жаттығу
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары негізінде, Алатау ауданы «№201 Мектеп-Гимназия» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2023 жылдың 13 сәуір күні, сағат 10:00-10:30 аралығында төтенше жағдайларды алу бойынша сейсмикалық жаттығу өткізілді. ТЖК кезінде азаматтық қорғау шараларын орындауды ұйымдастыру,өрт қауіпсіздігі, сонымен қатар сауатты іс- әрекеттер мен қызметтерлердің дұрыс мінез-құлқы бойынша практикалық дағдыларды меңгерді, қауіпсіз орындар
Мектепішілік дебат-пікірталас ойыны
11
апрель
2023
Мектепішілік дебат-пікірталас ойыны
2023 жылы 11 сәуір күні, мектебіміздің “ДЕБАТ” клубы “Жаңа қазақстандық патриотизм - көпұлтты еліміздің болашағының негізі” тақырыбында 8-9 сыныптарының қатысуымен мектепішілік дебат-пікірталас ойынын өткізді. Негізгі мақсаты: оқушының ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Ойын барысында, тақырып бойынша сұрақтарға талдау жүргізіліп, белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.
Мерзімінен бұрын мемлекеттік бітіру емтиханы
06
апрель
2023
Мерзімінен бұрын мемлекеттік бітіру емтиханы
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы негізінде Чехия мемлекетіне оқуға түсуіне байланысты 11 “А”сынып оқушысы Бақтияр Дана мерзімінен бұрын мемлекеттік бітіру емтиханын тапсырды.
“Art is a language!” ағылшын тілі пәні онкүндігі
03
апрель
2023
“Art is a language!” ағылшын тілі пәні онкүндігі
Сәуір айының 03.04-14.04.2023ж аралығында өтетін “Art is a language!” атты тақырыбымен өтетін ағылшын тілі пәні онкүндігінің ашылуы өтті. Мақсаты: 1. Өнер тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту, ақпаратты өз бетінше меңгеру, сыни тұрғыдан ойлауға үйрену, өз ойын жеткізе отырып оқушыны өз бетімен білім алуға бағыттау. 2. Ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттердің мәдениетіне деген қызығушылығы мен тілін білуге деген құштарлығын арттырып, туған елге деген патриоттық сезімін нығайту. ВИДЕО
Жас экологтар сайысы
03
апрель
2023
Жас экологтар сайысы
Наурыз айында жас экологтар арасында сайыс сабағы өтілді! Сайыс сабақтың басты мақсаты: “Экологиялық проблемаларды шешу жолдары” Сайыста 1. Мектеп жылыжайынан алынған өнімдердің пайдасы туралы түсіндіріп өтті. 2. Балалар өз қолдарымен жасаған макеттерін қорғады. 3. Экологиялық сұрақтар. Бұл сабақта балалардың экологияға деген ізденісі мен қызығушылығы байқалды. Өте белсенді, өз ойларын ашық жеткізе білді. Экологиялық проблемаларды жасаған макеттерін басшылыққа ала отырып шешуге болатынын
“ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ”
17
март
2023
“ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ”
⚜️«Қош келдің, әз Наурыз!»🌸 ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР! НАУРЫЗ ТОЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын! 17.03.2023 жылы Алатау ауданы №201 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ-да “ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ” өтілді. Мектеп басшысы @shamova_arailym жиналған қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Мақсаты: «Наурыз» мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен