Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бейбітшілік-ел тілегі” атты 1 мамыр - халқымыздың бірлігі күніне орай мерекелік іс-шара
28
апрель
2023
Бейбітшілік-ел тілегі” атты 1 мамыр - халқымыздың бірлігі күніне орай
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! 2023 жылдың 28 сәуір күні “Бейбітшілік-ел тілегі” атты 1 мамыр - халқымыздың бірлігі күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты - ел ішіндегі түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау. Мектеп басшысы @shamova_arailym өнер көрсеткен қатысушыларды алғыс хаттармен және аудандық, қалалық жүлделі орын алған ұстаздар мен оқушыларды марапатталды. ВИДЕО
Бостандық ауданыны мектептерінің жас мамандары келіп тәжірибе алмасты
27
апрель
2023
Бостандық ауданыны мектептерінің жас мамандары келіп тәжірибе алмасты
2023 жылдың 27 сәуір күні мектебімізге Алматы қаласы Білім басқармасының Бостандық ауданы Білім бөлімі басшысы @aigul_jumabekqyzy Айгүл Жұмабекқызының бастамасымен Бостандық ауданыны мектептерінің жас мамандары келді. Мектебіміздің жаңалығымен танысып, әріптестерімізбен STEM сабағында тәжірибе алмасты. Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының белсенді оқушыларымен мектептегі клуб жұмыстары, оқыту бағдарламаларының ерекшеліктері мен жетістіктерін, жүйедегі өзгерістер мен дамуы, ұстаздар мен
“Алматы сервистік қызмет көрсету” колледжінің ұстаздарымен бірлескен мастер-класс
27
апрель
2023
“Алматы сервистік қызмет көрсету” колледжінің ұстаздарымен бірлескен
Эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында «Ұлттың ұлылығы өнерде» тақырыбында “Алматы сервистік қызмет көрсету” колледжінің ұстаздарымен бірлескен мастер-класс өткізілді. Мастер-класта WorldSkills Almaty 2023 байқауына қатысуға бағыт-бағдар беріліп, «Мейрамхана сервисі» бағытында оқушыларға майлықты бүктеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін, дастархан жаю ережелерін және жеміс табағын дайындау жолдары көрсетілді. ВИДЕО
Мектебіміздің ер мұғалімдерінің қатысуымен футболдан жарыс өткізілді
26
апрель
2023
Мектебіміздің ер мұғалімдерінің қатысуымен футболдан жарыс өткізілді
2023 жылдың 26 сәуір күні эстетикалық пәндер бірлестігінің “Ұлттың ұлылығы өнерде” тақырыбы онкүндігінің аясында, мектебіміздің ер мұғалімдерінің қатысуымен футболдан жарыс өткізілді.⚽️🥅 Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау. Жарысқа қатысушыларға мектеп директоры @shamova_arailym құттықтау тілегін айтып, алғысын білдіріп, марапаттады. ВИДЕО
“Шебердің қолы -көпке ортақ” атты тәрбие-шеберлік сағаты
26
апрель
2023
“Шебердің қолы -көпке ортақ” атты тәрбие-шеберлік сағаты
2023 жылдың 26 сәуір күні, эстетикалық пәндер бірлестігінің «Ұлттың ұлылығы өнерде» тақырыбы онкүндігінің аясында 8-9 сынып оқушыларна “Шебердің қолы -көпке ортақ” атты тәрбие-шеберлік сағаттары өтті. Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің қызметкерлері шеберлік сағаттарын көрсетті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына қызықты мәліметтер және жауаптарын алды. ВИДЕО
“Домбырам асыл қазынам” шеберлік сабағы
26
апрель
2023
“Домбырам асыл қазынам” шеберлік сабағы
“Эстетикалық пәндер бірлестігінің” онкүндігіне орай домбыра үйірмесінің жетекшісі, музыка пән мұғалімі Асет Маратұлы “Домбырам асыл қазынам” тақырыбында домбыра аспабын ұлықтау мақсатында шеберлік сабағын өткізді. Сабақ барысында домбыра аспабы жайлы мәліметтер берілді. Құрылымы, қалай пайда болғаны жайында мәліметтер айтылды. 1 сағат көлемінде өткізілген шеберлік сабаққа оқушылармен қатар, ұстаздар да белсене атсалысты. Домбыра ұстау, ойнау әдістерін үйреніп, өз ризашылықтарын білдірді.
Спорт шеберлерімен кездесу
25
апрель
2023
Спорт шеберлерімен кездесу
Эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігінің аясында ұйымдастырылған жас ұрпақты спортқа баулу мақсатында 6-7 сынып оқушыларымен ММА ережесіз жепе жектің әмбебап жауынгері, Чемпион Октагон промоушен жане Бушидо Акишев Нуржан Нурланулы және Самбо күресінен, Джиу-джису, Қазақ күресінен Қазақстан Республикасың спорт шебері Дюзбаев Берикбол Сериковичпен кездесу өтті. ВИДЕО
«ALMATY CLEAN & GREEN» жалпықалалық сенбілік
22
апрель
2023
«ALMATY CLEAN & GREEN» жалпықалалық сенбілік
Бүгін мектеп әкімшілігі және кіші қызметкерлер «ALMATY CLEAN & GREEN» жалпықалалық сенбілігіне қатысты. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда бүгінгі ұйымдастырылған сенбілік қала тынысының кеңеюіне үлесін қосуда. Таза қалада өмір сүруге өз үлесіңізді қосуға шақырамыз! ВИДЕО
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова мектебімізге келді
21
апрель
2023
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова және Алматы қаласы Білім басқармасы басшысы Ляззат Ауесханқызы №201 мектеп-гимназиясында болды. Тәрбие, Бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету мен отбасын әлеуметтiк қорғау саласында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, балалық шақты қолдау мемлекеттiк бағдарламаларын, жергiлiктi бағдарламалардың орындалуымен танысты.
“Бояулар құпиясы” АРТ-байқауы
21
апрель
2023
“Бояулар құпиясы” АРТ-байқауы
2023 жылдың 21 сәуір күні, Алатау ауданы №201 мектеп-гимназиясында Балалар жылына арналған “BALAFEST” фестивалінің “Бояулар құпиясы” АРТ-байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы @akmurzaevakarlygash және №201 мектеп-гимназия директоры @shamova_arailym сөз сөйледі, және ДТІЖО Қошмағанбетов О.А. байқаудың ережесімен таныстырды. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: 1) Балаларға эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем