Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Шебер қолдар” шеберлік сабағы
02
октябрь
2024
“Шебер қолдар” шеберлік сабағы
02.10.2024 жылы Эстетика пәндер бірлестігінің “Шебер қолдар” шеберлік сабағын көрсеткен 8”В” сынып ата-анасы Гаухар Сейтқызы және көркем еңбек пәні мұғалімі Умбеталиева М.Б ВИДЕО
Қоқысты дұрыс сұрыптауды үйрету жұмыстары
01
октябрь
2024
Қоқысты дұрыс сұрыптауды үйрету жұмыстары
Мектебімізде экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында қоқысты дұрыс сұрыптауды үйрету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл бастама оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, қайта өңделетін материалдарды тиімді пайдалануға ынталандырады. Суретте көрсетілгендей, біздің мектепте қоқыс сұрыптауға арналған арнайы жәшіктер орнатылды. Әрбір қоқыс түрі өз жәшігіне салынуы тиіс: қағаз, пластик, әйнек және тағы басқа материалдар. Табиғатты бірге қорғайық! 🌍 ВИДЕО
1 қазан – Халықаралық қарттар күні
01
октябрь
2024
1 қазан – Халықаралық қарттар күні
1 қазан – Халықаралық қарттар күні Қарттар күніне орай мектебіміздің тазалығына жауапты жанашыр жандарды құттықтап, өзін-өзі басқару ұйымының активистері шын ықылас жүрекпен концерт ұйымдастырды. Қарттар күні — тек мейрам ғана емес, бұл біздің қарттарымызға, ата-әжелерімізге, өмірлік тәжірибелері мен даналықтары үшін алғыс білдіретін уақыт.   Біз олардан өмірдің небір асыл сабақтарын алып, олардың әңгімелері мен естеліктерінен шабыт аламыз. Олардың әрбір сыры мен ақылы — біз үшін баға жетпес
Эстетикалық пәндер бірлестігінің “A showcase of creativity” тақырыбындағы онкүндігі
30
сентябрь
2024
Эстетикалық пәндер бірлестігінің “A showcase of creativity”
30.09.24 күні Эстетикалық пәндер бірлестігінің “A showcase of creativity” тақырыбындағы онкүндік басталды. Онкүндіктің мақсаты: Эстетикалық пән бірлестігі және дене тәрбиесі арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеуде дарынды оқушыларды анықтап, қабілеттерін дамыту. ВИДЕО
“Алматы қаласының жер елшілері”
27
сентябрь
2024
“Алматы қаласының жер елшілері”
Бүгін Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында туризм-өлкетану, экология және биология бағытындағы қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының жетекшілері бас қосқан Республикалық үйлестіру кеңесі өтті. Осы кеңесте “Алматы қаласының жер елшілері” клубының жетекшісі Жорабаева Динара Жумадиллаевнамен бірге атқарып жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі есеп берілді. Қаланың экология саласындағы бастамаларын бірлесіп жүзеге асырудағы жетістіктер мен жаңа жобалар
“Айтыс—халық өмірінің жарқын көрінісі” атты оқушылармен әңгіме отырысы
25
сентябрь
2024
“Айтыс—халық өмірінің жарқын көрінісі” атты оқушылармен әңгіме отырысы
Мектебімізде “Айтыс—халық өмірінің жарқын көрінісі” атты оқушылармен әңгіме отырысы өткізілді. Шара барысында Айтыстың шығу тарихы, айтыс өнерінің түрлері, айтыстың ерекшеліктері туралы сөз болды. Ақындармен таныстырылып, шеберліктері жайында бейнероликтер көрсетілді. 6-сынып оқушылары қатысып, өз ойларымен бөлісіп, қызығушылықтарын танытып, сахнада өзаара айтыс ұйымдастырды. Ұйымдастырушы сөз саптауларын саралап, айтысқа ынталы оқушыларға нағыз мықты ақын болудың да жолдарын көрсетті.
«Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыбында ата-аналар жиналысы
20
сентябрь
2024
«Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыбында
№201 мектеп-гимназиясында «Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналарға балалардың сыныптан тыс уақытта смартфон мен компьютерге тәуелділік, ойынқұмарлық, зейіннің шашыраңқылығы секілді қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің алдын алу туралы жан-жақты ақпарат берілді. Ата-аналар бұл тақырыптың маңыздылығын түсініп,жауапкершіліктері арта түскенін атап айтты. Жиналыс барысында ата-аналар балалардың ғаламтордағы мінез-құлқын қалай
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың аудандық байқауы
20
сентябрь
2024
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың аудандық
2024 жылдың 19 қыркүйек күні аудан мектептері арасында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың аудандық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру. Байқау ережеріне сәйкес, 7 номинациядан тұратын сайысқа оқушылар ерекше қызығушылық білдіріп, бақ сынаушылар көп
Ерекше оңалту орталығында №201 мектеп-гимназиясының волонтерлерімен өткізілген тәжірибе
20
сентябрь
2024
Ерекше оңалту орталығында №201 мектеп-гимназиясының волонтерлерімен
Ерекше оңалту орталығында №201 мектеп-гимназиясының волонтерлерімен өткізілген тәжірибе жүрекке жылулық сыйлайтын, ерекше шара болды. Оқушылар мен мамандар бірлесе отырып, әртүрлі қызықты тәжірибелер жасап, емделушілерге қолдау көрсетті. Бұл күні волонтерлер өздерінің мейірімділіктері мен қамқорлықтарын білдіріп қана қоймай, адамдар арасындағы шынайы байланыс пен жанашырлықтың қандай маңызды екенін көрсетті. Әрбір сәт қатысушылар үшін үлкен сабақ болды: біреу үшін кішкене іс болса да, басқалар