Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Эстетикалық пәндер бірлестігінің “A showcase of creativity” тақырыбындағы онкүндігі
30
сентябрь
2024
Эстетикалық пәндер бірлестігінің “A showcase of creativity”
30.09.24 күні Эстетикалық пәндер бірлестігінің “A showcase of creativity” тақырыбындағы онкүндік басталды. Онкүндіктің мақсаты: Эстетикалық пән бірлестігі және дене тәрбиесі арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеуде дарынды оқушыларды анықтап, қабілеттерін дамыту. ВИДЕО
“Алматы қаласының жер елшілері”
27
сентябрь
2024
“Алматы қаласының жер елшілері”
Бүгін Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында туризм-өлкетану, экология және биология бағытындағы қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының жетекшілері бас қосқан Республикалық үйлестіру кеңесі өтті. Осы кеңесте “Алматы қаласының жер елшілері” клубының жетекшісі Жорабаева Динара Жумадиллаевнамен бірге атқарып жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі есеп берілді. Қаланың экология саласындағы бастамаларын бірлесіп жүзеге асырудағы жетістіктер мен жаңа жобалар
“Айтыс—халық өмірінің жарқын көрінісі” атты оқушылармен әңгіме отырысы
25
сентябрь
2024
“Айтыс—халық өмірінің жарқын көрінісі” атты оқушылармен әңгіме отырысы
Мектебімізде “Айтыс—халық өмірінің жарқын көрінісі” атты оқушылармен әңгіме отырысы өткізілді. Шара барысында Айтыстың шығу тарихы, айтыс өнерінің түрлері, айтыстың ерекшеліктері туралы сөз болды. Ақындармен таныстырылып, шеберліктері жайында бейнероликтер көрсетілді. 6-сынып оқушылары қатысып, өз ойларымен бөлісіп, қызығушылықтарын танытып, сахнада өзаара айтыс ұйымдастырды. Ұйымдастырушы сөз саптауларын саралап, айтысқа ынталы оқушыларға нағыз мықты ақын болудың да жолдарын көрсетті.
«Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыбында ата-аналар жиналысы
20
сентябрь
2024
«Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыбында
№201 мектеп-гимназиясында «Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналарға балалардың сыныптан тыс уақытта смартфон мен компьютерге тәуелділік, ойынқұмарлық, зейіннің шашыраңқылығы секілді қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің алдын алу туралы жан-жақты ақпарат берілді. Ата-аналар бұл тақырыптың маңыздылығын түсініп,жауапкершіліктері арта түскенін атап айтты. Жиналыс барысында ата-аналар балалардың ғаламтордағы мінез-құлқын қалай
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың аудандық байқауы
20
сентябрь
2024
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың аудандық
2024 жылдың 19 қыркүйек күні аудан мектептері арасында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың аудандық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру. Байқау ережеріне сәйкес, 7 номинациядан тұратын сайысқа оқушылар ерекше қызығушылық білдіріп, бақ сынаушылар көп
Ерекше оңалту орталығында №201 мектеп-гимназиясының волонтерлерімен өткізілген тәжірибе
20
сентябрь
2024
Ерекше оңалту орталығында №201 мектеп-гимназиясының волонтерлерімен
Ерекше оңалту орталығында №201 мектеп-гимназиясының волонтерлерімен өткізілген тәжірибе жүрекке жылулық сыйлайтын, ерекше шара болды. Оқушылар мен мамандар бірлесе отырып, әртүрлі қызықты тәжірибелер жасап, емделушілерге қолдау көрсетті. Бұл күні волонтерлер өздерінің мейірімділіктері мен қамқорлықтарын білдіріп қана қоймай, адамдар арасындағы шынайы байланыс пен жанашырлықтың қандай маңызды екенін көрсетті. Әрбір сәт қатысушылар үшін үлкен сабақ болды: біреу үшін кішкене іс болса да, басқалар
“Әкем-анам және мен, спортшымыз шетінен”- атты эстафеталық ойын
12
сентябрь
2024
“Әкем-анам және мен, спортшымыз шетінен”- атты эстафеталық ойын
“Әкем-анам және мен, спортшымыз шетінен”- атты эстафеталық ойынымыз 1-сынып арасында өтті. Іс-шара басында мектеп директоры Арайлым Мәтжанқызы ата-аналар мен балаларды отбасы күнімен құттықтап ,эстафеталық қатысушыларға сәттілік тілей отырып, балаларымызға арнайы дайындалған сыйлықтарды табыстады. Ойын барысында ата-аналар мен балалар командалық, арқан-тартыс ойындарын ойнады. Бұл эстафетаның мақсаты- бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жақсарту және де бір-біріне көмек көрсете алауын
"Тоғызқұмалақ күніне" орай Гиннес рекордын орнату іс-шарасы
09
сентябрь
2024
"Тоғызқұмалақ күніне" орай Гиннес рекордын орнату іс-шарасы
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау аясында 9 қыркүйек "Тоғызқұмалақ күніне" орай Гиннес рекордын орнату іс-шарасына №201 мектеп-гимназия оқушылары қатысуда. ВИДЕО
«Тіл - кемел болашақ тұғыры» атты мерекесі
05
сентябрь
2024
«Тіл - кемел болашақ тұғыры» атты мерекесі
5 қыркүйек - Қазақстан халықтары тілдері күніне орай «Тіл - кемел болашақ тұғыры» атты мерекесі аталып өтті. Мақсаты: Оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, тілдің қасиетін сезінуге, ұлттық тілдің өркендеуіне, ана тілімізді сүюге, тілдің мәртебесін көтеруге үйрету, сүйіспеншілігін ояту; Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру,өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу; Мереке аясында мектебіміздің қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі пән мұғалімдері ұйымдастырған жәрмеңкеде