Сәт сапар, жас түлек!” атты аттестат табыстау салтанатты жиыны
Алматы қаласы Алатау ауданы No201 мектеп-гимназиясында мектеп бітіруші түлектерге “Сәт сапар, жас түлек!” атты аттестат табыстау салтанатты жиыны өтілді. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасып, алғашқы құжаттары-аттестаттарын алды. Қымбатты мектеп бітіруші жас түлек! Бүгінгі күні сіздер үлкен өмірдің жаңа мақсаттарына ұмтылып, қадам басып отырсыздар.Жолдарыңыз әрқашан ашық болсын! ВИДЕО