«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндер бірлестігінің ӘНХ талқылау отырысы » КГУ "Школа-гимназия №201"
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндер бірлестігінің ӘНХ талқылау отырысы
29
август
2023

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндер бірлестігінің ӘНХ талқылау отырысы

29 тамыз күні «2023-2024 оқу жылында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» әдістемелік нұсқаулық хаты «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндер бірлестігінің жетекшісі Д.А. Бақтыбаеваның ұйымдастыруымен талқылау отырысы өтті.

Бірлестік отырысқа «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің мұғалімдері: Н.А. Жумина, М.У. Дусимбаева, М.Б. Айбергенова, А.Ә. Құнанбаева, А.Я. Ясымбек, М.Қасымхан, А.Көрегенова қатысты.

«Тіл және әдебиет» пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы No 348 бұйрығына сәйкес қарастырылды.

Талқылау барысында “Тіл мен әдебиет” сабақтарында білім алушыларға тек пәндік білім, білік, дағдыларды ғана емес, лингвистикалық сауаттылықты, сыни ойлауды дамыту, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, жеке тұлғаны құндылыққа баулу, әдеби шығармаларды өздігінен оқуға дағдыландыру т.с.с. білім алушылардың нәтижелі білім алуының барлық мүмкіндіктерін дамытуға жоспарлар құрылды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив