Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Сhemistry of magic” атты эксперименталды-интеллектуалды білім сайысы
17
октябрь
2023
«Сhemistry of magic” атты эксперименталды-интеллектуалды білім сайысы
11 "А" сыныбымен химия таңдау пәнінде оқушылар өздері қол жетімді заттармен «Сhemistry of magic” атты эксперименталды-интеллектуалды білім сайысы өтті. Шараның мақсаты – оқушылардың танымдық білімін тереңдетіп, теориямен байланыстыра отырып, іскерліктерін әртүрлі қызықты тәжірибелер арқылы дамыту және мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру. ВИДЕО
Білім және Ғылым министрі Бейсенбаев Ғани мырзаның АЛҒЫС ХАТЫ
16
октябрь
2023
Білім және Ғылым министрі Бейсенбаев Ғани мырзаның АЛҒЫС ХАТЫ
Ұстаздар күні мерекесіне орай №201 мектеп-гимназия ұжымы Білім және Ғылым министрі Бейсенбаев Ғани мырзаның АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды.Құрметті ұстаздар сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!
Ашық есік күні
13
октябрь
2023
Ашық есік күні
🔰Triple union day🤝 Мектебіміздің жоспарына сәйкес 5-11 сынып оқушылары ата-аналары үшін жыл сайын әр тоқсанда ұйымдастырылатын “Ашық есік күні” өткізілді. Кездесу барысында ата-ана баласының әр пән бойынша оқу үлгерімі және тәртібі туралы жеке сөйлесе алды, өз пікірін білдіріп кері байланыс орнады. ВИДЕО
"Triple union day" ашық есік күніне шақырамыз!
11
октябрь
2023
"Triple union day" ашық есік күніне шақырамыз!
Құрметті ата-аналар сіздерді "Triple union day" ашық есік күніне шақырамыз! “Ашық есік” күні, мектеп әкімшілігі, сынып жетекші және пән мұғалімдерінің қатысуымен өткізіледі. Сіздер балаларыңыздың әр пән бойынша оқу үлгерімі және тәртібі туралы жеке сөйлесе аласыздар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық Музейінде саяхат сабағы
10
октябрь
2023
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық Музейінде саяхат сабағы
6 "А" сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық Музейінде саяхат сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы: Қазақтың музыкалық аспаптары Қазақтың музыкалық аспаптары -ғасырлар бойына ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған мәдени мұра. Оқушылар мұражайдың экспозиция мен қор материалдары негізінде халық музыка аспаптарының түрлерімен танысты. Тарих пәнінің мұғалімі: Г.Досымова
«Мен ертегіні жақсы көремін» атты оқу сағаты
09
октябрь
2023
«Мен ертегіні жақсы көремін» атты оқу сағаты
«№201 мектеп-гимназия». «Оқуға құштар мектеп...» жобасын іске асыру мақсатында кітапхана оқу залында 2 «Ә» сынып оқушыларымен «Мен ертегіні жақсы көремін» атты оқу сағаты болды. Оқушыларға шағын таныстыру болып өткеннен кейін, келген оқушылардың барлығы дерлік өздері таңдаған ертегі кітаптарын оқып, мазмұндады. Мақсаты: Жас оқырмандарды кітап оқуға дағдыландыру. Ертегі кейіпкерлері мен эпостағы батыр тұлғаларды танып, біліп, отанға, елге, жерге деген патриоттығын ояту арқылы бойына рухани
Жаратылыстану сабағындағы зерттеу жұмыстарының 2 кезеңі
09
октябрь
2023
Жаратылыстану сабағындағы зерттеу жұмыстарының 2 кезеңі
Young researchers in action. Жаратылыстану сабағындағы зерттеу жұмыстарының 2 кезеңі. Сыныпта отырғызған өсімдіктерін жылыжайға отырғызу. Оқушыларымыздың зерттеу жұмысының бір бөлігінен көрініс. 3 Д сынып оқушылары. ВИДЕО
“Күз кереметі” атты сурет байқауы
06
октябрь
2023
“Күз кереметі” атты сурет байқауы
“Күз кереметі” атты сурет байқауды көркем еңбек пәні мұғалімдері М. Б. Умбеталиева және Е. Е. Кокен 5-6 сыныптар арасында көрме байқауын ұйымдастырды. Көрмеде оқушылар күздің әсем табиғатын, көрінісін бейнеледі. Жиырмаға жуық балалар қатысып соның ішінде 5 “Г” сынып оқушысы Байдарбек Айзере бас жүлде, 6”В” сынып оқушысы Бағдат Іңкәр бірінші орын, 5 “Г” сынып оқушысы Маданиетқызы Асылжан және 5”В” сынып оқушысы Сағымбай Мадина екінші орын, 5 “Д” сынып оқушысы Жансерік Айғаным, Энтемак Фариза
«Дублёр күні»
05
октябрь
2023
«Дублёр күні»
Бүгін Ұстаздар күні мерекесіне орай мектебімізде «Дублёр күні» ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушылары ұстаздардың бір күндік жұмысымен танысып, ұстаз рөлін атқаруда. ВИДЕО