Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жарқын күз» жалпы қалалық сенбілік
19
октябрь
2024
«Жарқын күз» жалпы қалалық сенбілік
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН Бүгін 201 мектеп-гимназия ұжымы «Жарқын күз» жалпы қалалық сенбілікке белсене қатысты. Сенбілік — бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Барша қазақстандықтарды туған жерімізді таза ұстауға шақырамыз.
Шахматтан 2-11 сынып ұлдар-қыздар арасындағы қалалық олимпиада
19
октябрь
2024
Шахматтан 2-11 сынып ұлдар-қыздар арасындағы қалалық олимпиада
Шахматтан 2-11 сынып ұлдар-қыздар арасындағы қалалық олимпиададан Зиядин Малика жүлделі 1-орынға ие болып, республикаға жолдама алды. Жетекшісі: Кеңес Санат
«МҰҒАЛІМ -2024» спартакиадасында өткен тоғызқұмалақ ойыны нәтижесі
18
октябрь
2024
«МҰҒАЛІМ -2024» спартакиадасында өткен тоғызқұмалақ ойыны нәтижесі
Алматы қаласы білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасындағы «МҰҒАЛІМ -2024» спартакиадасында өткен тоғызқұмалақ ойыны нәтижесінде Алатау ауданы жүлделі 1-орынға иеленді!
«Мұғалім - 2024» спартакиадасы
18
октябрь
2024
«Мұғалім - 2024» спартакиадасы
«Мұғалім - 2024» спартакиадасының тоғызқұмалақ ойыны аудандық іріктеуден мектебіміздің мұғалімдері: ерлер арасында Қалдыбаев Азамат, қыздар арасында Көпжасар Нұрлы жүлделі 1-орынға ие болып, қалалық кезеңге аудан атынан қатысуға жолдама алды
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ (2-ауысым)
11
октябрь
2024
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ (2-ауысым)
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ 11.10.24 күні 2-ауысым оқушылары ата-аналары «Ашық есік күні» жиналысы өткізілді. Кездесу барысында ата-ана баласының әр пән бойынша оқу үлгерімі және тәртібі туралы мұғалімдермен жеке сөйлесе алды. Өз пікірінін білдіріп, кері байланыс орнады. ВИДЕО
«Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі
11
октябрь
2024
«Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі
8-11-сынып оқушылары арасында республикалық «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға қатысқан мектебіміздің талантты оқушылары бірнеше жүлделі орындарға ие болды. «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша 9 «Ә» сынып оқушысы Айдынқызы Инабат ІІ орын, «Эссе жазу» номинациясы бойынша 9 «Б» сынып оқушысы Сабитова Айсауле ІІІ орын, «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша 8 «А» сынып оқушысы Төрехан Кәусар ІІІ орынмен марапатталды. Жетекшісі: М.У.Дусимбаева «Ақындар мүшәйрасы»
“Ұлы отан соғысы жылдарындағы Қазақстан” тақырыбында мұражайда сабақ
10
октябрь
2024
“Ұлы отан соғысы жылдарындағы Қазақстан” тақырыбында мұражайда сабақ
Тарих онкүндігі аясында 10 қазан күні “Ұлы отан соғысы жылдарындағы Қазақстан” тақырыбында 9Ә сыныбымен мұражайда сабақ өтті. Пән мұғалімі Досымова Г. ВИДЕО
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ (1-ауысым)
10
октябрь
2024
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ (1-ауысым)
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ Мектебіміздің жоспарына сәйкес 1-ауысым оқушылары ата-аналары үшін жыл сайын әр тоқсанда ұйымдастырылатын «Ашық есік күні» жиналысы өткізілді. Кездесу барысында ата-ана баласының әр пән бойынша оқу үлгерімі және тәртібі туралы мұғалімдермен жеке сөйлесе алды. Өз пікірінін білдіріп, кері байланыс орнады. ВИДЕО
7 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг
10
октябрь
2024
7 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг
10 қазан - ”Дүниежүзілік психикалық денсаулық” күніне орай мектеп психологтары Халық Ү.М мен Султанова М.А “Менің психикалық денсаулығым” тақырыбында 7 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг жүргізді. Мақсаты : дене және психикалық денсаулықтың өзара байланысы , өз эмоциялары мен мінез-құлқын басқарып , ортамен дұрыс қарым-қатынас жасауға бағытталды. Тренинг барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп кері байланыс жасады. ВИДЕО
Тоғызқұмалақтан жеңімпаз
08
октябрь
2024
Тоғызқұмалақтан жеңімпаз
Алматы қаласы тоғызқұмалақтан 5-8 сынып оқушылар Олимпиадасында 5 Ә сынып оқушысы Көпсекбай Бигелді қала бойынша ІІІ орын иегері атанды. Құттықтаймыз👏