Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жас Ұлан, Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті
13
декабрь
2024
«Жас Ұлан, Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына
Тәуелсіздігіміздің 33 жылдық мерекесі қарсаңында 3 және 5 сыныптың үздік оқушыларын «Жас Ұлан, Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Ұйымның мақсаты — оқушылардың әлеуметтік, қоғамдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылардың патриоттық рухын ояту. ВИДЕО
Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт
13
декабрь
2024
Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт
Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт және «Ұлт тілін ұлықтау - алаш аманатына адалдық, болашаққа бағыт» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігінің жабылу салтанаты ВИДЕО
“Тәуелсіздік тұғырым” тақырыбында өткен лездеме
13
декабрь
2024
“Тәуелсіздік тұғырым” тақырыбында өткен лездеме
Бүгін бастауыш сынып оқушыларымен “Тәуелсіздік тұғырым” тақырыбында өткен лездемеде еліміздің тәуелсіздігі, оның маңызы мен болашаққа деген үміттеріміз туралы айтылды. Балалар тәуелсіздігіміздің символдары мен тарихи сәттері туралы біле отырып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға ұмтылатынын білдірді. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, Отанға деген құрметін арттыру – біздің басты міндетіміз! ВИДЕО
Қадыр Айзере жүзуден халықаралық чемпионатқа қатысып жүлделі 3-орын алды
13
декабрь
2024
Қадыр Айзере жүзуден халықаралық чемпионатқа қатысып жүлделі 3-орын
Мектебіміздің 8 “Г”сынып оқушысы Қадыр Айзере жүзуден халықаралық чемпионатқа қатысып жүлделі 3-орын алды.
“Интеллект шеберлері" сайысы
12
декабрь
2024
“Интеллект шеберлері" сайысы
“Ұлт тілін ұлықтау-алаш аманатына адалдық,болашаққа бағыт” қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінде 9-10 сынып оқушылары арасында “Интеллект шеберлері сайысы өткізілді. Ұйымдастырушылар Бактыбаева Д.А.,Жумина Н.А ВИДЕО
«Алаш арыстары және Тәуелсіздік» атты ғылыми конференция өтті
12
декабрь
2024
«Алаш арыстары және Тәуелсіздік» атты ғылыми конференция өтті
Ұлт рухын жаңғыртқан кездесу! 12.12.2024 ж. № 201 мектеп-гимназиясында «Ұлт тілін ұлықтау-алаш аманатына адалдық,келешекке бағыт» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында «Алаш арыстары және Тәуелсіздік» атты ғылыми конференция өтті.Бұл іс-шара қазақ халқының азаттығы мен тәуелсіздігі жолында жанын қиған Алаш арыстарының 130 жылдық мерейтойына арналды. Ғылыми конференциямыздың басты қонақтары - қазақ әдебиеті мен мәдениетінің қос ардақты тұлғасы – әдебиеттанушы ғалым, профессор
“Уақыттың қадірі” тақырыбында ашық сабақ
12
декабрь
2024
“Уақыттың қадірі” тақырыбында ашық сабақ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер онкүндігі аясында 5 “Б” сыныбымен “Уақыттың қадірі” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты:Оқушыларға уақыттың құндылығы мен оны тиімді пайдалану қажеттілігін ұғындыру,өмірлік дағдыларды қалыптастыру Пән мұғалімі: Кұнанбаева Арайлы Әсетқызы ВИДЕО
Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомостаралық сараптамалық топтың" дербес құрамы асханада оқушылардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізді.
12
декабрь
2024
Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомостаралық сараптамалық
Алматы қаласы мәслихаты шешімі бойынша "Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомостаралық сараптамалық топтың" дербес құрамы асханада оқушылардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізді. Жұмыс барысында бірқатар мәселелер көтеріп оқушылардың ас мәзіріне өзгерістер енгізу туралы талқыланды. Тамақтану сапасын қадағалау мектепішілік бракераж комиссиясының және жеке өзімнің үнемі бақылауымда. ВИДЕО
“Тарихи тұлғалар өмірі ” тақырыбында ашық сабақ өткізілді
12
декабрь
2024
“Тарихи тұлғалар өмірі ” тақырыбында ашық сабақ өткізілді
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында қазақ тілі сабағынан 6Б сынып оқушыларымен “Тарихи тұлғалар өмірі ” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: Тарихи тұлғалардың өмірбаяны мен олардың қоғамға қосқан үлестері туралы негізгі мәліметтерді тану. Пән мұғалімі: Айша Ғалымжанқызы ВИДЕО
«Мен –көшбасшымын!» атты білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының 3-қалалық слеті өтілді
11
декабрь
2024
«Мен –көшбасшымын!» атты білім беру ұйымдарының мектеп және
11 желтоқсан 2024 жылы Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Мен –көшбасшымын!» атты білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының 3-қалалық слеті өтілді . Жалпы қалалық слетке мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының президенті Есқали Айнара Дастанқызы ашық диалог алаңында баяндама қорғап, үздік нәтиже көрсеткені үшін марапатталды.