Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бокстан қыздар арасында өткізілген жарыста 9 “а” сынып оқушысы Темірбек Шапағат 2-орын иеленді
03
декабрь
2024
Бокстан қыздар арасында өткізілген жарыста 9 “а” сынып оқушысы
Қазақстан Республикасының чемпионатында, бокстан қыздар арасында өткізілген жарыста 9 “а” сынып оқушысы Темірбек Шапағат 2-орын иеленді. Сонымен қатар “Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат” спорт атағы беріліп, Алатау ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды
“Жасыл мектеп” жобасы аясында ұйымдастырылған байқауда “Қоршаған ортаны қорғауға практикалық үлес қосқаны үшін” номинациясы
03
декабрь
2024
“Жасыл мектеп” жобасы аясында ұйымдастырылған байқауда “Қоршаған
Алматы каласы Білім баскармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау жөніндегі орталығының “Жасыл мектеп” жобасы аясында ұйымдастырылған байқауда “Қоршаған ортаны қорғауға практикалық үлес қосқаны үшін” номинациясымен марапатталды
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты мәнерлеп оқу байқауы
29
ноябрь
2024
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты мәнерлеп оқу байқауы
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттау, оқушыларды мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту мақсатында 8 «А» сынып оқушылары арасында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқауға 20 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен І орынды Тұрсұналы Асыл, ІІ орынды Адилгапар Айару, ІІІ орынды Бердіқұл Абдурраһман мен Шархан Жәнел иеленді. Ұйымдастырушы: М.У.Дусимбаева
Lesson Study
28
ноябрь
2024
Lesson Study
Білім сапасын арттыру мақсатында мектебіміздегі шығармашылық топ жоспар құрып, сабақ барысындағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының тиімділігін талқылады. Lesson Study — мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық зерттеу жұмысы. ВИДЕО
Тоғызқұмалақтан Алматы қаласының 5-6 сынып оқушылары арасында өткен турнирге мектебіміздің оқушылары қатысып жүлделі орынмен марапатталды
28
ноябрь
2024
Тоғызқұмалақтан Алматы қаласының 5-6 сынып оқушылары арасында өткен
Тоғызқұмалақтан Алматы қаласының 5-6 сынып оқушылары арасында өткен турнирге мектебіміздің оқушылары қатысып жүлделі орынмен марапатталды 2-орын Көпсекбай Бигелді 3-орын Көпсекбай Мырзатай
“Алтын тұғыр” республикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып жүлделі орын алған ұстаздарымызды құттықтаймыз!
27
ноябрь
2024
“Алтын тұғыр” республикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған “Алтын тұғыр” республикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып жүлделі орын алған ұстаздарымызды құттықтаймыз! ІІ орын- Тоқан А.Б. ІІІ орын - Турысбаева А.Ж. Алмабекова А.А. Алдабергенова Н.А. Тоқан Айзада Балқыбекқызы *қалалық кезеңге* жолдама алды👏🏻 Қалалық кезеңнен сүрінбей өтіп, жүлдемен оралуыңызға тілектеспіз🌷 ВИДЕО
«Алматы дарыны» орталығы мектеп парламенттері көшбасшыларының арасында аудандық слет өткізді.
26
ноябрь
2024
«Алматы дарыны» орталығы мектеп парламенттері көшбасшыларының
«Алматы дарыны» орталығы мектеп парламенттері көшбасшыларының арасында аудандық слет өткізді. Слеттің мақсаты: азаматтық қоғамды дамытуда қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын – мектеп және студенттік парламенттерді дамыту және нығайту, қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін алаң құру. Мектеп парламенті көшбасшылары 6 тақырып бойынша баяндама қорғады. Баяндамаларда қарастырылған мәселелер: көшбасшылық, көшбасшыға тән қасиеттер, жетістікке жетудің қадамдары, мақсат қою және жоспарлау,
6 «Г» сынып оқушылары жаратылыстану пәнінен әртүрлі заттардың қышқылдық ортасын зерттеуде
26
ноябрь
2024
6 «Г» сынып оқушылары жаратылыстану пәнінен әртүрлі заттардың
6 «Г» сынып оқушылары жаратылыстану пәнінен әртүрлі заттардың қышқылдық ортасын зерттеуде. Ол үшін әмбебап индикатор және фенолфталин қолданды. • Оқушылардың зерттеу дағдысы қалыптасты. • ⁠Лимон, қызанақ және апельсиннің қышқылдық ортасын зерттеді Пән мұғалімі: Орынбасарова Дильназ ВИДЕО
«Дара бала» жобасына «Дала тасбақаларының жасын, жынысын анықтау» атты ғылыми-зерттеу жұмысымен қатысты
25
ноябрь
2024
«Дара бала» жобасына «Дала тасбақаларының жасын, жынысын анықтау»
7 б сынып оқушысы Өрісман Іңкәр «Дара бала» жобасына «Дала тасбақаларының жасын, жынысын анықтау» атты ғылыми-зерттеу жұмысымен қатысып, дарынды балалардың қабілетін дамытуға арналған бастамаға үлесін қосты. Бұл жоба «Balapan» телеарнасында көрсетіліп, жас ғалымдардың еңбектерін көпшілікке таныстырды. ВИДЕО
“Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам” инновациялық идеялардың Республикалық байқауының қорытындысы
22
ноябрь
2024
“Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам” инновациялық идеялардың
“Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам” инновациялық идеялардың Республикалық байқауының қорытындысы бойынша, 201 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Пердебай Дарын ІІ дәрежелі дипламмен марапатталды!