Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында колледж мамандарымен «Skills & Future: колледж мамандарымен кездесу» атты танымдық кездесу ұйымдастырылды
31
январь
2026

9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында колледж мамандарымен «Skills & Future: колледж мамандарымен кездесу» атты танымдық кездесу ұйымдастырылды

Бүгін мектебімізде 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында колледж мамандарымен «Skills & Future: колледж мамандарымен кездесу» атты танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға орта арнаулы білім беру ұйымдары туралы кең көлемде ақпарат беру, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт-бағдар көрсету.
Кездесуге «Архитектура, дизайн және инженерия колледжі», «Энергетика және электронды технологиялар колледжі», «ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE», «АЛТ педагогикалық колледжі», «Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі» өкілдері қатысып, өз оқу орындарындағы мамандықтар, білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары мен еңбек нарығындағы мүмкіндіктер жөнінде мағлұматтар ұсынды.
Іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, болашақ мамандық таңдауда жауапкершілікпен шешім қабылдауына оң әсерін тигізді.

https://www.instagram.com/reel/DUKuIAjCCWJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив