Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Май 2026 года » Страница 2
«ҰБТ-ге психологиялық дайындық» тақырыбында тәрбие сағаты
18
май
2026
«ҰБТ-ге психологиялық дайындық» тақырыбында тәрбие сағаты
18.05.2026 ж. 11-сынып оқушыларымен «ҰБТ-ге психологиялық дайындық» тақырыбында тәрбие сағатынан жиналыс өткізілді. Кездесу барысында білім алушыларға ҰБТ кезеңіндегі эмоционалдық тұрақтылықты сақтау, қобалжуды басқару, өз-өзіне сенімділікті арттыру және уақытты тиімді пайдалану бойынша психологиялық қолдау көрсетілді. Іс-шара директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Иманалиева Жұлдыз Мусаевна және мектеп психологтарының ұйымдастыруымен өтті. Оқушыларға алдағы маңызды сынақта сәттілік, жоғары
Ата-аналармен маңызды профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
14
май
2026
Ата-аналармен маңызды профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Ата-аналармен маңызды профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, исламтанушы магистр Ерімбет Рамзан Еділбекұлы сөз сөйлеп, деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік идеялардың таралу жолдары және ұлттық құндылықтардың қоғамдағы рөлі туралы түсіндірме берді. Кездесу барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, отбасындағы және қоғамдағы толеранттылықты нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жалпықалалық сейсмикалық жаттығу
14
май
2026
Жалпықалалық сейсмикалық жаттығу
2026 жылғы 14 мамыр күні мектебімізде жалпықалалық сейсмикалық жаттығу аясында қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылды. Жаттығу барысында оқушылар мен мұғалімдерге төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет тәртібі түсіндіріліп, эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Мұндай оқу-жаттығулар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған. ​https://www.instagram.com/reel/DYTygSKofdK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл
13
май
2026
Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл
2026 жылғы 13 мамыр күні мектебімізде қазақтың көрнекті ақыны, драматургі Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған танымдық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.
№201 мектеп-гимназия IB MYP бағдарламасы бойынша авторизациядан өтті
12
май
2026
№201 мектеп-гимназия IB MYP бағдарламасы бойынша авторизациядан өтті
Құрметті әріптестер, оқушылар және ата-аналар! №201 мектеп-гимназия 2024 жылдан бастап IB халықаралық бакалавриат бағдарламасына кандидат мектеп болды. 2026 жылдың сәуір айында халықаралық эксперттердің авторизация визиті сәтті өтті. Бүгін ресми түрде сертификатталып, IB халықаралық бакалавриат MYP бағдарламасын алдық. Болашақ ұрпақтың әлемдік білім алаңында теңесуіне жағдай жасап, Алматының даму бағдарламасына енгізген Алматы қаласы әкімдігіне @akimat_almaty және @maslikhat_almaty Алматы