Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Июнь 2026 года
Гонконг қаласындағы тағылымдама
12
июнь
2026
Гонконг қаласындағы тағылымдама
Гонконг қаласындағы тағылымдама 🎥 Ұстаздарымыз Гонконгтағы халықаралық Discovery College, Lutheran Academy және UWC College білім беру мекемелерінде болып, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, Гонконгтың жетекші халықаралық мектептері мен университеттерінде жұмыс жасап жүрген отандастарымызбен кездесіп, білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен заманауи тәжірибелерді талқылап, кәсіби байланыстарын нығайтуға мүмкіндік алды.
Тоғызқұмалақтан Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдерінің педагогтері арасында турнир өтті
12
июнь
2026
Тоғызқұмалақтан Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдерінің педагогтері
Сеул қаласында өткен тағылымдама барысында тоғызқұмалақтан Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдерінің педагогтері арасында турнир өтті. Турнир екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, ұлттық зияткерлік ойынға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті. ​https://www.instagram.com/p/DZjhsU-CGFZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
IB бағдарламасы аясында ұйымдастырылған халықаралық тағылымдама (Оңтүстік Корея, Гонконг)
12
июнь
2026
IB бағдарламасы аясында ұйымдастырылған халықаралық тағылымдама
Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен қаланың 5 мемлекеттік мектебінің(4 мектеп-интернат, 27 гимназия, 105 гимназия,159 мектеп-гимназия, 201 мектеп-гимназия) мұғалімдері IB бағдарламасы аясында ұйымдастырылған халықаралық тағылымдамадан өтіп, Оңтүстік Корея мен Гонконгтың жетекші халықаралық мектептерінде тәжірибе алмасты. Бағдарлама барысында педагогтер заманауи білім беру үрдістерімен танысып, концептуалды оқыту, зерттеуге негізделген білім беру (inquiry-based learning), критерийалды
«Самал су» сусындар өндіретін өндіріс орнына танымдық экскурсия
10
июнь
2026
«Самал су» сусындар өндіретін өндіріс орнына танымдық экскурсия
10.06.2026 жылы мектебімізде ұйымдастырылған «SUMMER CAMP» жазғы сауықтыру лагерінің «Ғарыш», «Арыстан» және «Жұлдыз» топтарының оқушылары қаламыздағы «Самал су» сусындар өндіретін өндіріс орнына танымдық экскурсия жасап қайтты. Экскурсияның негізгі мақсаты – оқушыларды өндіріс процесімен таныстыру, кәсіптік бағдар беру, еңбек адамдарының қызметін насихаттау және өндірістегі заманауи технологиялардың жұмыс істеу ерекшеліктерін көрсету болды.
“Жас археологтар” іш-шарасы
10
июнь
2026
“Жас археологтар” іш-шарасы
10.06.2026 жылы “Summer camp” сауықтыру лагерінде 1-4 сынып оқушыларына “Жас археологтар” іш-шарасы өткізілді. Оқушылар “Жартастағы суреттер” тақырыбын зерттеп, балалар өздерін археолог сияқты сезініп, өз қолымен “ежелгі суретті” , ақ парақ, картон, тасты пайдаланып, салды. Мақсаты: Петроглифтер туралы түсінік беру, тарихқа құрмет,шығармашылықты дамыту. ​https://www.instagram.com/reel/DZZ4e2BoA10/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды!
09
июнь
2026
2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды!
Құрметті ата-аналар! 2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды! 🗓️Қабылдау мерзімі: 10 маусым – 31 тамыз 2026жыл. Өтінішті OQU (oqu.edu.kz) платформасы, egov.kz порталы арқылы тапсыруға болады. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР: • 3×4 фотосурет • №065/у екпе картасы • №052-2/у денсаулық паспорты • ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда) ӨТІНІШ ҚАРАУ МЕРЗІМІ: 1 жұмыс күні Біздің мекен-жайымыз: 📍 Алматы қаласы, Алатау ауданы, Нұркент ықшам ауданы 12-үй Байланыс телефоны: ☎️ +7 (727) 224-14-05
«Жаз аруы-2026» байқауы
09
июнь
2026
«Жаз аруы-2026» байқауы
«Жаз аруы-2026» байқауы 🗓️09.06.2026 жылы «Summer camp» жазғы сауықтыру лагерінде 1-4 сынып оқушылары арасында «Жаз аруы-2026» атты байқау өткізілді. 📒Байқаудың мақсаты - қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру, өзін еркін ұстауға баулу, дарынды оқушыларды анықтау. 🎊Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық табыстар тілейміз! ​https://www.instagram.com/reel/DZZLtoKIlkG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Summer Camp 2026 : «Сырлы саз» додасы ойыны
08
июнь
2026
Summer Camp 2026 : «Сырлы саз» додасы ойыны
Summer Camp 2026 ☀ «Сырлы саз» додасы ойыны Жазғы лагерь аясында оқушылар арасында «Сырлы саз» додасы ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық белсенділіктерін қолдау және эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Ойын барысында қатысушылар түрлі әуендерді тыңдап, олардың атауын анықтады, музыкалық тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Балалар белсенді қатысып,
№201 мектеп-гимназиясының қызмет көрсету аумағына қарасты тұрғын үй кешендері
08
июнь
2026
№201 мектеп-гимназиясының қызмет көрсету аумағына қарасты тұрғын үй
№201 мектеп-гимназиясының қызмет көрсету аумағына қарасты тұрғын үй кешендері (Алмалы,Buta Fenomen) Аталған мекенжайларда тұрғылықты тіркеуде тұратын балалар мектепке қабылданады. Қызмет көрсету аумағына кіретін тұрғын үй кешендері: 🔹 «АЛМАЛЫ» тұрғын үй кешені Байтерекова көшесі: 43, 43/1, 43/2, 45, 47, 49а, 51, 53, 55, 57, 59, 61, 63, 69, 71, 73, 75, 77, 81, 83, 85, 87, 89, 91, 93, 95, 97, 99, 103, 105, 107, 109, 111, 113, 115, 117, 119, 121, 123. 🔹 «Buta Fenomen» тұрғын үй кешені Нұркент
Оқу жылының қорытындысы – жетістіктер мен жаңа мақсаттар кезеңі!
05
июнь
2026
Оқу жылының қорытындысы – жетістіктер мен жаңа мақсаттар кезеңі!
Оқу жылының қорытындысы – жетістіктер мен жаңа мақсаттар кезеңі! Мектебімізде бірнеше жылдан бері қалыптасқан дәстүр бойынша оқу жылының соңында мұғалімдер атқарылған жұмыстарын қорытындылап, кәсіби жетістіктерімен және келесі оқу жылына арналған жоспарларымен бөліседі. Есеп беру барысында мұғалімдер білім алушылардың академиялық, шығармашылық және әлеуметтік жетістіктерін, олимпиадалар мен байқаулардағы нәтижелерін, сондай-ақ өздерінің кәсіби және жеке даму бағытындағы жетістіктерін