Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Шебердің қолы -көпке ортақ” атты тәрбие-шеберлік сағаты
26
апрель
2023
“Шебердің қолы -көпке ортақ” атты тәрбие-шеберлік сағаты
2023 жылдың 26 сәуір күні, эстетикалық пәндер бірлестігінің «Ұлттың ұлылығы өнерде» тақырыбы онкүндігінің аясында 8-9 сынып оқушыларна “Шебердің қолы -көпке ортақ” атты тәрбие-шеберлік сағаттары өтті. Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің қызметкерлері шеберлік сағаттарын көрсетті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына қызықты мәліметтер және жауаптарын алды. ВИДЕО
“Домбырам асыл қазынам” шеберлік сабағы
26
апрель
2023
“Домбырам асыл қазынам” шеберлік сабағы
“Эстетикалық пәндер бірлестігінің” онкүндігіне орай домбыра үйірмесінің жетекшісі, музыка пән мұғалімі Асет Маратұлы “Домбырам асыл қазынам” тақырыбында домбыра аспабын ұлықтау мақсатында шеберлік сабағын өткізді. Сабақ барысында домбыра аспабы жайлы мәліметтер берілді. Құрылымы, қалай пайда болғаны жайында мәліметтер айтылды. 1 сағат көлемінде өткізілген шеберлік сабаққа оқушылармен қатар, ұстаздар да белсене атсалысты. Домбыра ұстау, ойнау әдістерін үйреніп, өз ризашылықтарын білдірді.
Спорт шеберлерімен кездесу
25
апрель
2023
Спорт шеберлерімен кездесу
Эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігінің аясында ұйымдастырылған жас ұрпақты спортқа баулу мақсатында 6-7 сынып оқушыларымен ММА ережесіз жепе жектің әмбебап жауынгері, Чемпион Октагон промоушен жане Бушидо Акишев Нуржан Нурланулы және Самбо күресінен, Джиу-джису, Қазақ күресінен Қазақстан Республикасың спорт шебері Дюзбаев Берикбол Сериковичпен кездесу өтті. ВИДЕО
«ALMATY CLEAN & GREEN» жалпықалалық сенбілік
22
апрель
2023
«ALMATY CLEAN & GREEN» жалпықалалық сенбілік
Бүгін мектеп әкімшілігі және кіші қызметкерлер «ALMATY CLEAN & GREEN» жалпықалалық сенбілігіне қатысты. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда бүгінгі ұйымдастырылған сенбілік қала тынысының кеңеюіне үлесін қосуда. Таза қалада өмір сүруге өз үлесіңізді қосуға шақырамыз! ВИДЕО
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова мектебімізге келді
21
апрель
2023
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова және Алматы қаласы Білім басқармасы басшысы Ляззат Ауесханқызы №201 мектеп-гимназиясында болды. Тәрбие, Бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету мен отбасын әлеуметтiк қорғау саласында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, балалық шақты қолдау мемлекеттiк бағдарламаларын, жергiлiктi бағдарламалардың орындалуымен танысты.
“Бояулар құпиясы” АРТ-байқауы
21
апрель
2023
“Бояулар құпиясы” АРТ-байқауы
2023 жылдың 21 сәуір күні, Алатау ауданы №201 мектеп-гимназиясында Балалар жылына арналған “BALAFEST” фестивалінің “Бояулар құпиясы” АРТ-байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы @akmurzaevakarlygash және №201 мектеп-гимназия директоры @shamova_arailym сөз сөйледі, және ДТІЖО Қошмағанбетов О.А. байқаудың ережесімен таныстырды. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: 1) Балаларға эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем
«Ұлттың ұлылығы өнерде» тақырыбында эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндіктің ашылуы
17
апрель
2023
«Ұлттың ұлылығы өнерде» тақырыбында эстетикалық пәндер бірлестігінің
2023 жылдың 17.04-28.04 күндері аралығында, эстетикалық пәндер бірлестігінің «Ұлттың ұлылығы өнерде» тақырыбында онкүндіктің ашылуы өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақты өнерге, спортқа баулу, қызығушылығын арттыру.
“Әр отбасынан бір ағаш” акциясы
15
апрель
2023
“Әр отбасынан бір ағаш” акциясы
2023 жылы 15 сәуір күні, мектебіміз де “ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН” жобасы аясында, “Әр отбасынан бір ағаш” акциясы өткізілді. Мақсаты: қоршаған ортаның табиғатын қорғау, экологияны сақтау, келешек ұрпаққа табиғатты аялаудың мәнін ұғындыру, оларды еңбекке баулу және отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Бұл акцияға, әр отбасы келіп 60 ағаш отырғызды және отырғызылған ағаштарға есімдері ілінді. Мектеп басшысы @shamova_arailym және әріптестеріміз мектеп ауласына 100 роза гүлін отырғызды. Акцияға атсалысқан
«Құстар біздің досымыз..» атты іс-шара
14
апрель
2023
«Құстар біздің досымыз..» атты іс-шара
«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында, кітапханашылардың ұйымдастыруымен ашық алаң Open Space-те «Құстар біздің досымыз..» атты іс-шара өтті. Атаулы іс-шараға 4 «А» сынып оқушылары қатысты. Сынып жетекшісі Жұмаділова Ләйләгүл Ыбырайқызы. Іс-шара барысында «Аққу», «Қарлығаш», «Көгершін» топтарына бөлінген оқушылар өз кезектерінде құстар туралы жұмбақ жарыстырып, мақал-мәтелдер айтты, құстар туралы өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.Ал, Серғазы Мирас, Иемберген Нұрислам, Райза Рамазан,
Шахмат олимпиадасы
13
апрель
2023
Шахмат олимпиадасы
Шахмат - балалар мен ересектерге арналған зейінді, интеллектті, логикалық ойлауды дамытатын танымал ойын. Мектебіміз де, 2-11 сынып оқушылары арасында Шахмат олимпиадасы өткізілді. Оқушылардың зейінін, сыни тұрғызынан және логикалық ойлау, шешім қабылдау, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық талдау, қабылдау және бағалау сияқты ақыл-ой қабілеттерін дамытатын ойын.